Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы
және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi
түбінің шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының
түйiсу нүктесi туралы келiсімді бекiту туралы
2003 жылғы 14 мамырда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбінің шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсiм бекiтілсін.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы
және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі
түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу
сызықтарының түйiсу нүктесi туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы,
төмендегiлер туралы келiсті:
1-бап
Тараптар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеп бөлу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге қатысты 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттаманың 1-бабының 5-тармағына, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы apacындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу туралы 2002 жылғы 23 қыркүйектегi келiсiмнiң 1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы 2001 жылғы 29 қарашадағы келiсiмге қатысты 2003 жылғы 27 ақпандағы Хаттаманың 2-бабына сәйкес, 42 0 33',6 солтүстiк ендiк және 49 0 53',3 шығыс бойлық географиялық координаттары бар Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесiнiң орналасу орнын белгiледi.
2-бап
Осы Келiсiм қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және тиiсті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлаған күнінен бастап күшiне енедi.
Алматы қаласында 2003 жылғы 14 мамырда әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерінде үш данадан жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
Қазақстан Республикасы үшін
Әзірбайжан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін