Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат, 2002 ж., N 4, 30-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшiн пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
4-2) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
4-3) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшiн республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша таратады;";
2) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
"8-1-бап. Карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтердiң (улы химикаттардың) қоры
1. Карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтердiң (улы химикаттардың) қоры дегенiмiз ұдайы жаңартылып отыратын пестицидтердiң (улы химикаттардың) белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) қоры карантиндiк объектiлердiң анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналған.
3. Қор республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердiң (улы химикаттардың) көлемiнен қалыптастырылады.";
3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Уәкiлеттi органды, оның шекаралық пункттерi және шекарадағы бекеттерi бар аумақтық органдарын және мемлекеттiк карантиндiк мекемелердi қаржыландыру
Уәкiлеттi орган, оның шекаралық пункттерi және шекарадағы бекеттерi бар аумақтық органдары және мемлекеттiк карантиндiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.".
Қазақстан Республикасының
Президентi