"Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Бухгалтерлiк есепке алу туралы " заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңының 2-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 3 ақпандағы
N 119 қаулысымен
бекiтiлген
Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап
халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес
жасалатын ұйымдарды анықтау ережесi
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "
Бухгалтерлiк есепке алу туралы
" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңының
2-бабын
iске асыру мақсатында әзiрлендi.
2. Осы Ереже Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрi - ХҚЕС) сәйкес жасалатын ұйымдарды анықтау тәртiбiн белгiлейдi.
3. Қаржылық есеп беруi 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС-қа сәйкес жасалатын ұйымдарға қызметiн реттеудi және қадағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын ұйымдар жатады.