Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді және басқа да объектілерді салу және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезеңіне Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Аудан әкімінің орынбасары лауазымын енгізу үшін Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының штат санының лимиті бір бірлікке ұлғайтылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі