Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Нормативтік құқықтық актiлер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң;";
2) 2-баптың 4-тармағының бiрiншi абзацында "2)" деген сан "1)" деген санмен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағында:
6) тармақшада "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;";
4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерімен реттелетiн қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының кодекстерi мынадай қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық;
3) азаматтық іс жүргізу;
4) су;
5) жер;
6) орман;
7) салық;
8) кеден;
9) көлiк;
10) еңбек;
11) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
12) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
13) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
14) қылмыстық iс жүргiзу.";
5) 4-бапта:
2-тармақта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) орталық мемлекеттiк органдардың ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;";
4-тармақта "және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақ "нормативтік" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
6) 15-баптың 3-тармағында "уәкiлеттi" деген сөз "жоғары тұрған мемлекеттiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 16-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) актiнiң түрiне нұсқау;";
7) тармақшада "министрлiгiнде" деген сөз "органдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нормативтiк құқықтық актілердiң жобалары бойынша осы актiлермен реттелетiн құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми сараптама (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу міндетті.";
9) 25-бапта:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн осы органдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулыларымен;";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауына уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдау жөнiнде құзыретi заңда тiкелей көзделген жағдайда ғана жол берiледi.";
10) 27-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, бiр мезгiлде осы актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөлiгiнiң күшi жойылды деп танылады.
6. Күшiне енбеген нормативтік құқықтық, актiлер күшi жойылды деп таныла алмайды. Қажет болған кезде мұндай нормативтiк құқықтық актiлер жойылуы мүмкін.";
11) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және қолданысқа енгiзу уақыты
1. Осы тармақтың екiншi абзацында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, - егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, оларды алғашқы ресми жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының қаулылары - егер актiлердің өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күнiнен бастап;
4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдардың ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмияттардың нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, - егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, оларды алғашқы ресми жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақшалары мен баптың абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгенiнен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жауапкершiлiк жүктелмеген iс-қимылдар үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғысымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгiленетiн нормативтiк құқықтық актi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.
5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күнi болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бiр мезгiлде жариялануы тиiс.
6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.";
12) 38-баптың 1-тармағында:
"1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
"министрлiгiнде" деген сөз "органдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 40-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "шығарылған" деген сөзден кейiн "нормативтiк" деген сөзбен толықтырылсын;
14) 47-баптың 2-тармағында ", мемлекеттiк комитеттер" деген сөздер алынып тасталып, "мен" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті