Халыққа табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда жедел көмек көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне мынадай:
06.04.1978 жылы шығарылған зауыттық N 93016, борт N 30 МИ-8 МТ;
15.05.1978 жылы шығарылған зауыттық N 93030, борт N 45 МИ-8 МТ тiкұшақтарды берсiн.
2. Tікұшақтарды пайдалануға байланысты iс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегінде және есебiнен жүргiзiлiлетiн болып белгіленсін.
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің МИ-8 тікұшақтарын кейбiр жергiлiкті атқарушы органдардың пайдалануына беру туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы N 1323 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
кейбiр жергілікті атқарушы органдардың пайдалануына берілетін МИ-8 тiкұшақтарының тiзбесiнен реттік нөмiрлерi 1 және 3-жолдары алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі