Астана қаласын сумен жабдықтау және кәріздеу жобасын қаржыландыру үшін Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің қарызын тарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 228 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Белгіленген тәртіппен Астана қаласын сумен жабдықтау және кәріздеу жобасын (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру үшін сомасы 21 361 000 000 (жиырма бір миллиард үш жүз алпыс бір миллион) жапон иенінде келісім (шарт) жасасу нысанында Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің қарызын тарту жолымен үкіметтік қарыз алу жүзеге асырылсын.

      2. Жапониядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Тілеухан Самарқанұлы Қабдрахмановқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Кредит берушімен қарыз туралы келісім жасасуға уәкілеттік берілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты түпкі қарыз алушыға - Астана қаласының әкіміне үкіметтік сыртқы қарыз туралы келісімге (шартқа) сәйкес келетін шарттарда Астана қаласының жергілікті бюджетіне республикалық бюджеттен кредит беру жолымен және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу шеңберінде беріледі деп белгілесін.

      4. Астана қаласының Әкімдігі:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп айлық мерзімде қарызды өтеу мен қызмет көрсету және қарыз қаражатының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы тиісті келісім жасассын;
      тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте қарызды өтеу және оған қызмет көрсету үшін тиісті қаражат көздесін;
      жобаны іске асыруды қоса қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді көздесін;
      тартылатын қарыз қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О привлечении займа Японского Банка Международного Сотрудничества для финансирования проекта водоснабжения и канализации города Астаны

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 228

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Осуществить в установленном законодательством порядке правительственное заимствование путем привлечения займа Японского Банка Международного Сотрудничества (далее - Кредитор) в форме заключения соглашения (договора) о займе на сумму 21 361 000 000 (двадцать один миллиард триста шестьдесят один миллион) японских йен для финансирования проекта водоснабжения и канализации города Астаны (далее - проект).

      2. Уполномочить Кабдрахманова Тлеухана Самархановича - Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Японии - заключить от имени Правительства Республики Казахстан соглашение о займе с Кредитором.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить обслуживание и погашение привлекаемого займа за счет средств, предусмотренных в Законе Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий год.

      4. Акимату г. Астаны:
      предусмотреть выделение средств из местного бюджета для софинансирования реализации проекта;
      обеспечить целевое и эффективное использование средств привлекаемого займа.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Павлова А.С.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан