Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне өзгерiс енгiзу туралы (Жалпы бөлiм)" Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының
ЗАҢЫ
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне
өзгеріс енгiзу туралы (Жалпы бөлiм)"
1-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiне
(Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша): 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат, N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
85-баптың 4-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған акционерлiк қоғамдардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi