"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 649 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Өрт қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20; 728-құжат; 1999ж., N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., 16.08. N 177-178 "Казахстанская правда") мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Барлық мәтін бойынша "мемлекеттiк комитеттерді", "мемлекеттік комитеттерге", "мемлекеттiк комитеттер" сөздерi алынып тасталсын;
      5-бапта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өрт қауіпсiздiгi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi";
      сегiзiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлер тiзбесiн белгiлейдi;";
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      6-баптың екiншi бөлiмi мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "өрт қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі салалық бағдарламаны әзiрлейдi";
      10-бапта:
      төртiншi бөлiмiндегi он екiншi абзац мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіпте";
      тоғызыншы бөлiміндегi "Басқармалар" сөзi "Бөлiмшелер" сөзiмен ауыстырылсын;
      оныншы, он бiріншi, он екiншi, он үшіншi және он төртiншi және он бесiншi бөлiмдер алынып тасталсын;
      мазмұны төмендегідей 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-3, 10-9, 10-10 және 10-11 баптармен толықтырылсын:
       10-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқаратын, белгiленген тәртiпте арнайы атақ берілген, белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктер мен жетондар берiлген адамдар Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.
      Арнаулы атақтар берiлген Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызмет өткеру, еңбекке ақы төлеу арнаулы атақтар беру, медициналық және санаторлық-курорттық, зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген әлеуметтiк қорғау жағдайлары мен кепiлдiктер қолданылады.
      Еңбек заңы Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне осы Заңға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмейтiн деңгейде қолданылады.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметшiлерi мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
       10-2 бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылдау
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке жасы он сегiзден төмен емес, өзiнiң iскерлiгi, жеке және адамгершiлiк қасиетi, кәсiби деңгейi, денсаулығы және дене жағдайы, бiлiм деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының арнайы оқу орындарына оқуға орта бiлiмi бар, жасы он сегізге толмаған адамдар қабылдана алады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының арнайы оқу орындарына оқуға түскен адамдармен келiсiм-шарт жасалады, онда арнайы оқу орнын бiтiргеннен кейiн Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
      Арнайы оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мерзiмдi әскери қызметтің мерзiмiне есептеледi.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда көрсетiлген жас цензi қажеттi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi бар және заңнамамен белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес келетiн адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының өрт қауіпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы басшысының шешiмiмен өзгертiледi.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымына тағайындалған әскери мiндеттiлер немесе Қазақстан Республикасының өрт қауіпсiздігі жөнiндегi орталық атқарушы органы арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының кадрына қабылданғандар белгiленген тәртiпте әскери есептен шығарылады және Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының арнайы есебiне тұрады.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органына қызметке алғашқы алынып отырған адамдар мiндеттi тәртiпте Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пунктерiнде арнайы алғашқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы белгiлейдi.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органына алғашқы қабылданған адамдар үшiн үш ай мерзiмге дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнің сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, сынақтан өтпеген ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда - сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
      Бұрын сотталғандар және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылғандар, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан дәлелсiз себептермен босатылғандар Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке қабылданбайды.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ант қабылдайды.
       10-3-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудiң шектi жасы
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi заңнамамен белгiленген әскери қызмет жағдайында болудың шектi жасына дейiн қызметте бола алады.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары үшiн қызмет мерзiмi қажеттiлiгiне қарай Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы басшысының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      Қызметтi ұзарту осы Заңда көзделген негiздемелер бойынша Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн жұмыстан босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
       10-4-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтен босату
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының қызметкерi мынадай негiздер бойынша:
      1) еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және зейнеткерлiкке шығуға құқық беретiн әскери қызметте жүрiп шектi жасына жетуi бойынша;
      2) жасына қарай, яғни қызметте жүрiп, белгiленген шектi жасқа жетуi бойынша;
      3) денсаулығы бойынша - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) негiзiнде;
      4) штаттың қысқаруына немесе Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын қайта құруға байланысты басқа қызметке пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
      5) келiсiм шартты бұзуға байланысты;
      6) өз еркi бойынша;
      7) сынақ мерзiмiн өткеру қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз (немесе жарамсыз) нәтиже жағдайында;
      8) қызметтiк-әскери тәртiптi үнемi бұзғаны үшiн;
      9) аттестаттау қорытындысы бойынша қызметiне сәйкес келмеуi;
      10) терiс қылықтар жасағаны, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнің атағына кiр келтiргенi үшiн;
      11) соттың заңды күшiне енген үкiмiне байланысты;
      12) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты қызметтен босатылады.
       10-5-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiлуi:
      қатардағы құрам:
      - iшкi қызметiң қатардағы жауынгерi;
      кiшi басшы құрам:
      - iшкi қызметтің кiшi сержанты, iшкi қызметiң сержанты, iшкi қызметтiң аға сержанты, iшкi қызметтiң старшинасы, iшкi қызметтiң прапорщигi, ішкi қызметтің аға прапорщигi;
      орта басшы құрам:
      - iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты, iшкi қызметтiң лейтенанты, iшкi қызметтің аға лейтенанты, iшкi қызметтің капитаны;
      аға басшы құрам:
      - ішкi қызметтің майоры, iшкi қызметтiң подполковнигi, iшкi қызметтің полковнигi;
      жоғары басшы құрам:
      - iшкi қызметтiң генерал-майоры.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының алғашқы арнаулы атақтарын беруді және Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының кадрына қабылдауды Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы жүргiзедi.
      Қатардағы, кiшi, және орта басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтерiнің, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы ортаны арнайы оқу орындарының бастықтары бередi.
      Аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы бередi.
      Жоғары басшы құрамға арнаулы атақты Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      Заң күшiне енген сот үкiмi бойынша айыпталған Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн арнаулы атақтарынан:
      - қатардағы және кiшi басшы құрамның - қатардағы және кiшi басшы құрамға арнаулы атақтар беруге құқық берiлген бастықтары;
      - орта және аға басшы құрамның - Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы;
      - жоғары басшы құрамның - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте айыруы мүмкiн.
       10-6-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзге де қамтамасыз ету
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн қолданыстағы, заңнамамен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Өртке қарсы мемлекеттiк қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн нысанды және арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
       10-7-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерi мен зейнеткерлерінің тұрғын үй алу құқығы
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеретiн қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiпте қызметтiкке теңестiрілген өздерi тұратын тұрғын үйiн жекешелендiрiп алуына болады.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерлерiнің отбасылары басқа тұрғын үй берiлместен, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға жатпайды.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiпте тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгiленген мөлшерде тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
       10-8-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің демалыстары
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы еңбек демалыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге демалыстар берiледi.
      Еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептемеген) ақы төленетiн қосымша демалыс Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары:
      он жылдан артық - ұзақтығы бес күнтiзбенi күн;
      он бес жылдан артық - ұзақтығы он күнтiзбелiк күн;
      жиырма жылдан артық - ұзақтығы он бес күнтiзбелiк күн берiледi.
       10-9-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мүгедек болған жағдайдағы кепілдiктерi
      Қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтік борышын орындау кезiнде мүгедек болғаны үшiн бiржолғы өтемақы Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атағы бар қызметкерлерiне, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамға төленедi.
      Бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда асырауындағы адамдарға және мұрагерлерiне оның соңғы атқарған қызметi бойынша алпыс айлық көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақаттың, жараланудың, (контузия), зақымданудың, сырқаттанудың салдарынан мүгедектiк белгіленгенде:
      1) 1 топтағы мүгедекке - отыз айлық жалақы;
      2) 2 топтағы мүгедекке - он сегiз айлық жалақы;
      3) 3 топтағы мүгедекке - алты айлық жалақы көлемiндегi бiр жолғы өтемақы төленедi.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтік міндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке әкелмеген ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда, оған бiржарым айлық көлемiнде, жеңiл зақым алса жарты айлық жалақы көлемінде бiржолғы өтемақы төленедi.
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерінiң қаза табуы (қайтыс болуы) жарақаттануы, жаралануы, (зақымдануы), сырқаттануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқарумен байланысты емес жағдайларға байланысты болғандығы белгiленген тәртiпте дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
       10-10-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
      Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарын қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен, арнайы оқу орындарын - республикалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органына ведомстволық бағынысты және мемлекеттiк орган болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң және олардың бөлiмшелерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызметтердi көрсетуге құқығы бар.
       10-11-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң жауапкершілігi
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О пожарной безопасности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2003 года N 649

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О пожарной безопасности".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект 

Закон Республики Казахстан О внесении изменений и дополнений
в Закон Республики Казахстан "О пожарной безопасности"

      Внести в Закон Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 18, ст. 368; 1998 г., N 23, ст. 416; 1999 г., N 20, ст. 728; 1999 г., N 23, ст. 931; 2000 г., N 6, ст. 142; "Казахстанская правда" от 16.08.2002 г. N 177-178) следующие изменения и дополнения:
      по всему тексту слова "государственные комитеты", "государственным комитетам", "государственных комитетов" исключить;
      в статье 5:
      абзац третий изложить в следующей редакции:
      "утверждает отраслевые программы в области пожарной безопасности";
      абзац восьмой изложить в следующей редакции:
      "устанавливает перечень организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается противопожарная служба;";
      абзац девятый исключить;
      часть вторую статьи 6 дополнить абзацем шестнадцатым следующего содержания:
      "разрабатывает отраслевую программу по обеспечению пожарной безопасности";
      в статье 10:
      в части четвертой абзац двенадцатый дополнить словами:
      "в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан";
      в части девятой слово "Управления" заменить словом "Подразделения";
      части десятую, одиннадцатую, двенадцатую, тринадцатую, четырнадцатую и пятнадцатую исключить;
      дополнить статьями 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-8, 10-9, 10-10 и 10-11 следующего содержания:

      "Статья 10-1. Правовое положение сотрудников органов
                    Государственной противопожарной службы

      Сотрудниками органов Государственной противопожарной службы являются лица, состоящие на службе в органах Государственной противопожарной службы, которым в установленном порядке присвоено специальное звание, выданы служебные удостоверения и жетоны установленного образца.
      На сотрудников органов Государственной противопожарной службы, которым присвоены специальные звания, распространяются порядок прохождения службы, оплаты труда, присвоения специальных званий, медицинского и санаторно-курортного, пенсионного обеспечения, а также условия социальной защиты и гарантии, установленные законодательством Республики Казахстан для сотрудников органов внутренних дел.
      Трудовое законодательство к сотрудникам органов Государственной противопожарной службы применяется в той мере, в какой оно не противоречит настоящему Закону и иным нормативным правовым актам, установленным для сотрудников органов внутренних дел.
      Трудовые отношения рабочих и служащих органов Государственной противопожарной службы регулируются законодательством Республики Казахстан о государственной службе и труде.

      Статья 10-2. Прием на службу в органы Государственной
                   противопожарной службы

      На службу в органы Государственной противопожарной службы принимаются граждане Республики Казахстан в возрасте не моложе восемнадцати лет, способные по своим деловым, личным и нравственным, профессиональным качествам, состоянию здоровья и физическому развитию, уровню образования выполнять возложенные на них служебные обязанности.
      На учебу в специальные учебные заведения центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности могут зачисляться лица, имеющие среднее образование, не достигшие восемнадцати лет. При этом с лицами, поступившими на учебу в специальные учебные заведения центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности, заключаются контракты, в которых предусматриваются условия и сроки дальнейшего прохождения службы в органах Государственной противопожарной службы после окончания специального учебного заведения.
      Время обучения в специальном учебном заведении засчитывается в срок срочной военной службы в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      На должности рядового и младшего начальствующего состава органов Государственной противопожарной службы принимаются лица в возрасте не старше тридцати двух лет, среднего и старшего начальствующего состава - не старше сорока лет. В исключительных случаях указанный возрастной ценз изменяется решением руководителя центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности в отношении лиц, обладающих необходимым образованием, уровнем профессиональной подготовки и соответствующих квалификационным требованиям, установленным законодательством.
      Военнообязанные, назначенные на должности рядового и начальствующего состава органов Государственной противопожарной службы или зачисленные в кадры центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности, включая курсантов и слушателей специальных учебных заведений центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности, снимаются в установленном порядке с воинского учета и состоят на специальном учете центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Лица, впервые поступающие на службу в органы Государственной противопожарной службы, в обязательном порядке проходят специальное первоначальное обучение в школах профессиональной подготовки и учебных пунктах органов Государственной противопожарной службы.
      Порядок и условия прохождения первоначальной подготовки в указанных учебных заведениях определяются руководителем центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Для лиц, впервые принимаемых в органы Государственной противопожарной службы, устанавливается испытательный срок до трех месяцев. При неудовлетворительном результате испытания сотрудник органов Государственной противопожарной службы может быть уволен как не прошедший испытания. При положительном результате срок испытания засчитывается в стаж службы.
      Не могут быть приняты на службу в органы Государственной противопожарной службы лица, ранее судимые и освобожденные от уголовной ответственности по нереабилитирующим основаниям, а также уволенные по отрицательным мотивам с государственной службы, из правоохранительных органов, судов и органов юстиции.
      Граждане, поступившие на службу в органы Государственной противопожарной службы, принимают присягу, текст которой утверждается Президентом Республики Казахстан.

      Статья 10-3. Предельный возраст службы в органах
                   Государственной противопожарной службы

      Сотрудники органов Государственной противопожарной службы могут находиться на службе до предельных возрастов состояния на военной службе, установленных законодательством.
      При необходимости отдельным категориям сотрудников органов Государственной противопожарной службы срок службы может быть продлен решением руководителя центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Продление службы не исключает возможности увольнения сотрудника органов Государственной противопожарной службы по основаниям, предусмотренным настоящим Законом.

      Статья 10-4. Увольнение со службы в органах Государственной
                   противопожарной службы

      Сотрудник органов Государственной противопожарной службы увольняется со службы по следующим основаниям:
      1) по выслуге лет (срока службы) и достижению предельного возраста пребывания на военной службе, дающих право на пенсию;
      2) по возрасту, то есть достижению установленного предельного возраста пребывания на военной службе;
      3) по состоянию здоровья на основании заключения (постановления) военно-врачебной комиссии о непригодности или ограниченной пригодности к военной службе;
      4) в связи с сокращением штатов или реорганизацией органов Государственной противопожарной службы в случае невозможности использования в другой должности;
      5) в связи с расторжением контракта;
      6) по собственному желанию;
      7) в случае неудовлетворительного (или отрицательного) заключения по итогам прохождения испытательного срока;
      8) за систематические нарушения служебно-воинской дисциплины;
      9) по служебному несоответствию, выявившемуся по итогам аттестации;
      10) за совершение проступка, дискредитирующего звание сотрудника органов Государственной противопожарной службы;
      11) в связи с обвинительным приговором суда, вступившим в законную силу;
      12) в связи с утратой гражданства Республики Казахстан.

      Статья 10-5. Специальные звания сотрудников органов
                   Государственной противопожарной службы

      Сотрудникам органов Государственной противопожарной службы устанавливаются и присваиваются следующие специальные звания:

                      Рядовой состав
                рядовой внутренней службы;
              Младший начальствующий состав

      младший сержант внутренней службы, сержант внутренней службы, старший сержант внутренней службы, старшина внутренней службы, прапорщик внутренней службы, старший прапорщик внутренней службы;

              Средний начальствующий состав

      младший лейтенант внутренней службы, лейтенант внутренней службы, старший лейтенант внутренней службы, капитан внутренней службы;

              Старший начальствующий состав

      майор внутренней службы, подполковник внутренней службы, полковник внутренней службы;

              Высший начальствующий состав
             генерал-майор внутренней службы.

      Присвоение первых специальных званий среднего и старшего начальствующего состава органов Государственной противопожарной службы и зачисление в кадры центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности производятся руководителем центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Очередные специальные звания рядового, младшего, среднего начальствующего состава присваиваются начальниками Государственной противопожарной службы областей, городов Астаны и Алматы, специальных учебных заведений центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Очередные специальные звания старшего начальствующего состава присваиваются руководителем центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Специальное звание высшего начальствующего состава присваивается Президентом Республики Казахстан по представлению руководителя - центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности.
      Сотрудники органов Государственной противопожарной службы могут быть лишены специальных званий по обвинительному приговору суда, вступившему в законную силу:
      рядового и младшего начальствующего состава - начальниками, которым предоставлено право присвоения специальных званий рядового и младшего начальствующего состава;
      среднего и старшего начальствующего состава - руководителем центрального исполнительного органа Республики Казахстан по пожарной безопасности;
      выcшего начальствующего состава - в порядке, определяемом действующим законодательством Республики Казахстан.

      Статья 10-6. Оплата труда, пенсионное и иное обеспечение
                   сотрудников органов Государственной
                   противопожарной службы

      Денежное довольствие сотрудников органов Государственной противопожарной службы устанавливается на основании единой системы оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета, утверждаемой Президентом Республики Казахстан и осуществляется в порядке, установленном действующим законодательством для сотрудников органов внутренних дел.
      Пенсионное обеспечение сотрудников органов Государственной противопожарной службы осуществляется в соответствии с действующим законодательством.
      Сотрудники органов Государственной противопожарной службы обеспечиваются бесплатно форменным и специальным обмундированием, образцы и нормы положенности которого устанавливаются Правительством Республики Казахстан.

      Статья 10-7. Жилищные права сотрудников и пенсионеров
                   органов Государственной противопожарной службы

      Сотрудники органов Государственной противопожарной службы, состоящие на службе, могут приватизировать занимаемое ими жилище, приравненное к служебному, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Сотрудники и пенсионеры органов Государственной противопожарной службы, а также семьи погибших сотрудников органов Государственной противопожарной службы не подлежат выселению из служебного жилища или жилища, приравненному к служебному, без предоставления другого жилища.
      Сотрудники органов Государственной противопожарной службы в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, имеют право на денежную компенсацию на содержание жилища и коммунальные услуги в размере, установленном Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      Статья 10-8. Отпуска сотрудников органов Государственной
                   противопожарной службы

      Сотрудникам органов Государственной противопожарной службы представляются ежегодные отпуска продолжительностью тридцать календарных дней, а также иные, предусмотренные законодательством Республики Казахстан отпуска.
      Дополнительный оплачиваемый отпуск в зависимости от выслуги лет (в календарном исчислении) предоставляется сотрудникам органов Государственной противопожарной службы, имеющим выслугу более:
      десяти лет - продолжительностью пять календарных дней;
      пятнадцати лет - продолжительностью десять календарных дней;
      двадцати лет - продолжительностью пятнадцать календарных дней.

      Статья 10-9. Гарантии в случае гибели (смерти) или увечья
                   сотрудников органов Государственной
                   противопожарной службы

      При получении увечья сотрудником органов Государственной противопожарной службы, имеющим специальное звание, в период исполнения им служебных обязанностей или служебного долга производится выплата ему единовременной компенсации, а в случае его гибели (смерти) - лицам, имеющим право на ее получение.
      Порядок выплаты единовременной компенсации устанавливается Правительством Республики Казахстан.
      В случае гибели (смерти) сотрудника органов Государственной противопожарной службы при исполнении служебных обязанностей либо в течение года после увольнения со службы вследствие травмы, полученной при исполнении служебных обязанностей или служебного долга, иждивенцам и наследникам выплачивается единовременная компенсация в размере шестидесятимесячного денежного содержания по последней занимаемой должности.
      При установлении сотрудникам органов Государственной противопожарной службы инвалидности, наступившей в результате травмы, ранения (контузии), увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей или служебного долга, им выплачивается единовременная компенсация в размерах:
      1) инвалиду 1 группы - тридцатимесячного денежного содержания;
      2) инвалиду 2 группы - восемнадцатимесячного денежного содержания;
      3) инвалиду третьей группы - шестимесячного денежного содержания.
      В случае получения сотрудниками органов Государственной противопожарной службы при исполнении служебных обязанностей или служебного долга тяжелого увечья (травмы, ранения, контузии), не повлекшего инвалидности, им выплачивается единовременная компенсация в размере полуторамесячного денежного содержания, легкого увечья половины месячного денежного содержания.
      Единовременная компенсация не выплачивается, если в установленном порядке доказано, что гибель (смерть), травма, ранение (увечье), заболевание сотрудника органов Государственной противопожарной службы наступили в связи с обстоятельствами, не связанными с исполнением служебных обязанностей или служебного долга.

      Статья 10-10. Финансирование и материально-техническое
                    обеспечение органов Государственной
                    противопожарной службы

      Финансирование территориальных органов Государственной противопожарной службы осуществляется за счет средств местного бюджета, специальных учебных заведений - за счет средств республиканского бюджета. Государственные предприятия и их подразделения, подведомственные центральному исполнительному органу Республики Казахстан по пожарной безопасности и не являющиеся государственными организациями, имеют право оказывать услуги в области пожарной безопасности, перечень которых утверждается Правительством Республики Казахстан.

      Статья 10-11. Ответственность сотрудников органов
                    Государственной противопожарной службы

      За невыполнение или ненадлежащее выполнение своих служебных обязанностей сотрудники органов Государственной противопожарной службы несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан".

      Президент
      Республики Казахстан