Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасу мерзiмдерi туралы лицензиялардың шарттарының бұзылуына байланысты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған бұрын берiлген лицензиялар қайтарылып алынсын.
2. "Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларды қайта ресімдеу және оларға өзгерiстер енгiзу, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларды қайтарып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 наурыздағы N 348 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2003 жылғы 6 қазандағы
N 1024 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына
арналған қайтарылып алынатын лицензиялардың тiзбесi
___________________________________________________________________
N | Лицензия |Жер қойнауын|Лицензияның атауы, |Ескерту
|(сериясы, |пайдаланушы |жер қойнауын пайдалану |(лицензиялық
| нөмiрi, | |объектілерінің орналасқан|шарттардың
| берiлген | |жері (лицензияны беру |бұзылуы)
| күнi) | |сәтіндегі жағдай бойынша)|
___________________________________________________________________
1 Сериясы MГ "Целинный Көкшетау облысының Айыртау Өндіруге
N 808 тау-кен- ауданында Грачевское кен арналған
(уран) химия орнының уран рудаларын келісім-шарт
1996 жылғы комбинаты" өндiру жасалмаған
8 қаңтар мемлекеттік (6.1-тармақша)
холдинг ком.
паниясының
N 5 руда
басқармасы
2 Сериясы АИ "Қазатом. Солтүстiк-Қазақстан Өндiруге
N 1528 өнеркәсіп" облысының Уәлиханов арналған
1999 жылғы ұлттық ауданында Семiзбай кен келісім-шарт
4 наурыз атом орнының уранын өндiру жасалмаған
компаниясы" (5-тармақ)
жабық
акционерлік
қоғамы
3 Сериясы МГ "Концерн Ақтөбе облысының Ленинск Өндiруге
N 1264 ЕЛРОВО" ауданында Жосалы кен арналған
(никель, ашық орнының силикатты келісім-шарт
кобальт) үлгідегі никель-кобальт жасалмаған
1997 жылғы акционерлік рудаларын өндіру (6.1-тармақша)
5 наурыз қоғамы
4 Сериясы ГКИ "Полигон Шығыс-Қазақстан Өндiруге
N 1385 ресурстары" облысындағы Балықты арналған
(алтын, жауапкер. аймағының алтынын, келісім-шарт
түсті және шілігі түстi және сирек (6.1-тармақша)
сирек шектеулі кездесетiн металдарын (7.1-тармақша)
кездесетiн серіктес. барлау
металдар) тігі
1998 жылғы
19 ақпан
5 Сериясы АИ "РЭП Қарағанды облысындағы Өндiруге
N 1532 барлау Төменгi Қайрақты арналған
1999 жылғы пайдалану байыту фабрикасының келісім-шарт
10 қыркүйек кәсіпорны" техногенді минералды пайда (7.1-тармақша)
жауапкер. болуларын өндіру (5-тармақ)
шiлiгi
шектеулі
сертектес.
тiгi
___________________________________________________________________