Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қоса берiлiп отырған мынадай қосымша келiсiмдердiң жобалары мақұлдансын:
1) Қазақстан Республикасы мен "Испат-Қармет" ААҚ және басқа да тараптардың арасындағы 1995 жылғы 17 қарашадағы Қарағанды металлургия комбинатын сатып алу-сату шартына;
2) "Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын инвесторды мемлекеттiк қолдау және оған ынталандыру шараларын беру туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы келiсiм-шартқа.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасы мен "Испат-Қармет" ААҚ және басқа да тараптардың арасындағы 1995 жылғы 17 қарашадағы Қарағанды металлургия комбинатын сатып алу-сату шартына және "Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын инвесторды мемлекеттiк қолдау және оған ынталандыру шараларын беру туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы қосымша келiсiмдерге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
"Қазақстан Республикасы экономикасының басым
секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын
инвесторды мемлекеттiк қолдау және ынталандыру шараларын
ұсыну туралы" 2001 жылғы 26 желтоқсандағы келiсiм-шартқа
ҚОСЫМША КЕЛIСIМ
Астана қ. 2003 жылғы 17 наурыз
Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi мен "Испат-Қармет" ашық акционерлiк қоғамы арасында жасалған "Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын инвесторды мемлекеттiк қолдау және ынталандыру шараларын ұсыну туралы" 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 0322-12-2001 келiсiм-шартқа (бұдан әрi - Келiсiм-шарт) Қосымша келiсiм:
бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен "Испат-Қармет" ашық акционерлiк қоғамы арасындағы "Испат-Қармет" ашық акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметiне байланысты мәселелер бойынша қосымша келiсiм-шарттар жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 17 наурыздағы N 257 қаулысына сәйкес әрекет ететiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов және
2) "Испат-Қармет" ашық акционерлiк қоғамының атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн бас директоры Н.К.Чоудхари арасында жасалды.
Тараптар мыналар жөнiнде келiстi:
1. Келiсiм-шарттың 9-тармағында айтылған шарттарды ескере отырып, Келiсiм-шарт күшiне енетiн жылдың алдындағы үш жылда (1999, 2000, 2001) ең жоғары салық салынатын табыс 2000 жылы алынғаны белгiлендi. "Испат-Қармет" ашық акционерлiк қоғамының 2000 жылға арналған корпоративтiк табыс салығы бойынша берген, салық органы растаған декларациясына сәйкес салық салынатын табыс сомасы 13 670 000 000 (он үш миллиард алты жүз жетпiс миллион) теңгенi құрады.
2. Осыған байланысты "Испат-Қармет" ашық акционерлiк қоғамының салық салынатын табысының өсiмiн 2005 жылдан бастап алу болжанып отыр, инвестор 2005-2009 жылдар кезеңiнде жыл сайын 4 100 000 000 (төрт миллиард бiр жүз миллион) теңге мөлшерiнде корпоративтiк табыс салығын төлейдi.
Осы Қосымша келiсiм "Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын инвесторды мемлекеттiк қолдау және ынталандыру шараларын ұсыну туралы" 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 0322-12-2001 келiсiм-шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Испат-Қармет" ашық
Yкiметi атынан: акционерлiк қоғамынан:
Қазақстан Республикасы Бас директор
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы мен "Испат-Қармет" ААҚ және
басқа тараптардың арасындағы Қарағанды металлургия
комбинатын сатып алу-сату туралы 1995 жылғы
17 қарашадағы шартқа
ҚОСЫМША КЕЛIСIМ
Астана қ. 2003 жылғы 17 наурыз
Тараптар мыналар туралы келiстi:
Салық-салу жөнiндегi мәселелердi, сондай-ақ нарық бағасының деңгейiне сәйкес тiркелген активтердi қайта бағалауды жүргiзуге арналған құқықты қоса алғанда, Сатып алу-сату шартына сәйкес "ең көп қолайлыландыру режимi" "Испат-Қармет" ААҚ-қа (бұдан әрi - Инвестор) расталсын.
Қайта бағалауды жүргiзудiң Инвесторға қажеттi екенiн және Инвестордың жоспарланған инвестициялық бағдарламаны iске асыруы корпорациялық табыс салығының түсiм көлемiн едәуiр төмендетуге әкеп соғатынын ескере отырып, тараптар уағдаласты:
Yкiмет пен Инвестор оның қаржылық нәтижесiне қарамастан, 2002 жылы 2 300 000 000 (eкi миллиард үш жүз миллион) теңге мөлшерде, 2003-2004 жылдары жыл сайын 2 500 000 000 (екi миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерде корпорациялық табыс салығын төлеу жөнiндегi Инвестордың алдын ала келiсiлген мiндеттемелерiн тiркейдi.
Yкiмет пен Инвестор 2005-2009 жылдар кезеңiне 13 670 000 000 (он үш миллиард алты жүз жетпiс миллион) теңге мөлшерiндегi Инвестордың алдын-ала келiсiлген жыл сайынғы салық салынатын табыс мөлшерiн және тиiсiнше 4 100 000 000 (төрт миллиард бiр жүз миллион) теңге мөлшерiнде корпорациялық табыс салығын төлеу жөнiндегi жыл сайынғы мiндеттемелерiн тiркейдi. Салық салынатын табыстың жоғарыда көрсетiлген сомасынан асып түсетiн табыс инвестициялық Келiсiм-шартқа сәйкес корпорациялық табыс салығын салудан босатылады.
2005-2009 жылдар кезеңiнде Инвестор салық заңнамасына сәйкес қайта бағаланған тiркелген активтердiң құнын ескере отырып есептелген амортизациялық аударымдардың ең жоғарғы нормасын қолдануы және өткен кезеңдерде алынған шығындарды көтеруi мүмкін.
Осы уағдаластықтыққа қол жеткiзу үшiн осы Қосымша келiсiм Қазақстан Республикасы мен "Испат Қармет" ААҚ және басқа тараптар арасындағы Қарағанды металлургия комбинатын сатып алу-сату туралы 1995 жылғы 17 қарашадағы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРҒA АЙҒАҚ РЕТIНДЕ:
Қазақстан Республикасы "Испат-Қармет" ААҚ үшiн:
Yкiметiнiң атынан:
Қазақстан Республикасы Бас директор
Премьер-Министрiнiң
орынбасары