1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесінде:
7-тармақта "СССР-дің 60 жылдығы атындағы Маңғышлақ энергетика комбинатында" деген сөздер "Қазатомөнеркәсіп - Маңғыстау атом энергетика комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.