Еңбекшiлер демалысы үшiн қолайлы жағдай жасау және 2003 жылғы мамырда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Демалыс күнi 2003 жылғы 4 мамыр жексенбiден 2003 жылғы 2 мамыр жұма күнiне ауыстырылсын.
2. Қаржылығын қоса алғанда, қажеттi өнiм өндiру, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосу үшiн еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келiсiм бойынша 2003 жылғы 2 мамырда жұмыc жүргiзу құқығы берілсiн.
Көрсетiлген күнi жұмыс iстегендерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтемақы төленеді.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі