Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 250 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1017 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және олардың қоныстандыру орындарында бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасқан түрде қоныс аударуын жүзеге асырсын;
      2) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен бірлесіп:
      1) дипломатиялық арналар арқылы тиісті мемлекеттердің үкіметтеріне оралмандардың шығуы мен транзиттік жүріп өтуі және шығатын мемлекеттердің шекаралары арқылы өтуі кезінде оларға жәрдем көрсету мәселелері жөнінде өтініш жасасын;
      2) шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзінің тарихи отанына оралуға тілек білдірген отандастарымыздың азаматтық және мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді пысықтасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) қажет болған кезде, шет мемлекеттерден келетін оралмандарды шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражат шегінде уақытша бақылау-өткізу пункттерін ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2003 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан жүріп өтетін жолда және қоныстандыру орындарында оралмандардың жеке басының және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2004 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы туралы есепті табыс етсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года N 1017 "О квоте иммиграции оралманов на 2003 год"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2003 года N 250

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года N 1017 "О квоте иммиграции оралманов на 2003 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Агентству Республики Казахстан по миграции и демографии, акимам областей, городов Астаны и Алматы:
      1) обеспечить в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете на 2003 год, прием, обустройство включенных в квоту иммиграции оралманов и условия для их адаптации в местах расселения, а также осуществить организованное переселение лиц казахской национальности, которые не могут вернуться на свою историческую родину без финансовой поддержки государства;
      2) в недельный срок разработать и внести в установленном законодательством Республики Казахстан порядке в Правительство Республики Казахстан схему размещения оралманов с учетом социально-экономической ситуации в регионах.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан совместно с Агентством Республики Казахстан по миграции и демографии:
      1) обратиться по дипломатическим каналам к правительствам соответствующих государств по вопросам выезда и транзитного проезда оралманов и оказания им содействия при переезде через границы государств выезда;
      2) проработать с соответствующими органами иностранных государств вопросы, связанные с защитой гражданских и имущественных прав соотечественников, изъявивших желание возвратиться на историческую родину.

      3. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) при необходимости, в пределах средств, предусмотренных на его содержание в республиканском бюджете на 2003 год, организовать временные контрольно-пропускные пункты для осуществления пограничного контроля прибывающих оралманов из иностранных государств.

      4. Министерству внутренних дел Республики Казахстан в пределах средств, предусмотренных на его содержание в республиканском бюджете на 2003 год, обеспечить личную и имущественную безопасность оралманов в пути следования по территории Республики Казахстан и местах расселения.

      5. Агентству Республики Казахстан по миграции и демографии совместно с заинтересованными центральными исполнительными органами представить в Правительство Республики Казахстан в срок до 1 февраля 2004 года отчет о выполнении настоящего постановления.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан