Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Румынияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Румынияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық
миссиясын ашу туралы
Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі салалардағы қазақстан-румын ынтымақтастығын нығайту әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Бухарест қаласында (Румыния) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
2. Румыниядағы Қазақстан Республикасының кеңесші-уәкіліне айына 2375 (екі мың үш жүз жетпіс бес) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті