Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 265 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнің        
2003 жылғы 18 наурыздағы 
N 265 қаулысымен    
бекiтiлген       

Автомобиль жолдарын
мемлекеттiк есепке алу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу ережесi "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердің көшелерiн мемлекеттік есепке алу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - автомобиль жолдары).

      2. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу - автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрi - жол органы) автомобиль жолдарын паспорттау негiзiнде деректер банкiн құру;
      автомобиль жолдарының паспорты - жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректерiн қамтыған техникалық құжат;
      жолдарды техникалық есепке алу - автомобиль жолдарының паспортын жасау үшiн автомобиль жолдарына техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректер жинағы.

      3. Барлық автомобиль жолдары мемлекеттік есепке алуға жатады.

2. Мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбi

      4. Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу мақсатында жол органы жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзедi, деректер банкiнiң құрылуы негiзiнде автомобиль жолдарының паспорты қалыптасады.

      5. Жолдарды техникалық есепке алу мынадай кезеңдердi көздейдi:
      1) дайындық;
      2) далалық;
      3) камералдық жұмыстар.

      6. Дайындық жұмыстары кезiнде жол органдары бағдарлама жасайды, онда жұмыстардың көлемi, еңбек және көлiк шығындары, жұмыстардың орындалу мерзiмi анықталады.

      7. Дала жұмыстары кезiнде жолға (объектiге) қатысты жолдың сипаттамасы және параметрi туралы деректер жинау орындалады.

      8. Камералдық жұмыстар кезінде дала жұмыстарын өңдеу және техникалық құжаттарға жол органы белгiлейтiн сипаттамасы мен параметрi туралы деректер енгiзудi жүргізедi.

      9. Мемлекеттiк есепке алу республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүргiзiледi.

      10. Техникалық есепке алуды және паспорттауды жүргiзуге жол органы жасайтын мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген шарттар бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа да мамандандырылған ұйымдар тартылады.

      11. Жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн техникалық есепке алу дала жұмыстарын орындаусыз қолдағы жобалық немесе орындаушылық құжаттама негізінде жүргiзуге жiберiледi.

      12. Жаңадан салынған, қайта жаңартылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын техникалық есепке алу мемлекеттік қабылдау комиссиясының актiлерi бекітiлгеннен кейiн алты айдан кешiктiрілмей жүргiзiледi.

      13. Жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде
алынған автомобиль жолдарының техникалық және пaйдалану сипаттамасы туралы деректер негiзiнде жол органы бекiтетiн автомобиль жолдарының паспорты, нысаны қалыптасады.

      14. Автомобиль жолдарының паспортына, және деректер банкiне, жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша өзгерiстер енгiзiледi.

Об утверждении Правил государственного учета автомобильных дорог

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2003 года N 265. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 623

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 623 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 316.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах" от 17 июля 2001 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила государственного учета автомобильных дорог.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены            
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 18 марта 2003 года N 265    

Правила
государственного учета
автомобильных дорог

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила государственного учета автомобильных дорог разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах", устанавливают порядок государственного учета автомобильных дорог общего пользования, хозяйственных автомобильных дорог, улиц, городов и населенных пунктов (далее - автомобильные дороги).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие основные понятия:
      государственный учет автомобильных дорог - составление банка данных уполномоченным органом в области автомобильных дорог (далее - дорожный орган) на основе паспортов автомобильных дорог;
      паспорт автомобильной дороги - технический документ, содержащий данные о технических и эксплуатационных характеристиках автомобильной дороги, полученные в результате проведения технического учета дорог;
      технический учет дорог - сбор данных о технических и эксплуатационных характеристиках автомобильной дороги для составления паспорта автомобильной дороги.

      3. Государственному учету подлежат все автомобильные дороги.

2. Порядок проведения государственного учета

      4. С целью проведения государственного учета автомобильных дорог дорожным органом проводится технический учет дорог, формируются паспорта автомобильных дорог, на основе которых создается банк данных.

      5. Технический учет дорог предусматривает следующие этапы:
      1) подготовительные;
      2) полевые;
      3) камеральные работы.

      6. При подготовительных работах дорожным органом составляется программа, в которой определяются объемы работ, трудовые и транспортные затраты, сроки выполнения работ.

      7. При полевых работах выполняется сбор данных о характеристиках и параметрах дороги непосредственно на дороге (объекте).

      8. При камеральных работах производится обработка полевых работ и внесение данных о характеристиках и параметрах дороги в технические документы, определяемые дорожным органом.

      9. Государственный учет проводится в рамках средств предусмотренных республиканским бюджетом.

      10. К проведению технического учета и паспортизации привлекают научно-исследовательские, проектно-изыскательские и другие специализированные организации по договорам, заключаемым дорожным органом в установленном законодательством о государственных закупках.

      11. Допускается проведение технического учета вновь построенных, реконструированных и введенных в эксплуатацию автомобильных дорог или их участков на основании имеющейся проектной или исполнительной документации без выполнения полевых работ.

      12. Технический учет вновь построенных, реконструированных и введенных в эксплуатацию автомобильных дорог проводят не позднее, чем через шесть месяцев после утверждения государственной комиссией актов приемки.

      13. На основании данных о технических и эксплуатационных характеристиках автомобильной дороги, полученных в результате проведения технического учета дорог, формируются паспорта автомобильных дорог, форма которых утверждается дорожным органом.

      14. В паспорта автомобильных дорог и банк данных ежегодно вносятся изменения по состоянию на 1 января каждого года.