Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Арман Ғалиасқарұлы Дунаевтың "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі