Құқық бұзушылыққа қарсы күрес және оның алдын алу жүйесiн жетілдiру жөнiндегі ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің жанынан Құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2003 жылғы 2 маусымдағы
N 507 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанында Құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияның құрамы
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының
Қайырбек Шошанұлы Iшкi iстер министрi, төрағаның
орынбасары
Әкiмбеков - Қазақстан Республикасы
Назымбек Қыздарбекұлы Премьер-Министрiнің Кеңсесi
Қорғаныс және құқықтық
тәртiп бөлiмінің меңгерушiсi,
хатшы
Комиссия мүшелерi:
Әбiлхатаев - Қазақстан Республикасы
Марат Кәрiмұлы Президентiнің Әкімшiлiгi
Мемлекеттiк-құқық бөлiмi
меңгерушiсінің орынбасары
(келiсiм бойынша)
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Ілияс Жақыпбекұлы прокурорының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)
Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы Бiлiм және ғылым министрi
Бұлғақбаев - Қазақстан Республикасының
Болатбек Ақылбайұлы Қаржы полициясы агенттiгінiң
төрағасы
Жұмабеков - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы Әдiлет министрi
Кәрбозов - Қазақстан Республикасының
Қозыкөрпеш Жапарханұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Тергеу департаментiнiң бастығы
(келiсiм бойынша)
Котлов - Қазақстан Республикасы
Андрей Николаевич Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсім министрi
Сапарбаев - Қазақстан Республикасы
Бердiбек Мәшбекұлы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнің
2003 жылғы 2 маусымдағы
N 507 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы Құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi жөніндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрестiң жай-күйiн талдау;
2) мыналар:
құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
мемлекеттік органдардың құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрестi күшейтуге, оның тиiмдiлiгін арттыруға бағытталған ұйымдастыру шараларын қабылдау;
құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алу мәселелерi бойынша заңнаманы жетілдiру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрестiң жай-күйi туралы хабардар ету болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия оған жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге;
3) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажетті материалдарды мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) Комиссияның отырысына Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкілдерiн шақыруға және тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
6) құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;
7) мыналар:
Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде;
құқық қорғау органдарының құрылымын жетiлдiру және оңтайландыру, олардың қызметiнің басым бағыттарын айқындау жөнінде;
қылмысқа қарсы күреске және оның тиiмділiгiн арттыруға байланысты шараларды заңнамаға сәйкес қабылдау жөнiнде;
Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдар басшылары мен лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуге;
8) оның құзыретiне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссияға басшылық етудi оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары жүзеге асырады.
6. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комиссия мүшелерi отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссияның отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
7. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалы жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай оның мүшелерiнің кемiнде үштен екiсi болған кезде өткiзiледi.
9. Отырыс күн тәртiбінің әрбiр мәселесi бойынша шешiм ашық дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
10. Оның жұмыс органы белгiлеген тәртiппен дайындайтын Комиссияның шешiмдерi оның төрағасы қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi және барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарға жiбереді.
11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнің Қорғаныс және құқықтық тәртiп бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
12. Комиссияның жұмыс органы мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар ұсынған құжаттар негiзінде Комиссия отырыстарының күн тәртiптерi бойынша қажеттi материалдар дайындайды және белгiленген тәртiппен Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.