Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшe мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы
келiсiмдi бекiту туралы
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы келiсiм бекiтiлсiн.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІ
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы
КЕЛIСIМ
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай конвенциясының Тараптары болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар),
халықаралық бейбiтшiлiкті, қауiпсiздiктi және көршiлiк тату және достық қарым-қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға қатысты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып,
терроризм, сепаратизм және экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамдардың негiзгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына қауiп төндіретiндігін жете түсiнiп,
Тараптардың аумақтық, тұтастығын, қауiпсiздiгін және тұрақтылығын, оның iшiнде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестi ынтымақтастықты күшейту жолымен қамтамасыз ету мүдделерiнде өзара келiсiлген iс-әрекеттер қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып,
2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы декларацияға, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына (бұдан әрi - Конвенция) және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясына сүйене отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi ұғымдар мынаны бiлдiредi:
лауазымды адам - АТҚҚ-ның Атқарушы комитетiне жұмыс iстеу үшiн Тарап жiберген және тиiстi штаттық лауазымға Директор тағайындаған адам;
өкiл - жiберушi Тарап осы тұрғыда АТҚҚ-ның Кеңесiнде iс-әрекет ету мiндетiн жүктеген адам;
қызметкер - өкiлдiң қызметiмен байланысты функцияларды орындау үшiн Тарап жiберген адам;
үй-жайлар - нысанына және оларға меншiк құқығы тиесілігіне қарамастан осы ғимаратқа немесе ғимарат бөлiгiне қызмет көрсететiн жер учаскесiн қоса алғандағы ғимараттар немесе ғимарат бөлiктерi;
болатын мемлекетi - аумағында АТҚҚ-ның Штаб-пәтерi немесе бөлiмшесi орналасқан Тарап.
2-бап
Тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрi - ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымын (бұдан әрi - АТҚҚ) құрады.
АТҚҚ-ның Штаб-пәтерi Қырғызстан Республикасының Бiшкек қаласында орналасатын болады.
Қажет болған жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесi Тараптардың аумақтарында АТҚҚ-ның бөлiмшелерiн құра алады.
АТҚҚ бөлiмшесiнiң және онда жұмыс iстейтiн адамдардың мәртебесi ШЫҰ мен олар болатын мемлекет үкiметiнiң арасында жасалған келiсiммен белгiленеді.
3-бап
АТҚҚ ШЫҰ-ның ұдайы iс әрекет жасайтын органы болып табылады және Конвенцияда белгiленуiне сәйкес Тараптардың терроризмге, сепаратизм және экстремизмге қарсы Күрес жүргiзуде құзыреттi органдарын үйлестiруге және олардың өзара iс әрекетiне көмек көрсетуге арналған.
4-бап
АТҚҚ-да заңды тұлғаның мәртебесi бар және ол осы ретте, атап айтқанда:
- шарттар жасасуға;
- жылжымалы және жылжымайтын мүлiк сатып алуға және оларды иемденуге;
- кез келген валютада банк есеп-шоттарын ашуға және жүргізуге;
- соттарда талаптар қозғауға және сот қарауларына қатысуға құқылы.
Осы бапта қарастырылған құқықтарды АТҚҚ-ның атынан АТҚҚ Атқарушы комитетiнiң Директоры (бұдан әрi - Директор) жүзеге асырады.
5-бап
АТҚҚ-ның қызметiн қаржыландыру ШЫҰ-ның бюджетiндегi қаражат есебiнен жүзеге асырылады. АТҚҚ-ны қаржыландыру тәртiбi ШЫҰ бюджетiнiң мәселелерiн реттейтiн құжаттармен белгiленедi.
6-бап
АТҚҚ-ның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
1) ШЫҰ-ның тиiстi құрылымдары үшiн, сондай-ақ Тараптардың сұраулары бойынша терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жүргiзудегi ынтымақтастықты дамыту туралы ұсыныстар мен нұсқамалар әзiрлеу;
2) терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресте Тараптардың бiреуiнiң сұрауы бойынша, оның iшiнде Конвенция ережелерiне сәйкес Тараптардың құзiреттi органдарына көмек көрсету;
3) терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес мәселелерi бойынша АТҚҚ-ға Тараптардан келiп түскен ақпараттарды жинау және талдау;
4) АТҚҚ-ның деректер банкiн құру, атап айтқанда:
- халықаралық террористiк, сепаратистiк және өзге де экстремистік ұйымдар, олардың құрылымдары, серкелерi мен қатысушылары, басқа да оларға қатысы бар адамдар, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздерi мен арналары;
- Тараптардың мүдделерiн қозғайтын терроризм, сепаратизм мен экстремизмнiң ахуалы, таралу динамикасы және үрдiсi;
- терроризмге, сепаратизмгe және экстремизмге қолдау көрсететін мемлекеттік емес ұйымдар мен адамдар туралы;
5) Тараптардың құзыретті органдарының сұрау салулары бойынша ақпарат беру;
6) мүдделi Тараптардың өтiнiшi бойынша антитеррористiк командалық-штабтық және жедел-тактикалық жаттығулар дайындауға және өткiзуге көмек көрсету;
7) Тараптардың өтiнiшi бойынша жедел-iздестiру және терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөнiндегi өзге де iс-шараларын дайындауға және өткiзуге көмек көрсету;
8) Конвенцияның 1-бабындағы 1-тармақта көрсетілген әрекеттердi жасаған деп болжанатын адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында халықаралық iздестiрудi жүзеге асыруға көмек көрсету;
9) терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес мәселелерiне қатысты халықаралық-құқықтық құжаттарды әзiрлеуге қатысу;
10) антитеррористік бөлiмшелер үшiн мамандар мен нұсқаушылар даярлауға көмек көрсету;
11) ғылымы-практикалық конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткiзуге қатысу, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес мәселелерi жөнiнде тәжiрибе алмасуға көмек көрсету;
12) терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен жұмыс байланысын орнату және нығайту.
7-бап
АТҚҚ өз қызметiнде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күреске қатысты ШЫҰ-ның шеңберiнде қабылданған құжаттар мен шешiмдерді басшылыққа алады.
АТҚҚ Тараптардың құзыретті органдарымен ақпарат алмасумен қатар өзара iс-әрекет етеді және ШЫҰ-ның басқа да органдарына сұрау салулары бойынша тиiстi материалдарды әзiрлейдi.
АТҚҚ деректер банкiн құру мен қолдану тәртiбi, сондай-ақ тиiсті ақпараттарды беруге, алмасуға, қолдануға және қорғауға қатысты мәселелер жекелеген келiсiмдермен реттеледi.
8-бап
Тараптар АТҚҚ-мен өзара iс-әрекеттерді жүзеге асыратын өзiнiң құзыретті органдарының тiзбесiн белгiлейдi.
Тараптар осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiндегі рәсiмдердi орындағаннан кейiн 30 күн iшiнде ол туралы депозитарийге жазбаша түрде хабарлайды.
Бiр Тараптың құзыреттi органдарының тiзбесiнде өзгерiстер болған жағдайда ол бұл жөнiнде депозитарийге жазбаша түрде хабарлайды.
9-бап
Осы Келiсiммен бекiтiлген АТҚҚ-ның Кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) және Атқарушы комитеті АТҚҚ-ның органдары болып табылады. Кеңес қажеттi көмекшi органдар құра алады.
10-бап
Кеңес осы Келiсiмнiң Тараптарынан құрылады.
Кеңес үзілiссiз жұмыс жасайтындай болып ұйымдастырылады. Осы мақсатта әрбiр Тарап АТҚҚ болатын жерде әрқашан (ұдайы) Кеңес арқылы танылуы тиiс.
Кеңес отырыстарға мерзiмдi жиналады, онда әрбiр Тарапты өз қалауларына қарай тиiстi құзыреттi органның жетекшiсi немесе қандай да бiр арнайы тағайындалған өкiл таныстырады.
Кеңес осы Келiсiмнiң 6-бабында көрсетiлген АТҚҚ-ның негізгi мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Кеңес осы Келiсiмде жазылған АТҚҚ-ның өкiлеттiктерiне сәйкес қаржы мәселелерiн қоса алғандағы барлық мiндеттi сипаттағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Кеңес жыл сайын ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер кеңесiне АТҚҚ-ның қызметi туралы баяндамалар ұсынады.
Егер бiрде бiр Тарап қарсылық білдiрмесе, Кеңесте кез келген мәселелер бойынша шешiм қабылданады.
Кеңес өзiнiң төрағасын сайлау тәртiбiне қоса рәсiмнiң өз ережелерiн белгiлейдi.
11-бап
Атқарушы комитет Директордан және АТҚҚ-ны қалыпты құруды қамтамасыз ету үшiн қажет болуы мүмкiн қызметкерлерден тұрады.
Директор Атқарушы комитеттің жоғары әкiмшiлiк лауазымды адамы болып табылады және осындай тұлға ретінде Кеңестiң барлық отырыстарында iс әрекет етедi, сондай-ақ осы орган оған жүктеген басқа да функцияларын орындайды.
Директор мен оның орынбасарын (орынбасарларын) Кеңестiң ұсынымы бойынша ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердiң Кеңесi тағайындайды.
Директорды немесе оның орынбасарын (орынбасарларын) ауыстыру тәртiбiн Кеңес белгiлейдi.
Директор АТҚҚ құзыретiнiң шеңберiнде, оның ойы бойынша, осы органның қарауы тиiс кез келген мәселелердi Кеңестiң назарына ұсынуға құқылы.
Директор Кеңестiң келiсiмi бойынша тиiстi Тараптардың ШЫҰ бюджетiне аударатын үлестiк жарналарын ескере отырып, Тараптар азаматтарының арасынан Атқарушы комитеттің лауазымды адамдарын тағайындайды және/немесе оларды Тараптар азаматтарының арасынан келiсiм-шарт арқылы қабылдайды.
Атқарушы комитеттiң құрылымын, сондай-ақ оның штаттық кестесiн Директордың Кеңес қолдаған ұсыныстары негізiнде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Үкiметтерi басшыларының Кеңесi бекiтедi.
Атқарушы комитеттің Директоры, оның орынбасары (орынбасарлары) және лауазымды адамдары өз мiндеттерiн орындау кезiнде билiк органдарына немесе Тараптардың ресми адамдарына, сондай-ақ ШЫҰ үшiн бөгде ұйымдарға немесе жеке адамдарға сұрау салмауы немесе олардан нұсқаулар алмауы тиiс.
Тараптар Атқарушы комитеттiң Директоры, оның орынбасары (орынбасарлары) және лауазымды адамдары мiндеттерiнiң халықаралық сипатын құрметтеуге және олар қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде бөгет жасамауға мiндеттенедi.
12-бап
АТҚҚ-ның Атқарушы комитеті Тараптардың өз ұлттық заңнамасында қарастырылған тәртіпке сәйкес АТҚҚ-ның Атқарушы комитетiнде жұмыс iстеу үшiн жiберген адамдарымен толықтырылады.
АТҚҚ-ның Атқарушы комитетi мен әкiмшілік-техникалық қызметкерлерi арасындағы еңбек қарым-қатынастары АТҚҚ болатын тиiсті мемлекеттiң заңнамасымен реттеледi.
13-бап
АТҚҚ-ның мүлiктерi мен активтерi кез келген әкiмшiлiк немесе соттық нысанда араласудан иммунитет арқылы қорғалады.
АТҚҚ-ның үй-жайлары мен көлiк құралдары, сондай-ақ оның мұрағаттары мен құжаттары, оның iшiнде қызметтiк хат-хабарлары олар орналасқан жерге қарамастан тiнтуге, реквизициялауға және тәркiлеуге немесе оның қалыпты қызметiне кедергi болатын кез келген араласуға жатпайды.
Тиiстi билiк органдарының және олар болатын мемлекет басқармасының өкiлдерi АТҚҚ-ның үй-жайларына кiре алмайды, тек Директордың немесе оның орнындағы адамның келiсiмi болған жағдайда және олар құптаған жағдайларда ғана кiре алады.
Орналасқан мемлекеттің тиiстi билiк және басқару органдарының шешiмi бойынша кез келген iс-әрекеттер Директордың немесе оның орнындағы адамның келiсiмiмен ғана АТҚҚ-ның үй-жайларында орындалуы мүмкiн.
Орналасқан мемлекет АТҚҚ-ның үй-жайларын кез келген баса көктеп кiруден немесе қирап-бүлiнуден қорғау үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
АТҚҚ-ның үй-жайлары кез келген Тараптың заңдары бойынша қудаланған немесе кез келген Тарапқа немесе үшiншi бiр мемлекетке беруге жататын адамдар үшiн баспана болмайды.
АТҚҚ үй-жайларының қол сұғылмаушылығы оларды ШЫҰ-ның функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн мақсаттарда пайдалануға құқық бермейдi.
АТҚҚ ақпарат берудiң құпиялылығын қамтамасыз ететiн шифрларды байланыстың курьерлiк және басқа да түрлерiн қолдануға құқылы. АТҚҚ дипломатиялық курьерлер мен вализдер сияқты иммунитеттер және жеңiлдіктер пайдаланатын курьерлер немесе вализдер арқылы хат-хабар алмасуға құқылы.
Қызметтiк хат-хабарларда олардың ерекшелiгiн көрсететiн сыртқы белгiлерi болуы керек және ресми түрде пайдалануға арналған қызметтiк құжаттар мен заттар ғана болуы мүмкiн.
Курьер оның мәртебесi және қызметтiк хат-хабарларды құрайтын орындар саны көрсетiлген ресми құжаттармен жабдықталуы тиiс.
14-бап
АТҚҚ нақты қызмет көрсету түрлерiне төлем жасау болып табылатындардан басқа орналасқан мемлекет аумағында салынатын барлық тура салықтардан, алымдардан, баждар мен басқа да төлемдерден босатылады.
АТҚҚ-ның ресми қолдануына арналған мүлiктер мен заттар Тараптар аумағында тасымалдауға, сақтауға арналған алымдардан, ол жерлерге белгiленбеген кедендiк ресiмдеулерден немесе тиiстi кеден органының және сол сияқты қызмет түрiнiң жұмыстан тыс уақытында болуын қоспағанда осындай алымдармен және төлемдермен байланысты кедендiк баждан, салықтардан халықаралық ұйымдар үшiн қарастырылған тәртіппен босатылады.
15-бап
ШЫҰ мемлекеттерi басшыларының Кеңесi ШҰЫ-ның атынан АТҚҚ-ға берiлген жеңілдіктер мен иммунитеттерден ашық түрде бас тарта алады.
16-бап
1. Директор, оның орынбасары (орынбасарлары), өкiлдер, қызметкерлер, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер осы Келiсiммен өзгедей белгiленбеген болса, Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясында көзделген жеңілдiктер мен иммунитеттердi, пайдаланады.
2. Лауазымды адамдар мен олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерi өз мәртебесi бойынша дипломатиялық персоналға және азаматтары болып табылатын немесе сол жерде тұрақты тұратын Тараптар елшiлiктерi дипломатиялық персоналының отбасы мүшелерiне теңестiрiледi.
3. Директор Кеңестiң келiсiмiмен егер оның ойынша, лауазымды адамның иммунитетi сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiндей және иммунитеттен бас тарту оған пайдалануға берiлген мақсатқа нұқсан келтiрмейтiн болған жағдайда, лауазымды адамның иммунитетiнен бас тарта алады.
Директордың, оның орынбасарының (орынбасарларының) иммунитетiнен бас тарту туралы шешiмдi Кеңес қабылдайды.
Иммунитеттен бас тарту айқын белгіленуi тиiс.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтары ШЫҰ-ның және оның органдарының жеңiлдiктерi мен иммунитеттерi туралы мәселелердi реттейтiн жеке шарт күшіне енген күнге дейiн қолданыста болады, онда АТҚҚ-ның, Директордың, оның орынбасарының (орынбасарларының), лауазымды адамдардың, өкiлдердiң, қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеңiлдiктерi мен иммунитеттерi де белгiленедi.
17-бап
Директор, оның орынбасары (орынбасарлары) мен лауазымды адамдары АТҚҚ-дағы жұмыс аяқталғаннан кейiн оларды жiберген Тараптардың өкiмiмен басқа жұмысқа ауыстырылады.
18-бап
Осы Келiсiмге сәйкес жеңiлдiктер мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық адамдар өз жеңілдiктерiне және иммунитеттерiне залал келтiрместен болатын мемлекетiнiң заңнамасын құрметтеуге мiндеттi. Олар сонымен қатар осы мемлекеттiк iшкi iстерiне араласпауға мiндетті.
19-бап
Тараптар АТҚҚ-ның ресми құжаттарын, мөрлерi мен мөртаңбаларын таниды.
20-бап
Директордың, оның орынбасарының (орынбасарларының), лауазымды адамның, өкілдiң, қызметкердiң, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң еңбек сiңiрген жылдарын ескеру, зейнетақымен қамтамасыз ету жiберушi Тараптың заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттармен жүзеге асырылады.
Директорға, оның орынбасарына (орынбасарларына), лауазымды адамға, өкiлге, қызметкерге, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне медициналық және санаторлық-спорттық қызмет көрсету тәртібі ШЫҰ мен болатын мемлекет Үкiметiнiң арасындағы келiсiм арқылы белгiленедi.
Директор, оның орынбасары (орынбасарлары), лауазымды адам, өкiл, қызметкер, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерi Тараптар аумағында коммуналдық-тұрмыстық, медициналық, қонақ үй, көлiк және басқа да қызмет көрсетулерге ақы төлеу мәселелерi бойынша болатын мемлекеттiң азаматтарына тиесiлi құқықтарды пайдаланады.
21-бап
АТҚҚ-ның ресми тiлi орыс және қытай тiлдерi, жұмыс тiлi - орыс тiлi болып табылады.
22-бап
Осы Келiсiмнiң мәтiнiне барлық Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
23-бап
Осы Келiсiм Тараптардың құқықтарын шектемейдi, Тараптар осы Келiсiмнiң құралы болып табылатын мәселелер бойынша және оның мақсаттары мен объектiлерiне қайшы келмейтiн, сондай-ақ Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайтын, олар өздерi қатысушылар болып табылатын өзге де халықаралық келiсiмдерден туындайтын басқа да халықаралық шарттар жасасады.
24-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын даулы мәселелер мүдделi Тараптар арасындағы кеңесулер мен келiссөздер арқылы шешiледi.
25-бап
Осы Келiсiмнiң депозитарийi Қытай Халық Республикасы болып табылады. Осы Келiсiмнiң ресми көшiрмелерiн оған қол қойылған күннен бастап 15 күн iшiнде депозитарий басқа Тараптарға жiбередi.
26-бап
Осы Келiсiм бекiтуге жатады және төртіншi бекiту грамотасын сақтауға тапсырған күннен бастап 30 күннен кейiн күшiне енедi.
Осы Келiсiм Конвенцияға қатысушылар болып табылатын мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Қосылған мемлекет үшiн осы Келiсiм депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күннен кейiн күшiне енедi.
Кез келген Тарап осы Келiсiмнен шығуды ол туралы болжамалы шығатын күнiне дейiн 12 ай қалғанда депозитарийге жазбаша хабарлама жiбергеннен кейiн соң шыға алады. Депозитарий шығу туралы хабарламаны алғаннан кейiнгі 30 күн iшiнде бұл ниетi туралы басқа Тараптарға хабарлайды.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында орыс және қытай тілдеріндегі түпнұсқалы бір данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы Үшін
Өзбекстан Республикасы үшін