Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 953 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын заңнамаға сәйкес мемлекеттiк басқару, бақылау және үйлестiру функцияларын орындауға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады.";
      11-тармақта:
      5), 13), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) спорт, дене тәрбиесi саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және үйлестiредi, олардың нәтижелерiн спорт пен дене тәрбиесi практикасына енгiзедi;
      13) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындарға, әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      15) ведомстволық статистикалық есеп берудi жүзеге асырады, туристiк қызметтiң, спорт пен дене тәрбиесiнiң негiзгi көрсеткiштерi бойынша статистикалық деректердi талдайды және мемлекеттiк статистика органдарына қорытынды материалдар ұсынады;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 7-1), 11-1), 12-1), 12-2), 13-1), 13-2), 13-3, 15-2, 15-3), 15-4 тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттiк бақылау функциясын жүзеге асырады;
      7-1) туризм, дене тәрбиесi және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және кадрларды аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды;
      11-1) дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктер ұйымдастыратын спорттық соның ішінде халықаралық, іс-шараларды өткiзудi келiседi;
      12-1) спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар жасау, спорттық құрылыстарды салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
      12-2) өз құзыретiнiң шегiнде спорттық және туристiк объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету ережелерiнiң сақталуын, спорттық құрылыстардың өту қабiлеттiлiгі нормаларының сақталуын, спорт құрылыстарын пайдалануға қабылдап алуға және оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге дайындық актiлерiнiң жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
      13-1) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындайды және қатысу кезiнде мемлекеттiк қаражат есебiнен бiржолғы сақтандыруды жүзеге асырады;
      13-2) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерi республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен кезде мемлекеттiк қаражат есебiнен өтемақы төлеудi жүзеге асырады;
      13-3) спорт жарыстарын өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын қолдану тәртiбiн айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат бередi;
      15-2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялауды, дене тәрбиесi мен спорт жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеудi жүзеге асырады;
      15-3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
      15-4) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бiрлесiп, спорттық медицинаны дамытады;";
      12-тармақта:
      1), 2), 9), 10), 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өз құзыреті шегінде туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерi жөнiнде ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, регламенттер және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеуге және бекiтуге;
      2) өз құзыретi шегiнде туризм, дене тәрбиесi және спорт саласында халықаралық шарттарды әзiрлеуге, жасасуға және орындауға халықаралық спорттық және туристік ұйымдарда Қазақстанды бiлдiруге және халықаралық спорттық және туристiк іс-шараларға қатысуға;
      9) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп, теңгемен және шетел валютасымен:
      материалдық қамтамасыз етуге, соның iшiнде Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды тамақтандыруға, спортшыларды фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуге, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылар үшiн тәуліктiк шығыстарға;
      спорттық іс-шараларға қатысушыларды көтермелеуге арналған қаражатты жұмсау нормаларын әзiрлеуге және бекітуге;
      10) Олимпиадалық және Азия ойындарына дайындық кезiнде жетекшi спортшылармен және жаттықтырушылармен келісiм-шарттар жасасуға;
      11) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеуге және бекiтуге, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласында арнаулы құрметтi атақтарды, спорттық атақтар мен разрядтарды, төрешiлiк санаттарын, дене тәрбиесi мен спорт қызметкерлерiне санаттар беруге; спортшылар мен туристік және спорттық ұйымдардың қызметкерлерін, республикалық спорттық және басқа да ic-шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, грамоталармен, сыйлықтармен наградтауға;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 2-1), 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) туристік және спорттық құрылыстарды пайдалану жөніндегі талаптарды, туристiк, спорттық iс-шараларды, оқу-жаттығу процесі мен спорттық жиындарды өткізу кезiнде оларды жарақтандыру нормативтерi мен техника қауiпсiздiгі ережелерiн белгiлеуге, спорттық құрылыстардың жiктемесiне сәйкес санаттар беруге;
      1-2) тұрғын аудандарды, әкiмшiлiк ғимараттарды, мектепке дейінгi мекемелер мен оқу орындарын қолданылып жүрген қала құрылысы нормаларының негiзiнде спорттық құрылыстармен қамтамасыз етудiң нормативтерiн әзiрлеуге;
      2-1) спорттық және туристiк нышандарды (эмблемаларды, жалауларды, вымпельдердi, белгiлердi) әзiрлеуге, бекiтуге және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлеуге;
      8-1) спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыруға;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1755

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2003 года N 953. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 октября 2004 г. N 1130 (P041130).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.10.2004 № 1130.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" от 2 декабря 1999 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1755 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 51, ст.505) следующие изменения и дополнения:

      В Положении об Агентстве Республики Казахстан по туризму и спорту, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту (далее - Агентство) является центральным исполнительным органом, не входящим в состав Правительства Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах туризма, спорта и физической культуры, уполномоченным на выполнение в соответствии с законодательством функций государственного управления, контроля и координации.";

      в пункте 11:

      подпункты 5), 13), 15) изложить в следующей редакции:

      "5) организует и координирует научные исследования в области спорта, физической культуры и внедряет их результаты в практику спорта и физической культуры;

      13) организует и осуществляет подготовку сборных команд Республики Казахстан по видам спорта и обеспечивает их участие в чемпионатах стран Содружества Независимых Государств, мира, Азии, Европы, Азиатских, Олимпийских и Паралимпийских играх, Кубках мира и Азии, других международных соревнованиях;

      15) осуществляет ведомственную статистическую отчетность, анализирует статистические данные по основным показателям туристской деятельности, спорта и физической культуры и представляет итоговые материалы в государственные органы статистики;";

      дополнить подпунктами 1-1), 7-1), 11-1), 12-1), 12-2), 13-1), 13-2), 13-3), 15-2), 15-3), 15-4) следующего содержания:

      "1-1) осуществляет функции государственного контроля в области туризма, спорта и физической культуры;

      7-1) организует подготовку, переподготовку, повышение квалификации кадров и определяет порядок аттестации кадров в области туризма, физической культуры и спорта;

      11-1) согласовывает проведение спортивных мероприятий, в том числе международных, организуемых общественными объединениями по физической культуре и спорту;

      12-1) координирует деятельность по производству спортивного инвентаря и оборудования, строительству спортивных сооружений;

      12-2) в пределах своей компетенции осуществляет контроль за соблюдением правил эксплуатации и технического обслуживания спортивных и туристских объектов, за соблюдением норм пропускной способности спортивных сооружений, за приемкой в эксплуатацию спортивных сооружений и составлением актов готовности к проведению учебно-тренировочных занятий и спортивно-зрелищных мероприятий;

      13-1) осуществляет за счет государственных средств разовое страхование при подготовке и участии членов национальных сборных команд Республики Казахстан по видам спорта в официальных международных соревнованиях;

      13-2) осуществляет за счет государственных средств компенсационные выплаты членам сборных команд Республики Казахстан по видам спорта при получении ими травм и увечий на республиканских соревнованиях;

      13-3) определяет порядок применения государственных символов Республики Казахстан при проведении спортивных соревнований, выдает разрешение на использование наименования "Сборная команда Республики Казахстан" при оформлении спортивных костюмов и других спортивных принадлежностей;

      15-2) осуществляет лицензирование деятельности по оказанию физкультурно-

      оздоровительных и спортивных услуг, аккредитацию республиканских общественных объединений, осуществляющих деятельность по физической культуре и спорту;

      15-3) совместно с уполномоченным органом по стандартизации, метрологии и сертификации участвует в сертификации и стандартизации в области туризма, спорта и физической культуры;

      15-4) совместно с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в области охраны здоровья граждан, развивает спортивную медицину;";

      в пункте 12:

      подпункты 1), 2), 9), 10), 11) изложить в следующей редакции:

      "1) разрабатывать и утверждать в пределах своей компетенции правила, положения, инструкции, регламенты и иные нормативные правовые акты по вопросам туризма, спорта и физической культуры;

      2) в пределах своей компетенции разрабатывать, заключать и исполнять международные договоры в области туризма, физической культуры и спорта, представлять Казахстан в международных спортивных и туристских организациях и участвовать в международных спортивных и туристских мероприятиях;

      9) разрабатывать и утверждать совместно с уполномоченным органом по бюджетному планированию нормы расходования средств в тенге и иностранной валюте на:

      материальное обеспечение, в том числе на питание спортсменов, зачисленных в штатные национальные команды Республики Казахстан, обеспечение фармакологическими восстановительными средствами спортсменов, суточные расходы для участников Олимпийских,

      Паралимпийских, Азиатских, Восточно-Азиатских игр и других международных соревнований;

      поощрение участников спортивных мероприятий;

      10) заключать контракты с ведущими спортсменами и тренерами при подготовке к Олимпийским и Азиатским играм;

      11) разрабатывать и утверждать отраслевую систему поощрения, присваивать специальные почетные звания в области туризма, спорта и физической культуры, спортивные звания и разряды, судейские категории, категории работникам физической культуры и спорта; награждать медалями, знаками, дипломами, грамотами, призами спортсменов и работников туристских и спортивных организаций, победителей и призеров республиканских спортивных и других мероприятий;";

      дополнить подпунктами 1-1), 1-2), 2-1), 8-1) следующего содержания:

      "1-1) устанавливать требования по эксплуатации туристских и спортивных сооружений, нормативы их оснащения и правила техники безопасности при проведении туристских, спортивных мероприятий, учебно-тренировочного процесса и спортивных сборов, присваивать категории в соответствии с классификацией спортивных сооружений;

      1-2) разрабатывать нормативы обеспеченности жилых районов, административных зданий, дошкольных учреждений и учебных заведений спортивными сооружениями на основе действующих градостроительных норм;

      2-1) разрабатывать, утверждать спортивную и туристскую символику (эмблемы, флаги, вымпелы, значки) и определять порядок их использования;

      8-1) осуществлять контроль за проведением антидопинговых мероприятий в спорте;".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан