"Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының қызметiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Қазақстан Республикасының 1996 ж. 26 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршылары, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
3-бап "шаруашылық байланыстардың" деген сөзден кейiн "бiр немесе бiрнеше қазiргi технологияларды дамытудың" деген сөздермен толықтырылсын;
5-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiмi "немесе арнайы экономикалық аймақ құрылатын аумақтағы әкiмшілік-аумақ бiрлiгiнiң жергіліктi өкілетті және атқарушы органдарының келiсiмi бойынша тиісті орталық атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын;
7-бап мынадай мазмұндағы 2-бөлiкпен толықтырылсын:
"Орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша арнайы экономикалық аймақ құрылған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн орталық атқарушы орган жүзеге асырады".
Қазақстан Республикасының
Президенті