Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қостанай облысының әкiмiне облыстың солтүстiк шығыс өңiрiндегі су тасқыны зақымдаған автожолдарды және басқа да құрылыстарды жөндеуге Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен 150 (жүз елу) миллион теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі