Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есептi бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есептi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есеп бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi 2003 жылғы _______ дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есеп және сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы
N Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы
есеп
2003 жыл
1-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсімдері және оны пайдалану туралы
есеп
___________________________________________________________________
Р/с| | Сомасы
N | |(мың теңге)
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
1. Қордың есептi кезеңнiң басындағы ақшалай
қаражаты
БАРЛЫҒЫ: 189807669*
2. Түсімдер БАРЛЫҒЫ: 109547274
Оның iшiнде:
заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк 35075692
табыс салығы: 172216
қосылған құн салығы -
үстеме пайдаға салынатын салық -
бонустар 1107450
роялтилер
жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi 3425755
бөлу жөнiндегі
Қазақстан Республикасының үлесi 12636305
ресми трансферттер 8074548
Қорды басқарудан алынатын инвестициялық
кiрiстер
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым 49055308
3. Пайдаланылуы БАРЛЫҒЫ: 244287
Оның iшінде:
Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi
жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу 244287
4. Қордың есептi кезеңнiң аяғындағы қаражаты
БАРЛЫҒЫ: 299110656**
___________________________________________________________________
*443244 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
**166152 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
2-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімді басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қызметі туралы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімді
басқару нәтижелері туралы есеп
___________________________________________________________________
Р/с | | Сомасы
N | |(мың теңге)
___________________________________________________________________
1. Қор активтерінің есептi кезеңнiң басындағы
рыноктық құны: 187221885
2. Қордың операциялары бойынша кiрістер: 11964571
2.1. бағалы қағаздардың және басқа да қаржы
құралдарының ағымдағы құнының өзгеруiнен
алынатын кiрiстер -
2.2. бағалы қағаздарды және басқа да қаржы
құралдарын сатып алу-сатудан алынатын кірістер 3472384
2.3. акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістер -
2.4. сыйақы түріндегі кірістер 55412
2.5. валюталық бағамның өзгеруi нәтижесінде
туындаған оң бағамдық айырма 8436775
2.6. сыртқы басқаруға берiлген активтер бойынша
кірістер -
3. Қорды басқару жөніндегі шығыстар: 3890023
3.1. бағалы қағаздардың және басқа да қаржы
құралдарының ағымдағы құнының өзгеруiнен
болатын шығыстар 3890023
3.2. бағалы қағаздарды және басқа да қаржы
құралдарын сатып алу-сатудан болатын шығыстар -
3.3. валюталық бағамның өзгеруi нәтижесінде
туындаған теріс бағамдық айырма -
4. Қор активтерiнің есептi кезеңінің аяғындағы
рыноктық құны: 299110266
___________________________________________________________________
*есептi кезеңнiң басына 2585724 мың теңге мөлшерiндегi Қордың ағымдағы шотында теңгемен айырбасталмаған қалдық сомасы енгiзiлмеген
**166152 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
3-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қop) ақшалай қаражаты 2002 жылғы 1 қаңтарға 189807669 мың теңгенi құрады.
Қорға түскен түсiмдердiң негiзгi үлесi 2002 жылы Yкiметтiң арнайы шотынан алынатын валюталық қаражат есебiнен қалыптасты, олардың сомасы 321222875,00 АҚШ долларын (49055308 мың теңге) құрады. Бұдан басқа, 2002 жылы Қордың шотына ұлттық валютада 54418487 мың теңге түстi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың шотына шетел валютасында есептелген теңгенi АҚШ долларына айырбастауды кезең-кезеңмен жүргiзiп отырды.
2002 жылдың iшiнде Қорға қаражат есептеу тәртiбi өзгерген "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына өзгерiстер енгізiлдi. Қордың түсiмдерi және оларды пайдалану туралы есеп бүгiнгi таңда қолданылып жүрген заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлер ескерiле отырып қалыптасты.
Шикiзат секторы ұйымдарынан мемлекеттiк бюджетке түсетiн
түсiмдер және Қорға 2002 жылғы түсетiн аударымдар
(мың теңге)
___________________________________________________________________
| 2002 | Кассалық атқару
Атауы | жылғы |_____________________________
| жоспар |Барлығы| оның ішінде
| | |______________________
| | |Бюджетке | Ұлттық
| | |есептел. | қорға
| | | генi |аударылғаны
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
Шикiзат секторы ұйымдары- 83882542 81145883 72718477 8427406
заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы
Шикiзат секторының ұйымдары 1141100 -857172 -902126 44954
резидент заңды тұлғалардан
алатын, төлем көзiнен
ұсталатын корпоративтiк
табыс салығы
Шикiзат секторының ұйымдары 5821684 33941328 5638248 28303080
резидент емес заңды
тұлғалардан алатын, төлем
көзiнен ұсталатын
корпоративтiк табыс салығы
Шикiзат секторының ұйымдары. 323959 495654 280329 215325
нан өндiрiлген шикiзат
тауарларына, көрсетiлген
қызметтерге қосылған салығы
Шикiзат секторы ұйымдарынан 46362 0 0 0
алынатын бонустар
Шикiзат секторы ұйымдарынан 46362 0 0 0
алынатын бонустар
Шикiзат секторы ұйымдарынан 32996514 27865935 26500273 1365662
алынатын роялтилер
Жасалған келiсiмшарттар 2150885 5576640 2120885 3425755
бойынша шикiзат секторы
ұйымдарынан алынатын
өнiмдердi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының
үлесi
Мемлекеттiк бюджет бойынша
жиыны 126363046 148168268 106386086 41782182
___________________________________________________________________
* заңдарға сәйкес келтiру үшiн аударылған 2001069 мың теңгенi Қорға өндiрiп алуға арналған түсiмдердi ескере отырып
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 3аңымен шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң 2002 жылға арналған түсiмдердiң жылдық көлемi 126363046 мың теңге сомасында, соның iшiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне 126147957 мың теңге және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне 215089 мың теңге бекiтiлдi. 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан iс жүзiнде 148168268 мың теңге түстi, оның iшiнде республикалық бюджетке 106170997 мың теңге және жергiлiктi бюджеттерге 215089 мың теңге есепке алынды. Нәтижесiнде шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түскен түсiмдердiң сомасы 41782182 мың теңгенi құрады. Мемлекеттiк бюджеттен 12636305 мың теңге (республикалық бюджеттен - 12614796 мың теңге және жергiлiктi бюджеттен 21509 мың теңге) ресми трансферттер берiлдi.
Қордың ақшалай қаражаты 2003 жылғы 1 қаңтарға - 299110656 мың теңгенi құрады.
Салықтардың түрлерi бойынша Қорға түсетiн қаражат түсiмдерiнiң құрылымы тұтастай алғанда 2002 жыл үшiн мынадай көрсеткiштермен сипатталады:
___________________________________________________________________
Салық төлемдерiнiң түрлерi | Сомасы | Жалпы
| (мың теңге) | көлемдегі
| | үлес (%)
___________________________________________________________________
Заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 8427406 20,17
Резидент заңды тұлғалардан алынатын,
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк
табыс салығы 44954 0,11
Резидент емес заңды тұлғалардан
алынатын, төлем көзiнен ұсталатын
корпоративтiк табыс салығы 28303080 67,74
Заңды тұлғалардан алынатын табыс
салығының барлығы 36775440 88,02
Қосылған салығы 215325 0,51
Роялтилер 1365662 3,27
Шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын 3425755 8,20
өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының үлесi
БАРЛЫҒЫ: 41782182 100,0
___________________________________________________________________
Шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн түсiмдерде негiзгi бөлiктi - 67,74%-iн резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы, одан кейiн үлесi түсiмдердiң жалпы сомасының 20,17%-iн құрайтын заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы және 3425755 мың теңге сомасындағы өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi немесе түсiмдердiң жалпы сомасының 8,20%-i. Роялтилер үлесi түсiмдердiң жалпы сомасының 3,27%-ін, қосылған құн салығы (бұдан әрi - ҚҚС) - 0,51%-iн және резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы - 0,11%-iн құрады.
Шикiзат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығының жоспары 83882542 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi, iс жүзiнде 81145883 мың теңге түстi, ол 96,7%-тi құрады. Қорға жоспардан тыс төлемдер түрiнде 8427406 мың теңге корпоративтiк табыс салығы аударылды. Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының шикiзат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы бойынша жоспар орындалған жоқ.
Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының жоспары 1141100 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi, iс жүзiндегi түсiм (-) 857172 мың теңгенi құрады. Қорға жоспардан тыс төлемдер түрiнде 44954 мың теңге резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы аударылды. Жоспардың орындалмауы 2001 жылғы декларацияның қорытындылары бойынша "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-тың резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығын қайтаруды жүргiзуiне байланысты.
Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының жоспары 5821684 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi, iс жүзiнде 33941328 мың теңгенi құрады, ол 583%-тi құрады. Қорға жоспардан тыс төлемдер түрiнде 28303080 мың теңге резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы аударылды.
ҚҚС жоспары 323959 мың теңге мөлшерiнде Ақтөбе облысы ("Дөң тау-кен байыту комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы) үшiн ғана бекiтiлдi, ҚҚС түсiмдерiнiң iс жүзiндегi көлемi 495654 мың теңгенi немесе 153,0%-тi құрады, оның iшiнде 215325 мың теңге Қорға есепке алынды.
Бонустар бойынша жоспар 46362 мың теңге мөлшерiнде Атырау облысы ("Қазақойл-Ембi" ашық акционерлiк қоғамы) үшiн ғана бекiтiлдi. Келiсiмшарт бойынша жоспарланған өндiру көлемiне қол жеткiзе алмау салдарынан iс жүзiнде түсiмдер болған жоқ.
Шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын роялтидiң жоспары 32996514 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi, iс жүзiнде 27865935 мың теңге түстi, ол 84,5%-тi құрады. Қорға жоспардан тыс төлемдер түрiнде 1365662 мың теңге роялти аударылды.
Жасалған келiсiмшарттар бойынша Қазақстан Республикасының үлесi түсiмдерiнiң жоспары Батыс Қазақстан облысы бойынша 2150885 мың теңге мөлшерiнде жеткiзiлдi. Төлемнiң осы түрi бойынша iс жүзiнде 5576640 мың теңге немесе 259,3% түсті. Қорға бюджетке төленетiн жоспардан тыс төлемдер түрiнде 3425755 мың теңге түстi.
2. Қордың шығыстары
Қордың есебiнен есептi кезеңде жалпы сомасы 244287 мың теңге Қорды басқаруға байланысты мынадай шығыстар жүргiзiлдi:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес Қорды басқарғаны үшiн сыйақы түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 97553 мың теңге аударылды;
2002 жылғы 9 айдағы кастодианның қызмет көрсетулерi үшiн 39139 мың теңге аударылды;
сыртқы басқарушыларға 83601 мың теңге комиссиялық сыйақы аударылды;
заң кеңесшiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн 2867 мың теңге аударылды;
сыртқы аудиттiң қызмет көрсетулерi үшiн 7177 мың теңге аударылды;
"Barra International, Ltd" компаниясының ақпараттық қызмет көрсетулерi үшiн 12129 мың теңге аударылды;
"Morgan Stanley Capital International" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшiн 1821 мың теңге төлендi;
Бұдан басқа, республикалық бюджетке бұрын қолданыстағы заңдар бойынша тоқсан сайынғы aударымдар кезiнде - 2001069 мың теңге аударылды, ол заңдардың өзгеруi нәтижесiнде 2002 жылы толық көлемде Қорға өтелдi.
2002 жылғы төртiншi тоқсанда жалпы сомасы 166152 мың теңге мынадай шығыстар есепке алынды және төлеуге ұсынылды: 23665 мың теңге сомасында Қорды сенiмдi басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне комиссиялық сыйақы; кастодианның қызмет көрсетулерiне - 20364 мың теңге; сыртқы басқарушыларға - 110789 мың теңге, Қордың 2002 жылғы қызметiнiң аудитi қызмет көрсетулерiне - 9834 мың теңге, заң кеңесшiсiнiң қызметi көрсетулерiне - 1055 мың теңге және "Securities Lending" қызмет көрсетулерi үшiн - 445 мың теңге.