"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары (қосымшаға сәйкес) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегінде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жөнінде маңызды стратегиялық мәні бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болып белгіленсін. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.10. N 158 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 тамыздағы
N 848 қаулысына
қосымша
___________________________________________________________________
N | Әкімшілік-аумақтық | Берушінің атауы
| бірлік |
___________________________________________________________________
1. Астана қаласы "Астана қаласы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2. Алматы қаласы "Алматы қаласы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
3. Алматы облысы "Алматы облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4. Ақтөбе облысы "Ақтөбе облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
5. Атырау облысы "Атырау облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
6. Шығыс Қазақстан "Шығыс Қазақстан облысы бойынша
облысы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
7. Жамбыл облысы "Жамбыл облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
8. Батыс Қазақстан "Батыс Қазақстан облысы бойынша
облысы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
9. Қарағанды облысы "Қарағанды облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
10. Қостанай облысы "Қостанай облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
11. Қызылорда облысы "Қызылорда облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
12. Маңғыстау облысы "Маңғыстау облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
13. Павлодар облысы "Павлодар облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
14. Солтүстік Қазақстан "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
облысы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
15. Оңтүстік Қазақстан "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
облысы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
16. Ақмола облысы "Ақмола облысы бойынша
Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
___________________________________________________________________