Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлік бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын cубcидиялаудың 2003 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 6 ақпандағы
N 137 қаулысымен
бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткiзу жөнiнде
көрсетiлетiн қызметтердің құнын субсидиялаудың 2003 жылға
арналған ережесi
1. Осы Ереже 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 713 "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметкердiң құнын субсидиялау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне (бұдан әрi - Ауылшарминi) көзделген қаражаттың есебiнен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілергe (бұдан әрi - Су пайдаланушылар) cу жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялаудың тәртібi мен шарттарын айқындайды.
2. Субсидиялар бұл қызметтердi жүзеге асыратын кәсiпорындарға (бұдан әрi - Су берушiлер) су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын (шығындарын) iшiнара өтеуге (арзандатуға) арналады.
3. Субсидиялар Су берушiлерге Су пайдаланушыларға белгiленген суды пайдалану лимитi шегiнде арзандатылған құны бойынша бөлiнген жердегi нүктеге су жеткiзу жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметке және 2003 жылға арналған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi субсидиялауға көзделген қаражат мөлшерi ескеріле отырып, төленедi.
4. Жеткiзiлген 1 текше метр суға бөлiнетiн субсидияның мөлшерiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік орган бекiткен су беру жөнiндегi көрсетiлген қызметтер үшiн тарифтің 40 %-ы мөлшерiнде белгілейдi.
5. Субсидияланған (субсидия мөлшерiне кемiтiлген) тарифтер бойынша су жеткiзу Ауылшарминi аумақтық органы, Су беруші және Су пайдаланушы арасындағы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялар төлеудің тәртiбi және ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушiлерге су жеткiзу жөнiнде көрсетілетін
қызметтердiң құнын мемлекеттiк субсидиялаудың шарттары
6. Қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн суармалы жерлердi пайдаланумен байланысты Су пайдаланушыларға Су берушi су жеткiзудi субсидияланған тарифтер бойынша жүзеге асырады.
7. Субсидияланған тарифтер бойынша су алуға тiлек бiлдiрген Су пайдаланушылар Су берушiге мынадай құжаттарды ұсынады:
су пайдалануға өтiнiмдi;
жер пайдалану құқығына актіні (нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн).
8. Су берушi 20 наурызға дейiн алдағы суғару маусымына осы Ереженiң 3, 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес субсидияланған тарифтер бойынша су жеткiзуге Ауылшарминi облыстық аумақтық органымен және Су пайдаланушылармен шарттар жасасады. Егер Су пайдаланушылар вегетацияаралық (ылғалмен себезгiлеу және сумен шаю) суғаруын жүзеге асыратын болса, онда шарт бұл жұмыстарды орындау басталғанға дейiн жасалуы тиiс.
Шарт уақтылы ресiмделмеген жағдайда Су пайдаланушылар табиғи монополияларды peттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тариф бойынша толық құнын төлеуді жүзеге асырады.
9. Су беруші берiлетiн судың көлемiн, көрсетiлетiн қызметтердің құнын әрi су беру бойынша бекiтiлген тарифтi көрсетiп, субсидияланған тарифтер бойынша суғару үшiн су алатын Су пайдаланушылар тiзбесiн облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментiмен (басқармасымен) және Ауылшарминi облыстық аумақтық органымен келiседi және оны Комитетке ұсынады.
Комитет Су берушiге және Ауылшарминi облыстық аумақтық органына жiберiлетiн, көрсетiлген тiзбенi қарайды әрi бекiтедi.
10. Су берушi су жеткiзу жөнiнде көрсеткен қызметтерiне субсидия алу үшiн:
ай сайын төрт данада - Су берушiге, Су пайдаланушыға, Ауылшарминi облыстық аумақтық органына және Комитетке Су берушiнің Су пайдаланушыға су жеткiзу жөнiнде қызмет көрсету актiсiн ресiмдейдi;
төлем құжаттарының нөмiрлерi мен төлем жүргiзiлген күнiн белгiлеп, су жеткiзу жөнiндегi ақы төленетін қызметтер бойынша Су пайдаланушымен салыстыру актісін ұсынады.
Бұл актілер негiзiнде Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде субсидияланған тарифтер бойынша су жеткiзу жөнiнде көрсетiлген қызметтер көлемінің жиынтық тiзiлiмi жасалып, ол Ауылшарминi аудандық аумақтық органымен келiсiледi және Ауылшарминi облыстық аумақтық органына бекiтуге жiберiледi.
Ауылшарминi облыстық аумақтық органы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi және оларды бекiтедi.
11. Ауылшарминi облыстық аумақтық органы айдың есепті кезеңiнен кейiнгi 15-күнге ай сайын осы Ереженің 10-тармағына сәйкес жасалып, бекiтiлген жиынтық тiзiлiмдер мен актілердiң түпнұсқаларын Комитетке ұсынады.
Комитет ұсынылған құжаттарды тексередi және белгiленген тәртiппен есептi айдан кейiнгi 25-күнге дейiн республикалық бюджеттен қаражаттың түсуiне қарай субсидиялардың тиесiлi сомаларын Су берушiлердің есеп айырысу шоттарына аударады.
12. Комитеттiң бұйрығымен мыналар бекiтiледi: ұсынылатын үш жақты шарттың нысандары, субсидияланған тарифтер бойынша су тұтынуға өтiнiмдер, Су пайдаланушылардың тiзбесi, суғару суын қабылдау-берудiң ай сайынғы актiсi және Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде су жеткiзу жөнiндегi iс жүзiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тізiлiмі.