"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң "Арыстан" қызметi мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрi - "Арыстан" қызметi) "Арыстан" қызметi мен "Конструкторское бюро приборостроения" мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы) арасындағы 2003 жылғы 14 мамырда жасалған N КBP 6156120915/101 келiсiм-шарты бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда атыс қару-жарағының (СЭҚ TH 930100000 коды) импортына рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен "Арыстан" қызметiне осы қаулыға қосымшада көрсетiлген атыс қару-жарағының импортына лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген өнiмге бақылау мен кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 2 қазандағы
N 1017 қаулысына
қосымша
ҚР ҰҚК-нiң "Арыстан" қызметi мен "Конструкторское
бюро приборостроения" мемлекеттік біртұтас кәсiпорны
(Ресей Федерациясы) арасындағы 2003 жылғы 14 мамырда
жасалған N КВР 6156120915/101 келісiм-шарты бойынша
берiлетiн атыс қару-жарағының номенклатурасы мен саны
___________________________________________________________________
Р/с| Атауы | Өлшем | Саны |Бiр бiрлiгi |Жалпы құны
N | | бiрлiгi | |үшiн бағасы | АҚШ
| | | | АҚШ |долларымен
| | | | долларымен |
___________________________________________________________________
1 9 мм ВСК-94 мергендiк жиынтық 12 1640,0 19680,0
винтовка
2 ПКН-03 оптикалық дана 12 3480,0 41760,0
мергендiк көздеуiш
3 9 мм 9А-91 шағын жиынтық 80 785,0 62800,0
көлемдi автомат
4 9 мм 9A-91 шағын дана 80 179,0 14320,0
көлемдi автоматқа
ПБС 9А-91.08.000
дыбыссыз атыс
приборы
5 ПКС-01 оптикалық дана 80 220,0 17600,0
мергендiк көздеуiш
6 9A-91 9A-91.13.000 жиынтық 1 165,0 165,0
100 бұйымға топтық
ЗИП жиынтығы
7 9А-91.05.000 дана 344 48,0 16512,0
оқжатар
8 OCB-96 12.7 мм жиынтық 8 5200,0 41600,0
мергендiк винтовка
9 ОСВ-96 мергендiк дана 4 4850,0 19400,0
винтовкасына
арналған
ПКН-05 түнгi көру
көздеуiшi
10 OCB.05.000 оқжатар дана 16 95,0 1520,0
11 9 мм СП-5 патроны дана 100920,0 3,48 351201,6
12 9 мм СП-6 патроны дана 40000,0 3,95 158000,0
13 Б-32 сауыт бұзар- дана 2080,0 3,2 6656,0
тұтандырғыш оғы
бар 12,7 мм патрон
(индекс 57-Б3-542)
Жиыны 751214,6
___________________________________________________________________