Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
22-баптың 1-тармағында:
1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде" деген сөздерден кейінгі "және" деген шылау алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігінде" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті