Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң және онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы
рыногын мемлекеттiк реттеудiң және онда қалыптасып
отырған қатынастарды қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн
ұйымдастыру мәселелері жөнiнде өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат):
1) 105-баптың 2-тармағында "бюджеттiң" деген сөзден кейiн "немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнің (шығыстар сметасының)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 282-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi ", Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 331-баптың 4-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат):
1) 715-баптың 3-тармағының екiншi бөлігінде, 728-баптың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 824-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "талаптары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 825-баптың 1-тармағында:
2) тармақша "және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
4) 825-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлуi тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы баптың талаптарына сәйкес келуі тиiс.";
3-тармақ алынып тасталсын;
5) 830-баптың 2-тармағында:
"қатысушыларының" деген сөз "қатысушыларының, сақтандыру агентiнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қатысушысына" деген сөз "қатысушысына не сақтандыру агентіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қосарлас сақтандыру немесе қайта сақтандыру" деген сөздер "қайта сақтандыру шарттарымен немесе қосарлас сақтандыру қатынастарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 841-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi күшiне енгiзілген не уәкілеттi мемлекеттiк органның сақтандырушының ерiктi таратылуына рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енгiзiлгенде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.";
7) 842-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар бойынша жинақтаушы емес сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа тепе-тең бөлiгiн иемденуге құқығы бар.
Осы Кодекстің 841-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жағдай бойынша жинақтаушы сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушыдан алынған сақтандыру жарналары толық көлемде қайтарылады.
Сақтандырушы таратылған кезде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) қайтару сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгiне сәйкес жүзеге асырылады.".
3. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 158-1-баппен толықтырылсын:
"158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндеттерiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәліметтердi сақтау міндетін, ол кәсiби немесе қызметтік міндетіне байланысты мәлім болған адамның олардың иелерiнің келiсімінсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілерi болмаса,-
айлық есептiк көрсеткіштің елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"168-бап. Валюта заңдарының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне валюта заңдарына сәйкес табыс eтілуі талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты ұсынбауы, сондай-ақ әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшінде екi және одан да көп рет) дер кезiнде табыс етпеуi немесе табыс етуi, не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi,-
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы,-
заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшілік жаза қолданылғаннан кейін бiр жыл ішінде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
заңды тұлғаға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) мынадай мазмұндағы 168-2-баппен толықтырылсын:
"168-2-бап. Банк заңдарының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілеттi мемлекеттiк органға банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн мәлiметтер жоқ ақпаратты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) дер кезiнде табыс етпеуi сияқты не дұрыс емес мәлiметтер (ақпарат) табыс етуi,-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың оларға уәкілеттi мемлекеттiк орган шектеулi ықпал ету шаралары арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы,-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткіштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткiштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы,-
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткіштің бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не банк заңдарын бұза отырып, яғни олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелер жасауы, -
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгі не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi,-
заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру жөнiндегi заңдарда белгіленген талаптарды бұза отырып жүргiзуi не онда қамтылған көрсеткiштердің, не пруденциалдық нормативтердi және (немесе) банк заңдарында белгiленген сақталуға міндетті басқа нормалар мен лимиттердi орындау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есеп жасауы,-
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаға тиiстi дәрежеде есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл caлуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiстi дәрежеде есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің банктiк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы,-
лауазымды адамға айлық есептi көрсеткiштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсiздiк),-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 170-бапта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 171-бапта:
тақырыптағы және мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын:
"172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы төрағасының заң бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқауларды уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмде орындамауы,-
тарату комиссиясының төрағасына - айлық есептiк көрсеткіштің қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi органның тарату комиссиясының қызметiне тексеру жүргiзуден бас тартуы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi,-
тарату комиссиясының төрағасына айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктiң тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi мемлекеттiк органға банк, сақтандыру, зейнетақы заңдарында белгiленген есептi және қосымша ақпаратты табыс етуi немесе әлденеше рет (қатарынан алты күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) дер кезiнде табыс етпеуi,-
тарату комиссиясының төрағасына - айлық есептiк көрсеткiштің отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7) 173-бапта:
бiрiншi, бесiншi және оныншы бөлiктердің бiрiншi абзацында "ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi бөлiктің бiрiншi абзацында:
"олар" деген сөз алынып тасталсын;
"тұлғаларының" деген сөзден кейiн "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздермен толықтырылсын;
он төртiншi бөлiктің бiрiншi абзацында:
"аудитордың" деген сөз "аудиторлық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"міндеттi" және "қызметіне" деген сөздер алынып тасталсын;
8) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"172" деген сан алынып тасталсын;
"190-203" деген сандар "190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203" деген сандармен ауыстырылсын;
9) 572-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"168-171" деген сандар "168, 168-2 (валюталық бақылау мәселелерi бойынша екiншi, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169" деген сандармен ауыстырылсын;
"218" деген саннан кейiн "(валюталық бақылау мәселелерi бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 573-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"573-бап. Қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстің 88 (бiрiншi бөлiк), 168-2 (оныншы және он бiрiншi бөлiктердi қоспағанда), 170, 171, 172, 172-1, 173-175 (бiрiншi бөлiк), 191, 193, 195, 196, 198, 201, 218-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.";
11) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
1) тармақшаның жиырма төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органның (138, 158, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202-баптар);";
3) тармақшадағы "банктiк қадағалауды, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын.
4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат):
227-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мемлекеттiк тiлдегi мәтінiнде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиялары негiзiнде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:";
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат):
1) 1-бапта:
үшiншi бөлiкте "қаржы-кредит ұйымдарында" деген сөздерден кейiн "өз құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"Қазақстан Ұлттық Банкi (бұдан әрi - банктер) берген лицензияның негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай міндеттер жүктеледi:
мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
төлем жүйелерінің қалыпты жұмыс iстеуiне ықпал ету;
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесiнің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.";
4) 8-бапта:
в), г) тармақшалары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы д-1) тармақшамен толықтырылсын:
"д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; касса операциялары; аударым операциялары; есептеу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есептеулердi жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтар инкассациясы және жiберілімi; шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау және заң актілерінде белгiленген жағдайларда қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларының осы түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беруіне қорытынды бередi;
e) және e-1) тармақшалары алынып тасталсын;
з) тармақшасында "банктер" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы и-1) және и-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"и-1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;
и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтар инкассациясы, жiберiлiмi, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;";
к) тармақшасында "банктер" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
л-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"л-2) уәкiлеттi органмен бiрлесiп өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық және өзге де есептердiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сай келетiн нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;";
мынадай мазмұндағы л-3) тармақшасымен толықтырылсын:
"л-3) валюталық реттеу және бақылау мәселелерi бойынша есептi ұсыну тәртiбiн, нысандарын және мерзiмiн белгiлейдi;";
м) тармақшасында "банктер" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы р-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"p-1) елдiң ақша-кредит және қаржылық статистикасын қалыптастырады;";
у-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан және мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға құқылы;";
мынадай мазмұндағы у-4), у-5), у-6) және у-7) тармақшаларымен толықтырылсын:
"у-4) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында жасалатын ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берілген активтердi сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
у-6) банктердің мiндеттемелерi бойынша олардың төлем жасамау тәуекелiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерінің мүдделерiн қорғау үшiн банктер беретiн кредиттердің көлемiн реттеу мақсаттарына банктердің қаражаттарын резервтейдi;
у-7) банктердiң жекелеген операциялары мен мәмiлелерiнің түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;";
5) 9-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкiнің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және оның таза кiрiстен алған аударымдары арқылы кемінде 20 миллиард теңге мөлшерiнде қалыптастырылады.";
6) 10-баптың бiрiншi бөлiгіндегi:
"бекiткен ережеге сәйкес" деген сөздер "белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялар түрiндегi бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты, оның iшінде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады." деген сөздер алынып тасталсын;
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi
Қазақстан Ұлттық Банкiнің қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кірiстер мен шығыстар (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын жұмсалмаған кiрiстің пайда болған сомасын алып тастағанда) арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнің банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизияларының (резервтерінің) сомасына азайтылған таза кiрiсi қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнің жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, алынған кiрiстің қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады.
Жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру үшiн алынған пайда жеткiліксiз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық Қазақстан Ұлттық Банкiнің кейiнгi қаржы жылдарының таза кiрiсi есебiнен өтеледі.";
8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерi
1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің қызметкерлерiн қалыптастыру тәртiбi, еңбек және оған ақы төлеу шарттары осы Заңға қайшы келмейтін бөлiгiндегi Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнің қызметкерлерiн:
1) саяси мемлекеттік қызметшiлер;
2) әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшілер;
3) қызметкерлер құрайды.
3. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер мен қызметкерлер санатына жатқызылған лауазымдардың тiзбесiн Қазақстанның Ұлттық Банкi бекiтедi.
4. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшiлер мен қызметкерлер санатына жатқызылған лауазымдардың бос қызмет орындарына қызметкерлер алу Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.";
9) 15-бапта:
б) тармақшасында:
"банк қызметi" деген сөздер "банк қызметiнің, бухгалтерлiк есептің, ақша төлемi мен аударымының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) тармақшасы алынып тасталсын;
e) тармақшасында:
"ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкiлетті ұйымдарға берiлетiн лицензияларды қоспағанда," деген сөздер "осы Заңда көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
e-3) тармақшасы алынып тасталсын;
л) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"л) Қазақстан Ұлттық Банкiнің шоғырландырылған қаржылық есебiн қарау және бекiту;";
н), т) тармақшалары алынып тасталсын;
о) тармақшасындағы "жүйесi мен мөлшерiн" деген сөздер "және" деген жалғаумен ауыстырылсын;
с) тармақшасындағы "бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарын" деген сөздер "қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ц) және ч) тармақшаларымен толықтырылсын:
"ц) Қазақстан Ұлттық Банкiнің таза кiрiсiн бөлу;";
ч) өкiлеттігіне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзінде берілген активтердi сенiмгерлік басқару бойынша шұғыл шешім қабылдау жатқызылатын лауазымды тұлғаны (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi) белгілеу.";
10) 19-бапта:
алтыншы бөлiк алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есебiнiң құрылымын айқындайды.";
11) 24-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының Yкiметiн тiкелей қаржыландыруға тыйым салынады.";
12) 27-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің мемлекеттік бағалы қағаздарын оларды бастапқы рынокта орналастырған кезде өз меншігіне алуға құқығы жоқ.";
13) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметінің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.";
14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Ақша-кредит саясатын Қазақстан Ұлттық Банкi инфляцияның төменгi деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.";
15) 30 және 31-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
1. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында операциялардың мынадай түрлерiн:
заемдар беру;
депозиттер қабылдау;
валюталық интервенциялар;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi шоттарын шығару;
мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшінде керi сатып алу құқығымен;
коммерциялық вексельдердi қайта есептеу;
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.
2. Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi мiндеттi резервтердiң (резервтiк талаптардың) нормативтерін;
ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерiнің деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу арқылы жүзеге асырылады.
31-бап. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша рыногының жалпы жай-күйiне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерге қайта есептеу жүргiзедi.
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.";
16) 33-36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгі операциялары бойынша сыйақы ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына ықпал ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
35-бап. Заемдар
Банктердің өзара қарыз беру және өтеу тәртiбiн, шарттарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктерге қарыз берудiң жалпы көлемiн реттейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өтiмдiлігі жоғары және тәуекелi жоқ бағалы қағаздарға және басқа да активтерге қамтамасыз етумен және сол сияқты қамтамасыз етусiз бiр жылдан аспайтын мерзiмге заемдар бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкiн.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң заемдарын қамтамасыз ету үшiн кепiл заттары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiнде көзделген кепiлдердің барлық түрлерi бола алады.
Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанция кредиторы ретiнде банктерге қамтамасыз етумен және сол сияқты қамтамасыз етусiз де Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерге ұлттық және шетел валютасымен заемдар беруге құқылы.
36-бап. Валюталық интервенциялар
Қазақстан Ұлттық Банкiнің валюталық интервенциялары қазақстан теңгесiнің бағамына ықпал ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын және валюталық мәмілелердің басқа да түрлерiн сатып алу-сату арқылы дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.";
17) мынадай редакциядағы 36-1-36-3-баптармен толықтырылсын:
"36-1-бап. Депозиттер
Депозиттердi тарту мен өтеудiң тәртiбiн, шарттарын, мерзiмдерi мен тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валюта да сол сияқты, шетел валютасында депозиттер тартуға құқылы.
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің қысқа мерзiмдi ноттары
Қазақстан Ұлттық Банкiнің қысқа мерзiмдi ноттары - Қазақстанның Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноттарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноттарды ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есептеу
Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есептеу тәртiбiн және Қазақстанның Ұлттық Банкi қайта есептеуге вексельдердi қабылдау үшiн қойылатын шарттарды белгiлейдi.";
18) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"46-бап. Ақаулы банкноттар
Өзiнің толық көлемiнің кемінде жетпiс процентi сақтаған тозған бүлiнген банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкінде және Қазақстан Республикасының банктерiнде шектеусіз айырбастайды.
Өзінің толық көлемінің кемiнде елу процентiн сақтаған тозған бүлiнген банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгілеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен металл ақшаны өтеуге міндетті емес.";
19) 47-1-бапта "банктер", "банктердің" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар", ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
"48-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы және реттеудегi өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерiнің жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруды қатысуға құқылы.";
21) 52-1-баптың:
1) және 2) тармақшаларында "алты айдан" деген сөздер "бiр жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
22) 53-бап алынып тасталсын;
23) 55-бап алынып тасталсын;
24) 56-баптың д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi";
25) 58-бапта:
бiрiншi бөлiктiң үшiнші абзацы алынып тасталсын;
үшiншi бөлiктегi "осы Заңмен" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешімiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi Қазақстан Ұлттық Банкiнің алтыннан немесе шетел валютасынан немесе алтынның құнынан тұратын активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердің салдары болып табылатын жұмсалмаған кiрiстерi жұмсалған кiрiстер мен шығыстарды қоспағанда, айырмашылықты қайта бағалау шотына жатқыза отырып, қаржы жылы ішінде жүргiзiлетiн қайта бағалаумен реттеледi.
Алтын-валюта активтерінің жинақталған қайта бағалау сомасы ағымдағы жылы алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кiрiстер мен шығыстардың таза позициясы бойынша пайда болған терiс соманы өтейдi, сондай-ақ активтер шығарылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкi белгiленген тәртiппен жұмсалған кiрiстерге жатқызылады.";
27) 61-бапта:
бiрiншi бөлiк "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар осы Заңда және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiкте "Оның реттеушілiк функциясы" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушілік функциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi және бесiншi бөлiктерде "банктер" деген сөзден кейiн банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің реттеу мен қадағалауды жүзеге асырудағы негізгi өкілеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретi шегiнде қаржылық ұйымдарды лицензиялауды, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi осы мақсаттарда:
қаржылық ұйымдар және олардың клиенттерi орындауға міндеттi нормативтік құқықтық актiлерді қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру шарттары мен тәртiбiн айқындауға;
Қазақстан Ұлттық Банкiнің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастықта болады және өздерiнің бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпаратпен алмасуға құқылы.";
29) 62-1, 63, 64-баптар алынып тасталсын;
30) 66-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
31) 67-бапта:
бiрiншi бөлiктің үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкiнің жылдық шоғырландырылған қаржылық есебiн;";
екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
32) 68-баптың үшiншi бөлiгiнде "қаржы-шаруашылық" деген сөздер алынып тасталсын;
33) 70-бапта:
"Банк" деген сөз алынып тасталсын;
"банкте" деген сөзден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 70-1-баптың екiншi бөлiгінде "Ұлттық қорын" деген сөздерден кейiн ", өзге де қорлары мен ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
35) 72-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;
36) 73-бап алынып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кiрiспесi алынып тасталсын;
3) мәтiндегi "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер "Заңды", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 20-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат, N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат):
1) 6-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
"Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Осы Заңның 11-бабының 1), 2-1), 3)-5), 6)-8) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілетті орган белгiлейдi.";
2) 11-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы "банктер" деген сөзден кейiн "және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi;";
3) тармақшадағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.
8. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдiктердi есептік тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат):
6-баптың екiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
баптың тақырыбында және мәтiнiнде "Салым (депозит)" деген сөздер "Депозит" деген сөзбен ауыстырылсын;
"(оның iшiнде Ұлттық Банкке)" деген сөздер ", оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк өзiнің құзыретi шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктің реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнің тұрақтылығын қолдауға, банктердің кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүдделерiн қорғауға бағытталған.";
4) 4-бапта:
"шығарылатын" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi органның және" деген сөздермен толықтырылсын;
"өз құзыретіне" деген сөздер "өздерiнiң құзыретiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бап "Ұлттық Банкiнің" деген сөздердің алдынан "уәкiлеттi органның және/немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 1, 2-тармақтар "Ұлттық Банктің" деген сөздердің алдынан "уәкiлеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 7-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-баптың 2-тармағында:
а) тармақшасында:
"мемлекеттiк емес" деген сөздер алынып тасталсын;
"қор биржасында листингтен өткен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының аса жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Банктердің бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы банктің меншiк капиталының он процентімен аспауға тиiс;";
г) тармақшасында:
"акциялары" деген сөзден кейiн "(қатысу үлестерi)" деген сөздермен толықтырылсын;
"(заңды тұлғаның жарғылық капиталына кепiл ретiнде бұрын қабылданған акциялардың банктің меншiгiне көшуi арқылы банктiң тiкелей қатысуы банктiң меншiктi капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиiс, мұндайда оларды iске жарату бiр жылдан аспауы тиiс)" деген сөздермен толықтырылсын;
e-1) тармақшасында:
"қор биржасында листингтен өткен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының аса жоғары санаттағы тiзiміне енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу осы баптың 2-тармағының г) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда банктің меншiктi капиталының он процентiнен аспауы тиiс.";
9) 9-бапта:
2-тармақта:
"Ұлттық Банк" деген сөздер "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
екіншi бөлікте "Ұлттық Банк" деген сөздер "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "Ұлттық Банктiң" деген сөздердің алдынан "уәкілеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 11-бапта:
1 және 4-тармақтардағы "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының резидент банкінiң өкiлдiктерi уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылады.";
11) 11-1-баптың 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтардағы "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкілеттi органға", "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Банктi құру және банктің жарғылық капиталына қатысу";
13) 12-бап алынып тасталсын;
14) 13-бапта:
баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкілеттi органға", "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мемлекеттiк тiлдегі мәтiнiнде "қабылдаған жағдайда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша рұқсат қайтарылып алынған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 15-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Банктің ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктер акционерлiк қоғамдардың нысанында құрылады";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Банк өзiнің жарғысында жазылғанды атауы ретінде пайдаланады.
Банктің атауында мiндеттi түрде "банк" немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
Банктің ешқайсысы кез келген құжатта, хабарландыруда немесе жарнамада өз жарғысында жазылған атаудан өзгеше аталуға құқығы жоқ.";
16) 16-бапта:
1-тармақтағы "төленедi" деген сөз "көрсетiледi және төленедi"
деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банктің құрылтайшылары және акционерлерi - заңды тұлғалар акцияларға орналастырылған активтердi және басқа тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн шегерiп тастағанда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiнің талаптарына сәйкес есептелген меншiкті капиталы шегінде банк акцияларын сатып алады.";
7-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілеттi орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын";
17) 17-бапта:
1-тармақтағы "баяндалған" деген сөздің алдында "баптың 5 және 6-тармақтарында" деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5, 6, 7-тармақтарда "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ "iрi қатысушыларын" деген сөздерден кейiн "және олардың қаржылық жай-күйін" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 17-1-бапта:
2-тармақта:
"Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банккe" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"ол iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн;";
5 және 7-тармақтарда "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
5) тармақша мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"5) олардың туыстары болып табылатын iрi қатысушылар немесе лауазымды тұлғалар бiрлесiп банк холдингi болып табылатын тұлғалар деп танылады.";
19) 18-бапта:
1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
20) 19-бапта:
1, 3, 4, 5, 6-тармақтардағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілеттi орган", "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
б) тармақшасындағы:
"бухгалтерлiк баланстары" деген сөздер "қаржылық есебi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
г) тармақшасындағы:
"бухгалтерлiк баланс" деген сөздер "қаржылық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"қорытындысы" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 20-бапта:
баптың атауында және барлық мәтiн бойынша "банктің", "банктер" деген сөздерден кейiн ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның", ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесiнің төрағасы мен мүшелерi, басқармасының төрағасы мен мүшелерi, банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан құжаттарға қол қою немесе банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзге де басшылары атынан оның активтерiн иелiктен алу құқығы бар өзге де басшылары, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi банктiң басшы қызметкерлерi деп танылады.";
2 және 5-тармақтарда "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілеттi органның", "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын банктің немесе басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, бiрiншi басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Аталған талап белгіленген тәртiппен банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады.";
4-тармақта "оның орынбасары" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан құжаттарға қол қою немесе банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан олардың активтерiн иелiктен алу құқығы бар басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта үшiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Келiсу үшiн қайтадан ұсынуға келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде үш айдан кейiн жол берiледі.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiн келiсудің тәртiбi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленедi.";
22) 21-бапта:
1-1, 2 және 4-тармақтарда "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "он және одан көп процентiн иеленушi" деген сөздер "он және одан көп процентiн иеленушi және/немесе сатып алуды болжайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 22-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 23-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 24-баптың 2-тармағындағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 25-бапта:
"Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банкпен" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкілеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Банктi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде уәкілетті органға тiркеген органның белгiсi және мөрi қойылған құрылтай шартының және жарғының және банктi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн беруге мiндеттi.";
27) 26-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңға сәйкес банктiк санатқа жатқызылған операцияларды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды құзыретінің шегiнде және осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.";
екіншi бөлік алынып тасталсын;
үшiншi бөлiкте "Ұлттық Банктiң" деген сөздерден кейiн "немесе уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың а) тармақшасы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшінде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актілерiнің талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктілігi бар қызметкерлер жалдауға;";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жұмыс iстеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн:
1) банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш беру алдында қатарынан үш ай бойы пруденциалдық нормативтердің және сақтауға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің;
2) тәуекелдер мен iшкi бақылау жүйелерi бар бөлiкте уәкiлеттi орган белгiлеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.";
4-тармақта "Ұлттық Банк" деген сөздердің алдында "уәкiлеттi орган немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлттық және/немесе шетел валютасымен банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге беріледi.";
8-тармақта "Ұлттық Банктiң" деген сөздердің алдында "уәкілеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 27-баптың а) тармақшасындағы "2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 28-бапта:
"Ұлттық Банкiмен", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi органмен", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
"2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның ішінде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстер немесе толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген органның белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстер немесе толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн уәкілеттi органға ұсынуға міндетті.";
30) 29-бапта:
"Ұлттық Банкінің", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
", бiрiктiруге" деген сөз алынып тасталсын;
"уәкілеттi органның нормативтік құқықтық актiсінде белгiленген тәртіптен және талаптарға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк филиалын ашуға келiсiм беру туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса ұсынылуы тиiс:
1) банктің уәкілетті органының филиал ашу туралы шешiмi;
2) банк растаған және филиал жүргiзуге уәкiлеттi болатын банк операцияларының тiзбесiн қамтитын үш данадағы банк филиалы туралы ереже;
3) осы Заңның 19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметтеріне кандидаттар туралы мәліметтер.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Банктің филиалы туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде банк тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн iшiнде бұл жөнiнде уәкілеттi органға хабарлауы тиiс.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасының резидент банкi өкiлдiк ашу туралы өтiнiш беру алдында қатарынан үш ай бойы банктің қаржылық жағдайы тұрақты болғанда, пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда уәкілеттi органға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде банктің өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы резидент банкiнің өкілдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнішке мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
1) банк өкiлдiгiн ашу туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi банк органының шешімi;
2) үш дана етiп жасалған банк растаған Өкiлдiк туралы ереже;
3) уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес өкiлдiктiң бiрiншi басшысы туралы деректер.
Уәкілеттi орган Қазақстан Республикасы резидент банкінің өкiлдiк ашуға келiсiм беру туралы мәселенi үш ай мерзiмде қарауы тиiс.
Қазақстан Республикасы резидент банкiнiң өкілдiк ашуға келiсiм беруден бас тартуы кез келген мынадай негіздемелер бойынша жүргiзiледi:
1) банктiң қаржылық жай-күйi тұрақсыз болған жағдайда;
2) банктiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш беру алдындағы қатарынан алты айдың ішінде пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi банк орындамағанда;
3) банкке қатысты осы Заңда көзделген қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары және санкциялар болғанда;
4) осы тармақта көзделген құжаттардың бipeуi берiлмегенде.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының резидентi емес банктiң өкiлдiк ашуға келiсiм беру туралы мәселесiн үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
Қазақстан Республикасы резидент емес банкiнiң өкiлдiк ашуға келiсiм беруден бас тартуы осы тармақта көзделген кез келген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда жүргiзiледi.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Филиалды және өкiлдiктi әділет органдарында есептiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн банк он төрт күн iшiнде тiркеуден өткiзген органның белгiсi мен мөрi бар филиал немесе өкiлдiк туралы ереженің нотариат куәландырған көшiрмесiн уәкiлетті органға беруге мiндеттi.";
31) 30-баптың:
1-тармағы "банкiлердің" деген сөзден кейiн "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
к) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;";
м) тармақшасындағы "қозғалатын мүлiктi" деген сөздер "өзге де қозғалатын мүлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
т) тармақшасы алынып тасталсын;
екiншi және үшiншi бөлiктер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Уәкiлетті орган банктер мен кредиттiк серiктестiктерге а), б), в), в-1), д), e), ж), з), и), р), с), у), ф), x) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi.
Уәкiлеттi орган г), к), л), м), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болғанда бередi.
Ұлттық Банк банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға к), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi.";
3-тармақтағы "Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
г) тармақшасының бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
екiншi абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Банктердiң бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды уәкілеттi орган бередi.";
5-тармақта:
"Ұлттық Банктiң" деген сөздердің алдында "уәкiлеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"банктер" деген сөздерден кейiн "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көзделген банк операцияларын жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер ғана жүргiзуге құқылы.";
32) 31-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Уәкілеттi орган заңсыз кiрiс алумен, ақшаны және қылмыстық жолмен сатып алынған өзге де мүлiкті пайдалануға байланысты заңға қарсы қызметтi болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрлерiн қаржыландыруға қарсы iс-әрекеттi қамтамасыз ету мақсатында банктердің осы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген банк операцияларын және өзге қызметтi жүргiзу тәртiбiне қосымша талаптар белгiлеуге құқылы.";
33) 35-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "беруге" деген сөзден кейiн "немесе қамтамасыз етілмеген шартты міндеттеменi қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 40-баптың:
3-тармағындағы "олардың жақын туыстары" деген сөздер "олардың жұбайлары және жақын туыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "мұндай иеленушi мемлекет болып табылатын жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтеp акционерлердің жалпы жиналысында кейiннен хабарлана отырып, есептен шығарылады.";
8-тармақтағы "Ұлттық Банкке", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкілеттi органға", "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 41, 42, 43, 44, 45, 46-баптардағы Ұлттық Банк", Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 46-бапта:
"Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiнi" деген сөздер "уәкілеттi органның", "уәкілетті орган", "уәкілеттi органды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жазбаша нұсқау - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке берiлген нұсқау.";
37) 47-бапта:
"Ұлттық Банкiнің", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешімдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.";
4-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақтағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлетті орган лицензияны қайтарып алу жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты екi мерзiмдi басылымдарда жариялайды.";
8-тармақта:
"Ұлттық Банктiң" деген сөздер алынып тасталсын;
38) 47-1-бапта "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 48-бапта:
1-тармақтың:
г) және м) тармақшаларында "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) тармақшасындағы "Ұлттық Банкiге" деген сөздердiң алдында "уәкiлеттi органға және/немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
з) тармақшасындағы "Ұлттық Банкінің" деген сөздің алдынан "уәкiлеттi органның немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы к-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"к-1) банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелік ай iшiнде жүзеге асырмаса;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиялар жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банктен қайтарып алынады.";
2-тармақ "Ұлттық Банк" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi орган" деген сөздермен толықтырылсын;
40) 48-1-баптың:
2-тармағындағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағындағы:
"Ұлттық Банктің өтiнiшi бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкілеттi органның өтінішімен сот іс қозғағанға дейін" деген сөздер "банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы соттың шешiмі заңды күшiне енгiзiлгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Банктің уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) тағайындалған күннен бастап банктiң тарату комиссиясын тағайындау туралы соттың шешімi заңды күшiне енгiзілгенге дейiн оның қызметiн бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнің) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа берiледі.";
5-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақтағы "арнайы басқарушыға (басқару жөніндегi уәкiлдiк берiлген адамдарға)" деген сөздер "тарату комиссиясының төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актінің бiр данасы іс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.";
8-тармақтағы "мен арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Банктің уақытша әкiмшiлiгiнің (уақытша әкiмiнің) және тарату комиссиясының құрамына қосылған Ұлттық Банк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банктiң банктердің мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы бойынша шығындарды қаржыландыруына, сондай-ақ банктің мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi жөніндегi ақпаратты орталық әдiлет органының ресми баспа басылымдарына жариялау жөнiндегi шығыстарды өтеуiне жол берілмейдi.";
41) 49-бапта:
"Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "Уәкiлетті орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы а-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"а-1) осы Заңның 25-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген мерзімді бұзуы;";
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақтағы "Ұлттық Банктің Басқармасы" деген сөздер "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 52-бапта:
"Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
баптың тақырыбында және мәтiн бойынша "салымдар (депозиттер)" деген сөздер "депозиттер" деген сөзбен ауыстырылсын;
43) 54-баптың:
1-тармағында:
бiрiншi бөлiгінде "Ұлттық Банк" деген сөздерден кейiн "уәкілеттi органмен бiрлесе отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгінде "бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгіленген тәртiпке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру жөніндегi заңдарында белгiленген талаптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Банкiлер" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi органға сұратуы бойынша және/немесе Ұлттық Банкiге оның өз құзыретi шегiнде жiберген сұратуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Ұлттық Банктің" деген сөздердің алдында "уәкiлеттi органның және/немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
44) 54-1-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 55-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган және/немесе Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 56-баптағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган"
деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 57-баптың:
1-1-тармақта:
"Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкiлеттi орган банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензиялар бередi.";
3-тармақтың үшiншi абзацында "заңдарға және" деген сөздерден кейiн "уәкілеттi органға және" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың:
екiншi бөлiгiнде "Қорытындысы" деген сөз "Есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгiнде:
"және қорытындысын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 6-тармақтарда "Ұлттық Банкiге", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілеттi органға", "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 58-баптың:
1 және 3-тармақтарында "Ұлттық Банкiге", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банк қызметiне аудит жүргiзуге лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтату және қайтарып алу тәртiбi және шарттары, өтiнiш берушіге қойылатын талаптар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";
3-тармағы алынып тасталсын;
49) 59-бапта:
тақырыбында:
", қорытындысын" деген сөз алынып тасталсын;
"Ұлттық Банкiге", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағында:
"есебi, қорытындысы барлық жағдайда жарамсыз деп танылады" деген сөздер "есебi барлық жағдайда жарамсыз деп танылып" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) тармақшасында "қорытынды сәйкес келмейдi" деген сөздер "сәйкес келмейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағында:
а) тармақшасында ", қорытындыларын" деген сөз алынып тасталсын;
в), г) тармақшаларында "қорытынды" деген сөз "есебi" деген сөзбен ауыстырылсын;
e) тармақшасында "жою туралы" деген сөздерден кейiн "бухгалтерлiк есеп және аудит саласында" деген сөздермен толықтырылсын;
50) 60, 61, 62 және 63-баптарда "Ұлттық Банкiнің", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 64-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмінде мыналар болуға тиiс:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешімi кемінде екі мерзімдiк баспасөз басылымында жарияланады.";
52) 66-баптың:
тақырыбындағы "Ұлттық Банкiнің тарапынан" деген сөздер алынып тасталсын;
1 және 2-тармақтарында "Ұлттық Банкiнің", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 67-баптағы "Ұлттық Банкiнiң", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлетті органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 68-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 68-1-баптағы:
"Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті органның", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екiншi бөлiк "ерiктi" деген сөзден кейiн "немесе мәжбүрлеп" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлік алынып тасталсын;
56) 69-баптың:
1-тармағындағы:
"Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiндегi "банк мiндеттемелерi бойынша" деген сөздердiң алдында "тарату комиссиясының мүшелерiне үміткерлер тiзiмi, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерiнде құрылатын оның бөлiмшелерінiң тізімі" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "Ұлттық Банктiң", "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілеттi органның", "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақтың:
бiрiншi бөлiгiндегi:
"Ұлттық Банктен" деген сөздер алынып тасталсын;
"тарату комиссиясын" деген сөздердiң алдында "банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақтағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы банктi таратуды аяқтаған кезде құжаттарды сақтау үшiн белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндеттi.";
7-1) тармақта "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 71-баптың:
1-тармағындағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.";
58) 72-баптың:
1-тармағындағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың:
бiрiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiндегi "Ұлттық Банк" деген сөздер алынып тасталсын;
59) 73-бапта:
"Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi органның", "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы iстi қозғаған күннен бастап:
1) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банктiң барлық органдарының банктiң мүлкін басқаруға құқығы жоқ;
2) соттың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатылады;
3) кредиторлардың банкке қойған кез келген талаптары, банктi ұстап тұруға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тек тарату өндірiсiнде қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары бойынша банктің банк шоттарынан салықтар мен бюджетке басқа да міндеттi төлемдер бойынша, оның iшінде даусыз (акцептсіз) тәртiппен қанағаттандырылатын ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ банктің мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
5) банктiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесiлi банк акцияларын иелiктен шығаруға тыйым салынады.";
2-тармақ "сол банктiң" деген сөздерден кейiн ", осы Заңның 48-1 бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Таратылатын банктің аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкілеттi орган бекiтедi.";
6-тармақ "Банктiң тарату комиссиясының" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде банкрот болуы негiзi бойынша таратылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
6-1-тармақтағы "банктің тарату комиссиясын тағайындаған" деген сөздер "банктi тарату туралы шешім қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
"7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға және уәкiлеттi органға жiбередi.";
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.";
60) 74-баптың:
1-тармағының:
бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiзiнде шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату өндiрiсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдіктерiн ескере отырып, банктің тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.";
үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларын тағайындау тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына талаптар уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерiмен айқындалады";
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына он ең төменгi жалақыдан аспауы тиiс.";
3-тармақ алынып тасталсын;
61) 74-2-баптың 3-тармағының г-1) тармақшасында "таратылатын банктiң" деген сөздер ", таратылатын банкте ашылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 74-3-баптың:
1-тармағы мынадай мазмұндағы екіншi бөлікпен толықтырылсын:
"Банкке қатысты сауықтыру рәсімi соттың шешімi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату туралы шаралары шеңберiнде, оның төлем қабiлетiн және/немесе банктің заңдарда көзделген шарттары мен талаптарды орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.";
2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегi "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Банк өзiнің төлем қабілеттілігін қалпына келтiру және/немесе анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған жағдайда соған қатысты сауықтыру рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты өтiнiш бiлдiруге құқылы. Банктiң өтiнiшiне мiндеттi түрде банктi сауықтыру жоспары қоса берiлуi тиiс.
Банк өтiнiшiнiң қоса берiлетін құжаттары бар бiр данасы уәкілетті органға ұсынылады.
2-2. Банктің сауықтыру жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiледi және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi. Банктің сауықтыру жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
2-3. Банкке қатысты сауықтыру рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнің ұзақтығы алты айдан аспауы тиiс. Сауықтыру рәсiмдерінің басталу және аяқталу мерзiмiн сот анықтайды. Сот бекiткен банктің сауықтыру жоспары банктің және оның лауазымды тұлғаларының орындауы мiндеттi құжат болып табылады.
2-4. Сауықтыру рәсiмін банк уәкілеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Сауықтыру рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегідей тәртіппен жүзеге асырылады.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi "осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты сауықтыру рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерінде белгiленедi.";
63) 74-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесiндегi бақылау өкілеттiктерi
1. Уәкiлетті орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiзде таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргiзу мақсатында:
1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есеп, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгін белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiн тексеруге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқауды шығаруға, нұсқаудың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқауды белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына өтiнiш беруге құқылы.
2. Уәкiлеттi орган қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iсi сотта қаралатын банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарына сәйкес жауап бередi.";
64) 9-1-тарау және 74-5, 74-6, 74-7, 74-8, 74-9-баптар алынып тасталсын;
65) 75-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
"белгiленедi" деген сөздiң алдынан "осы Заңмен және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
"Ұлттық Банктiң" деген сөздер "олардың құзыретi шегінде уәкiлеттi органның және Ұлттық Банктiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 77-баптағы "Ұлттық Банкiнің" деген сөздерден кейiн "және уәкілеттi органның" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат):
3-баптың:
4-тармағы мемлекеттiк тілдегi мәтiнінде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Қызметiн реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
6-тармақтың 1) тармақшасының:
бiріншi абзацы мемлекеттiк тілдегi мәтiнiнде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдар үшiн:";
төртiншi абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарын және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады".
11. "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; 1999 ж., N 20, 722-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат):
1) 1-1-баптың 10) және 11) тармақшаларында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 11-баптың 3-тармағындағы "бағалы қағаздар шығару мен оның айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органмен" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 5-тармағындағы "бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысы саласындағы қатынастарды реттейтін мемлекеттiк орган" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат):
1) 42-баптың:
1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"2-1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен консервациялауды енгiзуге;";
2) мынадай мазмұндағы 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптармен толықтырылсын:
"42-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау ұғымы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын сауықтыру мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдерiн мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағының 3)-6) тармақшаларында көрсетiлген негiздердің кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.".
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлетті органның шектелмеген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды болжайды.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкiлеттi органның консервациялау жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күндiк мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмдi шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.
42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы)
1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерi санынан не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сәйкес келетiн адамдар санынан тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган және уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын жеке шартта белгiленедi.
3. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
4. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшіліктің мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген зиян үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен мүшелерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi атқарады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн зиян үшiн жауапкершілік жүктеуге жол берiлмейдi.
42-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiм
1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмi:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерін;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнің негiздемесiн;
3) консервациялаудың басталуын және мерзiмiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
5) уақытша әкiмшiліктің дербес құрамын;
6) консервациялау режимiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi дайындау жөніндегi нұсқауды, кiрiс туралы декларацияны, меншiктің бары және мөлшерi туралы мәлiметтердi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
7) уақытша әкiмшіліктің (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялайды.
42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкімшілiктің (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкілеттiктерi
1. Консервациялаудың басталуынан және оны жүргiзу мерзiмiне:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің оны басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады;
3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару бойынша барлық өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) көшедi;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) айтпастан және оның жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнің барлық мәселелерi жөнінде дербес шешiм қабылдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан кез келген шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және мүддесiне шағым талаптар беруге;
4) жұмыстан шығару, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметкерлерінің арасында міндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтарды шығаруға құқылы.
42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктің (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңдегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
2) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) мiндеттi орындауына жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уақытша әкiмшiліктің (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты ұсынуын талап етуге;
4) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) орындалған жұмысы туралы есебiн тыңдауға;
5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiмдi қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшілiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi реттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынас принциптерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерінде айқындалады.
42-6-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мына негiздер бойынша тоқтатылады:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнің өтуі;
2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiмдi қабылдауы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының сауықтыруына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшілiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкелiп соғады. Мұндайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшінде қалады.
3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайының сауықтыруына және жұмыс сапасының жақсаруына әкелмеген жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.";
3) 45-баптың:
1-1 тармағы алынып тасталсын;
2-тармақтағы "осы баптың 3-7 тармақтарында" деген сөздер "осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
Кредиторлар комитетiн құрудың және қызметiнiң ерекшелiктерiн уәкілеттi органның нормативтік құқықтық актiлерiмен белгіленедi.";
4-тармағы алынып тасталсын;
6-тармақ:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде құжаттарды сақтау үшiн белгіленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi.";
4) мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2, 45-3, 45-4-баптармен толықтырылсын:
"45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi тарату
Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi таратылуға рұқсат алу туралы өтінішін уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берілуі тиiс:
акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi тарату туралы шешiмi;
тарату туралы шешiм қабылданған күнге зейнетақы активтерiн бағалау;
зейнетақы активтерiн тапсыру мерзiмi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар жоспары және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтатуға дайындық жоспары;
жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн оның қаражатының жеткіліктiгiн куәландыратын баланстық есеп;
тарату комиссиясының мүшелерiне үмiткерлердің, оның iшінде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
басқа қажеттi мәлiметтер.
2. Уәкiлеттi орган ерiктi таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өзiнің шешiмi негiздеуі тиiс және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы мен акционерлерiне жіберуi тиiс.
Уәкiлеттi органның ерiктi таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып тарату комиссиясын құрады.
3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн ішінде салымшылар мен алушыларға орталық Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын екi баспасөз басылымдарында хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткілiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi таратуды аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы өтiнiшпен сотқа шағымдануға құқылы.
45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген негiздемелер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының лицензияларын қайтарып алуға;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа негiздемелер бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiн тоқтату туралы өтiнiшiне (талабына) байланысты жүзеге асырылады.
Сотқа жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы талапты уәкiлеттi орган қояды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияны қайтарып алуға байланыссыз негiздеме бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның лицензиясын қайтарып алу туралы мәселенi қарайды.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкілеттi орган уақытша әкiмшiлiктi тағайындайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшілігi өз қызметiн жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау туралы сот шешiмi күшiне енгенге дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн тағайындау тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкімшiлігін өкiлеттiктерi уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi өз қызметін жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезеңге дейiн жүзеге асырады.
Уақытша әкiмшiлiктің қызметiне ол тағайындалған күннен бастап сот шешiмi күшiне енген кезеңге дейiн бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшілігi есептi уәкiлеттi органға және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа бередi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры уақытша әкiмшiлiгiнiң атқарған жұмысы туралы есебiн сот бекiтедi.
Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясына береді.
Уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тігу үшін сотқа жіберiледi.".
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздігі уәкiлеттi органның сотқа ұсынылатын пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып жасалған қорытындысымен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен ғана белгiленген тәртiппен банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершілік келiсім жасауына болмайды.
6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (қатысушыларының), барлық органдарының жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін басқаруға құқығы жоқ;
2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатылады;
3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары жинақтаушы зейнетақы қорын ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату барысында ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның салықтар және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататындар талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне өндiрiп алу жөнiнде өтiнiш жасауына жол берiлмейдi;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорының өздерiне тиесілі акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде оның банкроттығы негiзiнде шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату өндiрiсiн қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнінде уәкілеттi органға міндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкілеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.";
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына он ең төменгi жалақыдан аспауы тиiс.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша сот бекiтедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректepдi ұсынуға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
8. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi, оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерімен белгіленген тәртіппен беру жөнiндегi шараларды қолдануы тиiс.
Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының заңдарда белгiленген тәртіппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
Тиiстi кезектiлiк келген кезде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың теңбе-теңдiк принципiн сақтай отырып мүліктi заттай түрiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
45-3-бап. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілiгi
1. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру жөнінде шаралар қабылдауы тиiс.
2. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының талаптары, оның iшiнде оның банкроттығына байланысты, осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
3. Тарату өндiрiсiне, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жүргiзіледi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының заңдарда белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілiкпен қанағаттандырылады:
1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн олардың алдында таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры жауапкершiлiк атқаратын азаматтардың талаптары, тиiстi кезеңдер бойынша төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдарға еңбекақы төлеу жөнінде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры мүлкiнiң кепілімен қамтамасыз етiлген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте салықтар, алымдар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша берешек өтеледі;
5) бесiншi кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысулар жүргiзіледi.
5. Әрбiр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптарын толық қанағаттандырғаннан кейін қанағаттандырылады.
Тиiстi кезек келгенде кредитордың талабы оның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Бiр кезектің кредиторларының талаптары қанағаттандырылған кезде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және (немесе) өзге де мүлкi осы кезектің кредиторлары арасында қанағаттандырылуға тиiстi талаптар сомасына теңбе-тең бөлiнедi.
45-4-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату процесіндегi бақылау өкілеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiздемесi бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңділігiн белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заң талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, тарату комиссияларының орындауы мiндеттi бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқау шығаруға, нұсқауды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөнiнде сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жауапкершiлік атқарады.
5) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
"49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi уәкiлеттi органның лицензиясы болғанда аудиторлық ұйым арқылы жүргiзiледi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын өз қызметiне мiндеттi аудит жүргiзедi. Жыл қорытындылары бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйi туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебi коммерциялық құпия емес.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының сыртқы және iшкi аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен белгiленедi.";
6) 50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға.".
13. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргiзуге лицензияларды өзi белгілеген тәртiппен қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган бередi.";
2) 18-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитi және бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы хабарлауға.".
14. "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат; N 21-22, 282-құжат):
4-бапта:
4-тармақтың 6) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Қаржы лизингi туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат):
10-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Мемлекеттiк материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 378-құжат):
13-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2000 ж., N 21, 382-құжат):
4, 5, 6, 7 және 8-баптарда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат):
1) мәтiндегi "уәкiлетті мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттік органға", "уәкілеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкілетті органның", "уәкілеттi органға", "уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағындағы "(бұдан әрі - уәкiлеттi мемлекеттiк орган)" деген сөздерден кейiн "және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-баптың 5-тармағында:
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтанушыға сақтандыру полисін беру арқылы қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары сақтандыру түрi жөнiндегі ережелердi уәкілеттi мемлекеттiк органмен келiсуге міндеттi.";
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi мемлекеттiк орган оларды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында сақтандыру ұйымдарынан сақтандырудың барлық түрлерi бойынша ережелердің мазмұнына өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.";
4) 8-баптың 5-тармағы алынып тасталсын;
5) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызмет ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметті Қазақстан Республикасының заңдарына жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін)";
6) 15-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта сақтандыру және шекарааралық сақтандыру";
1-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттің аумағында сақтандыру қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру шекарааралық болып табылады.";
2-тармағындағы "рейтинг агенттiктерінің" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ сақтандыру бpoкepi - Қазақстан Республикасының резиденті арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 16-баптың 3-тармағында "қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерінің" деген сөздер "кірiстерi мен шығыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 25-баптың 6-тармағы алынып тасталсын;
9) 26-баптың 3-тармағында "беруден" деген сөзден кейiн "және берiлген рұқсатты қайтарып алудан" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 27-баптың 1-тармағында:
27-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "қаржы-шаруашылық қызметінің" деген сөздер "кірiстерi мен шығыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша "актуарий растаған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) басшы қызметкерлер лауазымдарына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәлiметтер;";
11) 28-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) бизнес-жоспардың уәкілетті мемлекеттiк органның нормативтік құқықтық актiсінің талаптарына сәйкес келмеуi.";
12) 34-бапта:
тақырып "және сақтандыру брокерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төрағасы мен басқарма мүшелерi, директорлар кеңесiнің төрағасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiгiнен шығаруды жүргiзуге құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерi және оның орынбасарлары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi (болған жағдайда) сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының) басшы қызметкерлерi болып табылады.
Сақтандыру брокерiнің бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi және олардың орынбасарлары, сондай-ақ сақтандыру брокерінің атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiгiнен шығаруды жүргiзуге құқығы бар өзге де тұлғалар сақтандыру брокерiнің басшы қызметкерлерi болып табылады.";
2-тармақта "сақтандыру ұйымының" деген сөздерден кейiн "және сақтандыру брокерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бiріншi бөлiгінде "сақтандыру ұйымының" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "сақтандыру қызметiне" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру брокерiнің қызметiне" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "тарату" деген сөзден кейiн ", акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқарма, директорлар кеңесi төрағасының қызметiне және сақтандыру брокерінің бiрiншi басшысы және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнің атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің активтерiн иелiгінен шығаруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларын сайлау үшiн жоғары білімнің бар болуы мiндеттi шарт болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң және сақтандыру брокерi бас бухгалтерiнiң жоғары бiлiмi немесе жұмыс профилiне сәйкес келетiн арнаулы орта бiлiмi болуы тиiс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерiнің, әдеттегiдей, қаржылық қызмет көрсету саласында мынадай жұмыс стажы болуға тиiс: сақтандыру брокерiнің бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң және олардың сақтандыру брокерінің атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiгiнен шығаруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқармасы, директорлар кеңесi төрағасының және бас бухгалтерiнің - кемiнде үш жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқарма мүшелерiнiң және бас бухгалтерi орынбасарының - кемiнде екi жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiгiнен шығаруды жүргiзуге құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнің - кемiнде бiр жыл.";
6-тармақта:
бiріншi бөлiгінде:
"ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерiнің" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұйым мiндетті" деген сөздер " ұйым, сақтандыру брокерi мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын";
екiншi бөлiгiнде:
"ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұйым" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерi" деген сөздермен толықтырылсын;
"алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта "ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерiнің" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта "ұйымының" деген сөзден кейiн ", сақтандыру брокерiнің" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 37-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
6) уәкілеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерінің талаптарына сәйкес әзiрленген және актуарий растаған сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар (сақтандыру ұйымы үшін);";
соңғы бөлiгiндегi "5) - 8) тармақшалары" деген сөздер "6), 7) және 8) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"қызмет" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ одан сақтандырудың жекелеген кластарын шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
"бұл жағдайда" деген сөздер "бұл жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) сақтандыру кластары бойынша бизнес-жоспары уәкілеттi мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес келмегенде.";
15) 43-бапта:
11) тармақшаның мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде "мерзiмiн" деген сөзден кейiн "Ұлттық Банкпен бiрлесiп" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
20) тармақша мемлекеттік тiлдегi мәтінінде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"20) Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, бухгалтерлiк есеп және аудит мәселелерi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бухгалтерлiк есебi стандарттарын белгiлейдi.";
16) 46-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қайта сақтандыруды жүзеге асыру кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi ұстауы, егер осы баптың 3-тармағының талабы бұзылмаса, қайта сақтандыруға берiлетiн сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердiң жалпы көлемiнен бес проценттен кем болмауға мiндеттi.";
17) 47-тармақта:
3-тармақ "талаптарды" деген сөзден кейiн "қалыптастыруға" деген сөзбен толықтырылсын;
18) 51-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларға меншiк құқығын немесе басқару құқығын алатын тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттік органға көрсетiлген мәмiленің жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама ұсынуға мiндеттi.";
2-тармақ алынып тасталсын;
19) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жазбаша ұйғарым - белгіленген мерзiмде анықталған кемшiлiктердi жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қабылдау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нұсқауы.";
20) 55-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықты жою жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның жазбаша нұсқауын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелік ай iшiнде екі және одан да көп) орындамау;";
2-тармақтағы "уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздер алынып тасталсын;
21) 56-бапта:
1-тармақта және 3-тармақтың екiншi бөлiгінде "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер алынып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкілеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгi кезеңде жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлігінiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресімделеді және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнің бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.";
6-тармақта "(ал одан кейiн сот тағайындайтын арнайы басқарушының да)" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ "және тарату комиссиясының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi болмаған жағдайларда не осы шығындарды жабу үшiн оның құны жеткiлiксiз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешiм жөнiндегi ақпаратты орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялау бойынша шығыстарын жабу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 61-бапта:
4-тармақта "бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегі мемлекеттік органмен келiсе отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
23) 66-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiктегi "ерiктi" деген сөзден кейiн "немесе мәжбүрлеп" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiк алынып тасталсын;
24) 67-бапта:
5-тармақ мемлекеттiк тiлдегі мәтiнiнде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органнан өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен iстерiн басқару өкілеттігi заңдарда белгiленген тәртіппен соған көшедi.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы мұрағатта сақтауға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл туралы уәкілеттi мемлекеттік органға хабарлауға міндеттi.";
25) 69-бапта:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақта "арнайы басқарушыға" деген сөздер "тарату комиссиясының төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер ", осы Заңның талаптарын ескере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 70-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiзде тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату өндiрiсiн қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiндегi уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлімiн уәкiлеттi орган бекiтедi.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетiн ай сайынғы сыйақы олардың әрқайсысына он ең төменгі жалақыдан аспауы тиiс";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тарату комиссиясы уәкілетті органмен келiсiлген тарату және тарату балансы туралы есептi сотқа ұсынады.
Сот тарату және тарату балансы туралы есептi бекiтедi және тарату өндiрiсiн аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесін заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға және уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының жұмысына талаптар уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа өткiзуге және бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлауға міндеттi.";
6-тармақ алынып тасталсын;
27) 72-баптың 2-тармағында "туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша" деген сөздер "соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешімі күшiне енгізілгенге дейін не уәкілеттi мемлекеттiк органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енгiзiлгенге дейiн туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"73-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiзде, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілеттi мемлекеттік орган:
1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заң талаптарын, кредиторлардың құқықтарын және заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде кемшiлiктердi жою жөнiнде тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар шығаруға, нұсқаулардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша нұсқауды орындамаған жағдайда кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына өтiніш беруге құқылы.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iсi сотта қаралатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан қажетті ақпаратты aлуға құқылы.
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жауап бередi.".
29) 76-баптағы "қаржы-шаруашылық қызметiнiң" деген сөздер "кiрiстер мен шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат):
17-бапта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөніндегi уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап . Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті