Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны
бекiту туралы"
2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
көмек пен құқықтық қатынастар туралы
КОНВЕНЦИЯ
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптардың атынан, Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығына қатысушы-мемлекеттер, осы Конвенцияға қатысушылар,
Әрбiр Уағдаласушы деп аталатын Тараптардың азаматтары мен оның аумағында тұратын басқа да адамдарға барлық Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында олардың жеке, мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын сенiмдi құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
әдiлет мекемелерiне азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету саласында ынтымақтастықты дамытуға зор мән бере отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
I Тарау
Жалпы ережелер
I бөлiм. Құқықтық қорғау
1-бап
Құқықтық көмектi ұсыну
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптардың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа да адамдар барлық басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында осы Уағдаласушы Тараптың өз азаматтары сияқты, олардың жеке, мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын құқықтық қорғауды пайдаланады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптардың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа адамдар басқа Уағдаласушы Тараптардың соттарына, прокуратурасына, iшкi icтеp органдарына, қауiпсiздiк органдарына және құзыретiне азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жататын өзге де мекемелерiне (бұдан әрi - әдiлет мекемелерi деп аталатын) еркiн және кедергiсiз жүгiнуге құқылы, осы Уағдаласушы Тараптың азаматтары сияқты шарттарда оларда сөз сөйлеуге, өтiнiштер беруге, талаптар ұсынуға және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыра алады.
2-бап
Баждарды төлеуден және шығындарды өтеуден босату
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптардың азаматтары мен оның аумағында тұратын басқа да адамдар басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында өз азаматтары сияқты шарттарда, сот және нотариаттық баждар мен шығындарды төлеуден және өтеуден босатылады, сондай-ақ тегiн заң көмегiн пайдаланады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңiлдiктер шешiм мен үкімнiң орындалуын қоса, азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша жүзеге асырылатын барлық iс жүргiзу әрекеттерiне қолданылады.
3-бап
Отбасылық және мүлiктiк жағдай туралы құжатты беру
1. Осы Конвенцияның 2-бабында көзделген жеңілдiктер өтiнiштi қозғайтын адамның отбасылық және мүлiктiк жағдайы туралы құжат негiзiнде беріледi. Бұл құжатты аумағында өтiнiш иесiнiң тұратын немесе орналасқан жерi бар Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемесi бередi.
2. Егер өтiнiш иесiнiң Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жерi немесе орналасқан жерi болмаса, онда ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың тиiстi дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi берген құжатты беру жеткілiктi.
3. Жеңілдiктер беру туралы өтiнiш бойынша шешiм шығаратын мекеме құжатты берген мекемеден қосымша деректердi немесе қажеттi түсiнiктемелердi талап етуi мүмкiн.
II бөлiм. Құқықтық көмек 4-бап
Құқықтық көмек көрсету
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемесi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетедi.
2. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген iстер бойынша Уағдаласушы Тараптардың басқа мекемелерiне де құқықтық көмек көрсетедi.
3. Құқықтық көмек тапсырмалар мен осы Конвенцияда көзделген, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiнiң сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiне жiберген өзге де өтiнiштерi негiзiнде көрсетiледi.
5-бап
Қатынастар тәртiбi
1. Құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi егер осы Конвенцияда қатынастардың өзге тәртiбi белгiленбесе, бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық, аумақтық және басқа да органдары арқылы қатынас жасайды. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң тiкелей қатынастарды жүзеге асыруға уәкілеттi орталық, аумақтық және басқа да органдарының тiзбесiн айқындайды, ол туралы бекiту грамоталары мен бiрiгу туралы құжаттарды беру сәтiнде депозитарийге хабарлайды.
Уағдаласушы Тараптар орталық, аумақтық және басқа да органдар тiзбесiндегi өзгерiстер туралы депозитарийге хабарлайды.
2. Прокурор (соттың) санкциясын талап ететiн iс жүргiзу әрекеттерi мен iздестiру iс-шараларын жүргiзу туралы тапсырмаларды орындау мәселелерi жөнiндегi қарым-қатынастар прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады.
6-бап
Құқықтық көмек көлемi
Уағдаласушы Тараптар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген iс жүргiзу мен өзге де iс-әрекеттерiн орындау, атап айтқанда құжаттарды жасау, адресатқа жiберу және тапсыру, қарау, тiнту, тауып алу, айғақты заттарды беру, сараптамалар жүргiзу, тараптардан, үшiншi адамдардан, күдiктiлерден, айыпкерлерден, жәбiрленушiлерден, куәлардан, азаматтық талапкерлерден, азаматтық жауапкерлерден, олардың өкілдерiнен, айыпкерлердiң заңды өкiлдерiнен, сарапшылардан жауап алу, тану үшін, оның iшінде бейне байланысты, бейне жазбаны және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып ұсыну, адамдарды iздеу, тергеу жүргiзудегi қылмыстық iстер, қылмыстық қудалау шегiнде қаралатын қылмыстық iс шеңберiнде жедел iздестiру iс-шараларын жүзеге асыру, қылмыстық қудалау, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту немесе үкімдi орындауды жүргiзу үшiн адамдарды беру, азаматтық iстер, коммерциялық және өзге де экономикалық даулар бойынша шешiмдердi орындау үшiн азаматтық жауапкерлердiң қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаттары мен мүлiктерiн iздестiру және тыйым салу (алу), азаматтық iстер бойынша атқарушы жазбаларды, сот шешiмдерiн және үкiмдерiн тану және орындау арқылы өзара құқықтық көмек көрсетедi.
Уағдаласушы Тараптар нақты жағдайларға, сот төрелiгi мен тұтастай қоғам мүдделерiне сүйене отырып, өзге нысандар мен түрлерде Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдарына сәйкес өзара құқықтық көмек көрсетуi мүмкiн.
7-бап
Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманың
мазмұны мен нысаны
1. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада:
а) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң атауы;
б) сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң атауы;
в) құқықтық көмек сұратылған iстiң атауы мен нөмiрi;
г) жеке тұлға туралы: тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен орны, мекен-жайы, азаматтығы, қызметiнiң түрi; заңды тұлға туралы деректер: атауы, заңды мекен-жайы немесе орналасқан жерi, банктiк реквизиттерi мен фискальдық кодтары;
д) "г" тармақшасында көрсетiлген тұлғалар өкiлдерi бар болғанда, олардың тектерi, аттары, әкелерiнiң аттары және мекен-жайлары;
e) оны орындау барысында алынған тапсырмалар мен мәлiметтердiң келiп-түсу құпиялылығын қамтамасыз eту қажеттiгi;
ж) оны орындау үшiн қажеттi тапсырманың мазмұны, сондай-ақ басқа да мәлiметтер көpceтiлуi тиiс.
2. Құжатты тапсыру туралы тапсырмада сондай-ақ алушының нақты мекен-жайы және тапсырылатын құжаттың атауы көрсетiлуге тиiс.
3. Тапсырмада iс кiмнiң өндiрiсiнде, сол адамның қолы қойылуға және сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлуге тиiс. Тапсырмада сондай-ақ қатынас телефондары мен өзге де байланыс арналары көрсетiледi.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарының талаптарына сәйкес ресiмделген құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне осы Конвенцияның 5-бабының ережелерiн сақтай отырып, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң басшысы жібередi.
5. Күттiрiлмейтiн жағдайларда, осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес ресiмделген құқықтық көмек туралы тапсырма факсимильдi байланыс арқылы, сондай-ақ өзге де коммуникация құралдарын пайдалана отырып жiберiлуi мүмкiн. Сонымен бiр уақытта тапсырманың түпнұсқасы почтамен немесе курьермен жiберiлуге тиiс.
8-бап
Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы
орындау тәртiбi
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау кезiнде өзiнiң Уағдаласушы Тарабының заңнамасын қолданады. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша ол сұрау салған Уағдаласушы Тараптың iс жүргiзу нормаларын, егер олар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмесе қолдана алады. Бұл ретте сұрау салған Уағдаласушы Тарап iс жүргiзу заңының мәтiнiн ұсынуға тиiс.
2. Егер сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тапсырманы орындауға құзыреттi болмаса, онда ол 5 күн мерзiмде оны құзыреттi әдiлет мекемесiне жiбередi және ол туралы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне хабарлайды.
3. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша сұрау салынған Уағдаласушы Тарап оған өзi уәкiлеттiк берген өкiлдер сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң келiсiмiмен және оның заңнамасына сәйкес тапсырманы, сондай-ақ, егер бұл сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына қайшы келмесе, орындау кезiнде қатысуға, сондай-ақ iс жүргiзу әрекеттерi мен iздестiру iс-шараларын орындауға қатыса алатындай, тапсырманы орындау уақыты мен орны туралы уақтылы хабарлайды.
4. Егер тапсырмада көрсетілген адамның нақты мекен-жайы белгілi болмаса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi оның нақты мекен-жайын (орналасқан орнын) анықтау үшін қажеттi шараларды қолданады.
5. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тапсырманы орындағаннан кейiн, егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, алынған құжаттарды, заттарды және материалдарды сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне жiбередi. Егер құқықтық көмек көрсетiле алмаған жағдайда, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тапсырманы орындауға кедергi жағдайлар туралы хабардар етiледi.
9-бап
Жәбiрленушiлердi, азаматтық талапкерлердi, азаматтық жауапкерлердi, олардың өкiлдерiн, куәларды, сарапшыларды
және басқа да адамдарды шақыру
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң тапсырған, шақыру бойынша сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне келген жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ куә, сарапшы немесе басқа адам оның аумағында өзiнiң азаматтығына қарамастан, оның мемлекеттiк шекарасынан өткенге дейiн өзi жасаған әрекетi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы, қамауға алынуы және жазаға тартылуы мүмкiн емес. Осындай адамдар сондай-ақ талқылаудың мәнi болып табылатын iс бойынша олардың куәлiк жауаптарына немесе сарапшылар ретiндегi қорытындыларына байланысты жауапкершiлiкке тартылуы, қамауға алынуы немесе жазаға тартылуы мүмкiн емес.
Олардың қылмыстық жауапкершiлiгi туралы мәселе осы Конвенцияның IY тарауының ережелерiне сәйкес шешiледi.
2. Шақырылған адам, егер ол бұған мүмкiндiгi бола тұра, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң оған оның аумағында оның одан әрi болу қажеттiгiнiң жоқтығы туралы хабарлаған күннен бастап 15 тәулiк өткенге дейiн сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе, бұл иммунитеттi жоғалтады. Осы мерзiмге осы адамның өз еркiне тәуелсiз себептер бойынша сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағынан кете алмаған уақыты есептелмейдi.
3. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, шақыртылған адамның жол жүруiмен, сондай-ақ оның аумағында болуымен байланысты шығыстарды және жұмыстан босатылған күндерi үшiн алынбаған жалақыны өтейдi; сарапшылар сараптамалар жүргiзгенi үшiн сыйақы алуға құқылы. Шақыруда шақыртылған адам қандай төлемдер алуға құқылы екендiгi көрсетiлуі тиiс; олардың өтiнiшi бойынша сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тиiстi шығыстарды жабуға аванс төлейдi.
4. Бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдарды екiншi Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне шақыру келмеген жағдайда, мәжбүрлеу қаупiн қамтымауға тиiс.
10-бап
Сараптамалық зерттеулердi жүргiзудi ұйымдастыру
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi Уағдаласушы Тараптардың арнайы сарапшылық, ғылыми-зерттеулер мен өзге де құзыреттi мекемелерiнде азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша сараптамалар ұйымдастыру мен жүргiзуде өзара құқықтық көмек көрсетедi.
2. Осындай сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi iшкi заңнаманы басшылыққа алады. Сарапшылардың сұрау салынған Уағдаласушы Тарапта берiлген қорытындылары осы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес сұрау салған Уағдаласушы Тарапта да сондай заңды күшке ие және осы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiмен қандай да бiр арнайы куәландырусыз қабылданады.
3. Егер Уағдаласушы Тараптар өзге тәртiптi айқындамаса, осындай жағдайларда сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргiзудегi шығыстарды сұрау салған Уағдаласушы Тарап көтередi.
11-бап
Құжаттарды тапсыру
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi құжаттарды тапсыруды, егер тапсырылатын құжаттар осы Уағдаласушы Тараптың тiлiнде немесе орыс тiлінде не осы тілдерге аударма жарақталса, осы Уағдаласушы Тараптың қолданыстағы тәртiбiне сәйкес жүзеге асырады. Керiсiнше жағдайда, егер ол оларды өз еркiмен қабылдауға келiссе, ол құжаттарды алушыға бередi.
2. Егер құжаттар тапсырмада көрсетiлген мекен-жай бойынша тапсырыла алмайтын болса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi өзiнің бастамасы бойынша мекен-жайды анықтау үшiн қажеттi шараларды қабылдайды. Егер алушының мекен-жайын анықтау мүмкiн болмаса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiн ол туралы хабардар етедi және оған тапсырылуға тиiс құжаттарды қайтарады.
3. Құжаттарды тапсыру құжат тапсырылған адамның қолы қойылған растамамен және құжатты тапсырған мекеме қызметкерiнiң тапсырған қол қойған және күнi немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлген тапсыру тәсiлi, орны және уақыты көрсетiлуге тиiс осы мекеме берген өзге де құжатпен куәландырылады. Егер адресат құжаттарды алудан немесе растамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi ол туралы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне хабардар етедi.
12-бап
Құжаттардың жарамдылығы
1. Бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында берiлген немесе құзыреттi мекеме не оған оның құзыретi шегiнде және белгiленген нысан бойынша арнайы уәкілеттiк берiлген адам куәландырған және елтаңбалы мөрмен бекiтедi құжаттар барлық басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында қандай да бiр арнайы куәландырусыз қабылданады.
2. Бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжаттар ретiнде қаралатын құжаттар басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында ресми құжаттардың дәлелдi күшi болып пайдаланылады.
13-бап
Азаматтық жағдай мен басқа да құжаттар туралы
құжаттарды жiберу
1. Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне сұрау салу бойынша құжаттарды жiберу туралы азаматтарға хабарлай отырып, Уағдаласушы Тараптардың тiкелей азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдары арқылы азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы құжаттарды аудармасыз және тегiн жiберуге мiндеттенедi.
2. Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне сұрау салу бойынша бiлiм, еңбек стажы туралы және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың азаматтары мен оның аумағында тұратын өзге де адамдардың жеке, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарына қатысты басқа да құжаттарды аудармасыз және тегiн жiберуге мiндеттi.
14-бап
Дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық
мекемелердiң өкілеттiктерi
Уағдаласушы Тараптардың дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi соттық және соттық емес құжаттарды берудi немесе өкілдік жасалатын Уағдаласушы Тарапқа соттар үшiн жауап алу жөнiндегi соттық тапсырмаларды қолданыстағы халықаралық келiсiмдерге сәйкес немесе осындай келiсiмдер болмағанда, олар орналасқан аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңнамасына қайшы келмейтiн кез келген өзге де тәртiппен орындауды жүзеге асыруға құқығы бар.
15-бап
Құқықтық мәселелер туралы ақпарат
Уағдаласушы Тараптардың орталық әдiлет мекемелерi бiр-бiрiне сұрау салу бойынша өздерiнiң Уағдаласушы Тараптарының қолданыстағы және қолданыста болған iшкi заңдары мен оны қолдану практикасы туралы мәлiметтердi бередi.
16-бап
Мекен-жайлар мен басқа да деректердi анықтау
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салу бойынша олардың аумақтарында тұратын адамдардың және, егер бұл олардың азаматтарының құқықтарын жүзеге асыру үшiн талап етiлсе, заңды тұлғалардың мекен-жайларын анықтауда бiр-бiрiне көмек көрсетедi. Бұл ретте сұрау салған Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiште көрсетiлген адамның мекен-жайын анықтау үшiн өздерiнде бар деректердi хабарлайды.
2. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салған Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнде азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша мүлiктiк талап етiлген, олардың аумақтарында тұратын адамдардың жұмыс орны (қызмет түрi) мен кiрiсiн; соның iшiнде банктердегi шоттарда бар қаражатын анықтауда өзара көмек көрсетедi.
17-бап
Тілдер
Осы Конвенцияны орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тілдерiн немесе орыс тiлiн пайдаланады.
Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тілдерiндегi құжаттар орындалған жағдайда оған расталған орыс тiлiне аудармалары қоса берiледi.
18-бап
Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар
1. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстарды егер осы Тұжырымдамада өзгеше белгiленбесе, олар туындаған аумақтағы Уағдаласушы Тарап көтередi.
2. Тарихи және мәдени құндылыққа ие, заттарды беру мен тасымалдау жөнiндегi шығыстарды, сондай-ақ үлкен материалдық құнға сұрау салған Уағдаласушы Тарап көтередi.
19-бап
Лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне шағымдану.
Келтiрiлген залалды өтеу
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ оның аумағындағы өзге де адамдар, егер Конвенцияда өзгеше белгіленбесе, Уағдаласушы Тараптың заңнамасында көзделген тәртiппен, осындай әрекеттердi жасау орны бойынша осы Конвенцияда ережелерiн орындау кезінде олармен жасалған басқа Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiнің лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне шағымдануға құқылы.
2. Егер осы Конвенцияны орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекеттерiнен осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдарға зиян келтiрiлсе, онда олар осындай зиян келтiрген Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес әдiлет мекемелерiнiң лауазымды адамдарынан оны өндiрудi талап етуге құқылы.
20-бап
Құқықтық көмек көрсету кезiнде мәлiметтердiң
құпиялылығы
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнің сұрау салуы бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы алу фактiсi мен мазмұнының және оны орындау нәтижесiнде алынған деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Сұрау салған және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптардың Әдiлет мекемелерi қажет болғанда алынған және тапсырманы орындау нәтижесi мәлiметтерiнiң құпиялылығын сақтау шарттары мен мерзiмдерiн өзара келiседi.
21-бап
Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту
Құқықтық көмек көрсетуде егер осындай көмек көрсету сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрсе не заңдарына қайшы келсе, толықтай немесе жартылай бас тартылуы мүмкiн. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштен бас тартылған жағдайда, сұрау салған Уағдаласушы Тарап тезарада бас тарту себептерi туралы хабарлайды.
II Тарау
Азаматтық және отбасылық істері бойынша құқықтық қатынас 1-Бөлім. Құзырет 22-бап
Жалпы ережелер
1. Егер осы тараудың II-Y бөлiмдерiнде өзгеше белгіленбесе, онда Уағдаласушы Тараптың бiреуiнiң аумағында тұрғылықты жерi бар адамдарға қойылатын талаптар олардың азаматтығына қарамастан, осы Уағдаласушы Тараптың соттарына қойылады, ал соның аумағында заңды тұлғаны басқару органы, оның өкiлдiгi не филиалы орналасқан заңды тұлғаларға қойылатын талаптар осы Уағдаласушы Тараптың соттарына қойылады.
Егер iске әртүрлi Уағдаласушы Тараптардың аумағында тұрғылықты жерi бар, бiрнеше жауапкерлер қатысса, онда даулар талапкердiң таңдауы бойынша кез келген жауапкердiң тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттары оның аумағында:
а) жауапкер кәсіпорнының (филиалының), сауда, өнеркәсiптiк немесе өзге де шаруашылық қызметi жүзеге асырылған;
б) даудың мәнiсi болып табылатын шарттан туындайтын мiндеттеме орындалған немесе толық немесе жартылай орындалуға тиiс болған;
в) ар-намысын, абыройы мен iскер атағын қорғау туралы талап бойынша талапкердiң тұрақты орны немесе орналасқан жерi болған жағдайда да құзыреттi.
3. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы және де өзге заттық құқықтар туралы талаптар бойынша тек осындай мүлiк орналасқан жердегi соттар ғана құзыреттi.
Жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау шартынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар оған белгiленген тәртiпте наразылық қойылған көлiк ұйымы басқармасының орналасқан жерiнде қойылады.
23-бап
Шарттық сотқа жататындар
1. Уағдаласушы Тараптардың соттары егер тараптардың мәнi бойынша қарауға дейiн қол жеткiзген дауды осы соттарға беру туралы жазбаша келiсiмi болса, iстердi басқа жағдайларда да қарай алады.
Бұл ретте, осы I-Y тараудың бөлiмдерiмен белгiленген, осы Тұжырымдаманың нормаларынан, сондай-ақ тиiстi Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдарынан туындайтын сотқа жататындығы тараптардың келiсiмiнсiз өзгеруi мүмкiн емес.
2. Дауды беру туралы келiсiм бар болғанда, сот жауапкердiң өтiнiшi бойынша iс жөнiндегi өндiрiс тоқтатылады.
24-бап
Сот процестерiнiң өзара байланысы
1. Уағдаласушы екi Тараптың осы Тұжырымдамаға сәйкес құзыреттi соттарында сол тараптар арасында, сол мән туралы және сол негiздер жөнiндегi iс бойынша iс қозғалған жағдайда, iстi кейiнiрек қозғаған сот iс жүргiзудi тоқтатады.
2. Негiзгi талаптағы құқық қатынасынан туындайтын қарсы талап және есепке алу туралы талаптар негiзгi талапты қарап жатқан сотта қаралуға жатады.
25-бап
Азаматтық процеске прокурордың қатысуы туралы өтiнiш
Уағдаласушы бiр Тараптың прокуроры басқа Уағдаласушы Тараптың прокурорына өзiнiң құзыретi шегiнде осы Уағдаласушы Тараптың сотында қозғау туралы, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы, осындай iстердi қарауға қатысуды қабылдау немесе жоғары тұрған сот инстанциясына кассациялық, апелляциялық не жеке наразылық (ұсыным), сондай-ақ осындай iстер бойынша сот қаулыларын қадағалау тәртiбiнде наразылық (ұсыным) беру туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.
II бөлiм. Жеке мәртебе 26-бап
Құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгi
1. Жеке адамның әрекет қабiлеттiлiгiн осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары айқындайды.
2. Азаматтығы жоқ адамның әрекет қабiлеттiлiгi оның тұрақты тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi заң бойынша ол құрылған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
27-бап
Әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет
қабiлеттiлiгi жоқ деп тану. Әрекет қабiлеттiлiгiн
қалпына келтiру
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет қабiлеттiгi жоқ деп тану туралы iстер бойынша осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.
2. Егер бiр Уағдаласушы Тараптың сотына оның аумағында тұратын, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану негiздерi мәлiм болса, ол бұл адам соның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына ол жайлы хабарлайды.
3. Егер әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануға негiздер туралы хабардар етiлген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты 90-күн iшiнде iстi қарауға қабылдамаса немесе өз пiкiрiн хабарламаса, онда әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану туралы iстi оның аумағында бұл азаматтың тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың соты қарайтын болады. Адамды әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тану туралы шешiм бұл адам оның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына жiберiледi.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережесi әрекет қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге де қолданылады.
28-бап
Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану және қаза болған
деп жариялау. Қайтыс болу фактiсiн анықтау
1. Адамды хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстер бойынша және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстер бойынша, соңғы мағлұматтар бойынша адам тiрi болған кезде азаматы болған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi, ал басқа адамдарға қатысты - адамның соңғы тұратын жерi бойынша әдiлет мекемесi құзыреттi.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi басқа Уағдаласушы Тараптың азаматын және оның аумағында тұратын өзге адамды, оның аумағында тұратын, құқықтары мен мүдделерi осы Уағдаласушы Тараптың заңдарында негiзделген мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен немесе қаза болған деп тануы, сондай-ақ оның қайтыс болу фактiсiн анықтауы мүмкiн.
3. Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстердi және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстердi қарау кезінде Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi өз Уағдаласушы Тараптың заңдарын қолданады.
ІІІ бөлiм. Отбасы iстерi 29-бап
Неке қию
Неке қию шарттары болашақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысы үшiн, ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың заңдарымен, ал азаматтығы жоқ адамдар үшiн - олардың тұрақты тұратын жерi болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi. Осыған қоса, неке қию кезiндегi кедергiлерге қатысты аумағында неке қиылатын Уағдаласушы Тарап заңдарының талаптары сақталуға тиiс.
30-бап
Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары
1. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары оның аумағында ортақ тұрғылықты жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса және мұнда ерлi-зайыптылардың екеуiнде де бiр азаматтық болса, онда олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары олар азаматтары болжап табылатын сол Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
3. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншісi - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса және олардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екіншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса, онда олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары, аумағында олардың соңғы ортақ тұрғылықты жерi болған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
4. Егер осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында ортақ тұрғылықты жерi болмаса, онда iстi әдiлет мекемесi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
5. Ерлi-зайыптылардың жылжымайтын мүлкiне қатысты құқықтық қатынастары осы мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
6. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары туралы iстер бойынша, заңдары осы баптың 1-3, 5-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзыреттi.
31-бап
Неке бұзу
1. Неке бұзу туралы iстер бойынша, арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылар соның азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
2. Егер ерлi-зайыптылардың бipeуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, онда әдiлет мекемесi неке бұзу туралы iстi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
32-бап
Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнің құзыретi
1. Осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы iстер бойынша, арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi құзыретті. Егер арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылардың екеуi де басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өмiр сүрсе, онда осы Уағдаласушы Тараптың мекемесi де құзыреттi.
2. Осы Конвенцияның 31-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы iстер бойынша, ерлi-зайыптылардың eкeуi де аумағында тұратын Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi құзыреттi. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрса, онда неке бұзу туралы iстер бойынша, ерлi-зайыптылар аумақтарында тұратын екi Уағдаласушы Тараптың да әдiлет мекемелерi құзыретті.
33-бап
Некенi жарамсыз деп тану
1. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер бойынша, неке қию кезiнде Осы Конвенцияның 29-бабына сәйкес қолданылған Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
2. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер жөнiндегi әдiлет мекемелердiң құзыреттiгi осы Конвенцияның 32-бабына сәйкес белгiленедi.
34-бап
Әкелікті немесе аналықты анықтау және даулау
Әкелiктi немесе аналықты анықтау және даулау, бала азаматы болып табылатын, оның азаматтығын - Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша анықтау мүмкiн болмаған кезде, тууы бойынша бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
35-бап
Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар
1. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде балаларды асырау бойынша ата-аналардың мiндеттерi аумағында олардың тұрақты ортақ тұрғылықты жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi, ал, ата-аналар мен балалардың тұрақты ортақ тұрғылықты жерi болмағанда олардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленедi.
Алимент міндеттілiгi жөнiндегi талапкердiң талабы бойынша бала аумағында тұрақты өмiр сүретiн Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
2. Кәмелетке толған балалардың ата-аналардың пайдасына алименттiк міндеттемелерi, сондай-ақ басқа отбасы мүшелерiнiң алименттiк міндеттемелерi аумағында олардың ортақ тұрғылықты жерi болған, Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi. Ортақ тұрғылықты жерi болмаған кезде, осындай мiндеттемелер талапкер азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
3. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар туралы iстер бойынша, заңдары осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.
4. Балаларды тәрбиелеуге байланысты iстер бойынша соттардың шешiмдерiн орындау аумағында бала өмiр сүретiн Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
5. Уағдаласушы Тараптар жауапкер басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында деген негiзгi болғанда, және сотпен оны iздестiрудi жариялау туралы ұйғарым шығарылғанда, алименттердi өндiру туралы жауапкердi iздеуде бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
36-бап
Қамқоршылық пен қорғаншылық
1. Қамқоршылық және қорғаншылықты белгiлеу немесе жою қамқоршылық немесе қорғаншылық соған қатысты белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жүргiзiледi.
2. Қамқоршы немесе қорғаншы мен қамқорлықтағы немесе қорғаншылықтағы адам арасындағы құқықтық қатынастар мекемесi қамқоршыны немесе қорғаншыны тағайындаған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
3. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты қабылдау мiндетi қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
4. Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның қамқоршысы немесе қорғаншысы болып, егер ол қамқоршылық немесе қорғаншылық жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрса, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы тағайындалуы мүмкiн.
37-бап
Қамқоршылық және қорғаншылық мәселелерiндегі
мекемелердің құзыретi
Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу немесе жою туралы iстер бойынша, егер осы Конвенциямен өзгеше белгiленбесе, қамқоршылық пен қорғаншылық соған қатысты белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi.
38-бап
Қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша шаралар
қолдану тәртiбi
1. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрақты тұратын, жүретiн немесе мүлкi орналасқан бiр Уағдаласушы Тарап азаматының мүдделерiнде қамқоршылық немесе қорғаншылық шаралар қолдану қажеттiлiгi жағдайында осы Уағдаласушы Тараптың мекемесi осы Конвенцияның 37-бабына сәйкес құзыреттi мекеменi кідiртусiз хабардар етедi.
2. Күттiруге болмайтын жағдайларда басқа Уағдаласушы Тараптың мекемесi өз заңдарына сәйкес қажеттi уақытша шараларды өзi қабылдай алады. Мұнда ол осы Конвенцияның 37-бабына сәйкес құзыреттi мекеменi бұл жайлы кідiртусiз хабардар етуге мiндеттi. Бұл шаралар 37-бапта аталған мекеме өзге шешiм қабылдағанға дейiн күшiн сақтайды.
39-бап
Қамқоршылықты және қорғаншылықты беру тәртiбi
1. Осы Конвенцияның 37-бабына сәйкес құзыреттi бiр Уағдаласушы Тараптың мекемесi, егер қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы адамның осы Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын, жүретiн жерi немесе мүлкi болған жағдайда, қамқоршылықты немесе қорғаншылықты басқа Уағдаласушы Тараптың мекемесiне бере алады. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты беру туралы сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың мекемесi қамқоршылықты немесе қорғаншылықты өзiне алғаннан бастап күшiне енедi және ол жайлы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың мекемесiне хабарлайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қамқоршылықты және қорғаншылықты өзiне алған мекеме оларды өзiнiң Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
40-бап
Бала асырап алу
1. Бала асырап алу немесе оны жою, егер бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың iшкi заңдарында өзгеше белгiленбесе, бала асырап алу немесе оны жою туралы арыз беру сәтiнде бала асырап алушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Егер бала басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, онда бала асырап алу немесе оны жою кезiнде заңды өкiлдiң және құзыреттi мемлекеттiк органның келiсiмiн, сондай-ақ егер бұл бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша талап етiлетiн болса, баланың келiсiмiн алу қажет.
3. Егер баланы бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал басқасы басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын ерлi-зайыптылар асырап алса, онда бала асырап алу немесе оны жою осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiн ескере отырып, екi Уағдаласушы Тараптың да заңдармен көзделген шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
4. Бала асырап алу немесе оны жою туралы iстер бойынша, бала асырап алу немесе оны жою туралы арыз беру сәтiнде бала асырап алушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзыреттi, ал осы баптың 3-тармағымен көзделген жағдайда аумағында ерлi-зайыптылардың соңғы ортақ тұратын немесе жүретiн жерi болған немесе сол Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзыреттi.
IY бөлiм. Мүліктік құқықтық қатынастар 41-бап
Меншiк құқығы
1. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы жылжымайтын мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi. Қандай мүлiктiң жылжымайтын болып табылатындығы туралы мәселе осы мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес шешiледi.
2. Мемлекеттiк тiзбелерге енгiзуге жататын көлiк құралдарына меншiк құқығы көлiк құралдарын тiркеудi жүзеге асырған орган аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгіленедi.
3. Меншiк құқығының пайда болуы мен тоқтатылуын немесе басқа мүлiкке заттық құқықты аумағында мұндай құқықтың пайда болуына немесе тоқтатылуына негiз болған әрекет немесе басқа жағдай туған сәттегi мүлiк тұрған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
4. Меншiк құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе келiсiм мәнi болып табылатын мүлiкке басқа да заттық құқық, егер Уағдаласушы Тараптар келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, келiсiм жасалған жердiң заңдары бойынша айқындалады.
42-бап
Мәміле нысаны
1. Мәмiле нысаны аумағында ол жасалған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi мәмiле нысаны мен оған құқық осындай мүлiк аумағында тұрған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
43-бап
Сенiмхат
Сенiмхат нысаны мен әрекет мерзiмi ол берілген аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады. Оны пайдаланатын Уағдаласушы Тараптың тiлiнде не орыс тiлiнде аудармасы нотариатты куәландырылған осындай сенiмхат басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында қандай да бiр арнайы куәландырусыз қабылданады.
44-бап
Мәмiле бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Мәмiле бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, аумағында ол жасалған Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша белгіленедi.
45-бап
Залалды өтеу
1. Шарттардан және басқа заңды әрекеттерден туындайтын залалды өтеу туралы мiндеттемелер аумағында залалдың орнын толтыру жөнiндегi талап қою үшiн негiз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
2. Егер зиян келтiрушi мен жәбiрленушi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары болса, онда осы Уағдаласушы Тараптың заңы қолданылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған iстер бойынша аумағында залалдың орнын толтыру туралы талап қою үшiн негiз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi. Жәбiрленушi, сондай-ақ аумағында жауапкердiң мекен-жайы орналасқан Уағдаласушы Тараптың сотына талап қоя алады.
46-бап
Талап мерзiмi
Талап мерзiмi мәселелерi сәйкес құқықтық қатынастарды реттеу үшiн қолданылатын заң бойынша шешiледi.
Y бөлiм. Мұрагерлiк 47-бап
Теңдiк принципi
Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары осы Уағдаласушы Тараптың азаматтары сияқты бiрдей шарттар мен сол көлемдегi заң бойынша немесе өсиет бойынша басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында мүлiкке немесе құқыққа ие бола алады.
48-бап
Мұрагерлiк құқығы
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайдан басқа мүлiкке иелiк ету құқығы аумағында мұра қалдырушының соңғы тұрақты мекен-жайы болған Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
2. Жылжымайтын мүлiкке иелiк ету құқығы аумағында осы мүлiк бар Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
49-бап
Мұраның мемлекетке ауысуы
Егер мұра ету кезiнде қолданылуға жататын Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша мемлекет мұрагер болып табылса, онда жылжитын мұралық мүлiк өлер сәтiнде мұра қалдырушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тарапқа ауысады, ал, жылжымайтын мұралық мүлiк аумағында ол орналасқан Уағдаласушы Тарапқа ауысады.
50-бап
Өсиет
Өсиеттi жасауға және жоюға адамның қабiлетi, сондай-ақ оның нысаны мен оны жою тәртiбi өсиет қалдырушының акт жасау кезiнде мекен-жайы бар болған Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады. Алайда, өсиет немесе оны жою, егер соңғысы оны жасау жерiнiң заңдарының талаптарын қанағаттандырса, нысанын сақтамау салдарынан жарамсыз деп танылмайды.
51-бап
Мұрагерлiк туралы iстер жөнiндегi құзырет
1. Жылжитын мүлiкке мұралық туралы iстер жөнiндегi өндiрiстi аумағында мұра қалдырушының қайтыс болу сәтiнде мекен-жайы болған Уағдаласушы Тараптың мекемесi жүргiзуге құзыреттi.
2. Жылжымайтын мүлiкке мұралық туралы iстер жөнiндегi өндiрiстi аумағында мүлiк орналасқан Уағдаласушы Тараптың мекемесi жүргiзуге құзыреттi.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы ережелер, сондай-ақ мұралық туралы iстер жөнiндегi өндiрiске байланысты туындайтын дауларды қарау кезiнде қолданады.
52-бап
Мұралық туралы iстер жөнiндегi дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң құзыретi
Мұралық туралы iстер, соның iшiнде мұралық даулар бойынша әрбiр Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерi мен консулдық мекемелер, егер олар болмаса немесе өкіл тағайындамаса, өз Уағдаласушы Тараптың азаматтарын басқа Уағдаласушы Тараптардың мекемелерiнде арнаулы сенiмхатсыз (мұралықтан бас тарту құқығынан басқа) ұсынуға құзыреттi.
53-бап
Мұраны қорғау жөнiндегi шаралар
1. Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi өз Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптардың азаматтарымен олардың аумақтарында қалдырылған мұраны қорғауды қамтамасыз ету үшiн, немесе оларды басқару үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар туралы мұра қалдырушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiне кідіртусiз хабарланады. Көpceтiлген өкiлдiктер мен мекемелер осы шараларды жүзеге асыруға қатыса алады.
3. Мұралық туралы iс бойынша өндiрiстi жүргiзуге құзыреттi Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерінiң өтiнiшi бойынша, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекемелерi осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралары өзгертiлуi, жойылуы немесе кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
III Тарау
Шешiмдердi тану және орындау 54-бап
Шешiмдердi тану және орындау
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар осы Конвенциямен көзделген шарттарда басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында шығарылған мынадай шешiмдердi:
а) ақша мiндеттерiне (бұдан әрi - шешiм) қатысты осындай iстер мен нотариаттық актiлер бойынша сотпен бекiтiлген бiтiмгершiлiк келiсiмдi қоса, Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң азаматтық және отбасылық iстер бойынша шешiмдерiн;
б) залалды өтеу, айыппұл мен тәркiлеуге тарту бөлiгiндегi қылмыстық iстер бойынша соттардың үкiмдерiн (шешiмдерiн);
в) талап арызды қамтамасыз ету мақсатында банктiк шоттардағы ақша қаражаттарын қоса, мүлiкке тыйым салу туралы соттардың шешiмдерiн таниды және орындайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шешiмдердi тану және орындау сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
55-бап
Орындауды талап етпейтiн шешiмдердi тану
1. Өзiнiң сипаты бойынша орындауды талап етпейтiн әрбiр Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiмен шығарылған және заңды күшiне енген шешiмдерi мына шарттарда:
а) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi осы iс бойынша бұрын заңды күшiне енген шешiмдер шығармаса;
б) осы Тұжырымдамаға сәйкес, ал олармен көзделмеген жағдайларда аумағында шешiм танылуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес iс осы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң ерекше құзыретiне жатпаса, басы Уағдаласушы Тараптардың аумақтарындай арнайы iс жүргiзусiз танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi, сондай-ақ аумағында шешiм шығарылған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес құзыреттi мекемелерiмен шығарылған қамқоршылық пен қорғаншылық туралы шешiмдерге және некенi бұзу туралы шешiмдерге қатысты.
56-бап
Шешімдерді тану және орындау туралы құзау
1. Шешiмдердi тану және орындау туралы құзау кiмнің пайдасына шешiм шығарылды сол тараппен шешiм орындалуға жататын, құзыреттi Уағдаласушы Тараптың сотына берiледi. Ол бiрiншi сатыда iс бойынша шешiм шығарылған сотқа берілуi мүмкiн. Осы сот оның шешiмiн тану және орындау туралы өтiнiштi өтiнiш бойынша шешiм шығаруға құзыреттi сотқа жiбередi.
2. Өтiнiшке қоса берiледi:
а) шешiм немесе оның куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ шешiм заңды күшiне енгендiгi және орындалуға жататындығы туралы, немесе егер бұл шешiмнiң өзiн қолданбаса, оның заңды күшiне енгенiнше орындалуға жататындығы туралы ресми құжат;
б) процеске қатыспаған қарсы шешiм шығарылған тараптың тиiстi тәртiп пен уақытылы сотқа шақырылғандығы жөнiндегi, ал оның iс жүргiзу қабiлетсiздiгi жағдайында оның тиiстi түрде ұсынылғандығы туралы құжат;
в) оны жөнелту сәтiнде шешiмнiң жартылай орындалуын растайтын құжат;
г) шарттық қылмыстылық iстер жөнiндегi тараптардың келiсiмiн растайтын құжат.
3. Шешiмдi тану және орындау туралы құзау және оған қоса берiлген құжаттар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың немесе орыс тiлiне куәландырылған аудармамен қоса берiледi.
57-бап
Шешімдерді тану және орындау тәртiбi
1. Осы Конвенцияның 54-бабында көзделген шешiмдердi тану және орындау туралы өтiнiш аумағында орындауды жүзеге асыратын Уағдаласушы Тараптың сотымен қаралады.
2. Шешiмдi тану және орындау туралы сұрауды қараған сот осы Конвенцияда көзделген шарттардың сақталуын белгілеумен шектеледi. Егер шарттар сақталған болса, сот орындау туралы шешiм қабылдайды.
3. Шешiмдердi тану және орындау тәртiбi аумағында орындалу жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша белгiленедi.
58-бап
Қылмыстық әрекеттен айыппұл өндiру, мүлiктi және
табыстарды тәркiлеу туралы сот шешімдерiн орындау
1. Айыппұл өндiру, тәркiлеу туралы немесе қылмыстық iс бойынша заттар мен мүлiктердi мемлекет кiрiсiне айналдыру немесе заңсыз жолмен алынған табыстарды тәркiлеу туралы сұрау салған Уағдаласушы Тарап сотының шешiмi осы Конвенцияның 8, 54, 56, 57, 59-баптарының негiздерi бойынша және белгiленген тәртiпте сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен орындалады.
2. Айыппұлдан өндiрiлген сомалар сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа беріледi.
3. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап қана тәркiлеу туралы шешiмдi қарауға құқылы. Тәркiлеудi жүзеге асыру ресiмi сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
Сұрау салған Уағдаласушы Тарап сұрау салған Уағдаласушы Тараппен қойылған, үкiмде немесе өзге сот шешiмiнде олар қалай баяндалса, немесе осы тұжырымдарда осы үкім немесе өзге сот шешiмi қалай, қандай көлемде негiзделедi, сол көлемде фактiлердi анықтауға қатысты тұжырыммен байланысты.
Тәркіленген мүлiк немесе оған балама мүлiк тәркiлеу туралы шешiм қойылған Уағдаласушы Тарапқа толықтай немесе жартылай берiлуi мүмкiн.
Әрбiр нақты жағдайда сұрау салған және сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен осы Конвенцияға сәйкес шешiмдi орындау кезiнде алынған мүлiктi бөлу туралы шарттасады.
59-бап
Шешімдердi танудан және орындаудан бас тарту
Осы Конвенцияның 54-бабында көзделген шешімдердi танудан және орындаудан бас тарту, егер мына жағдайларда:
а) осы Конвенцияда белгiленген ережелердi бұза отырып шығарылған шешiмдер;
б) заңды күшiне енгенге дейiн орындалуға жататын шешiмдердi қоспағанда, аумағында шешiм шығарылған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес, ол заңды күшiне енбеген және орындалуға жатпайтын;
в) жауапкер оған немесе оның өкiлiне уақытында және тиiстi түрде сотқа шақыру тапсырмау салдарынан процеске қатыспаса;
г) бұрын заңды күшiне енген шешiм шығарылған шешiмдi тануға және орындауға тиiс немесе үшiншi мемлекет сотымен танылған шешiмi бар, не осы Уағдаласушы Тараптың аумағында осы мән туралы және осы негiздер бойынша, сол тараптардың арасындағы iс бойынша, не осы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiмен басқа Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң шешiмдi тану және орындау туралы құзау түскен сәтiнде аяқталмаған, бұрын осы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған болса;
д) осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес, ал олармен көзделмеген жағдайларда аумағында шешiм танылуға және орындалуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес iс оның әдiлет мекемесiнiң ерекше құзыретiне жатады;
e) шарттық қылмыстылық туралы тараптардың келiсiмiн растайтын құжат болмаса;
ж) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен көзделген орындаудың талап мерзiмi өтiп кетсе;
з) шешiмдi тану және орындау сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың көпшiлiк тәртiптерiне қайшы келсе, бас тартылуы мүмкiн.
IY Тарау
Қылмыстық істер бойынша құқықтық
көмек және құқықтық қатынас 1 бөлiм. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма 60-бап
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманың мазмұны мен нысаны
1. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма осы Конвенцияның 7-бабының талаптарына сәйкес жасалады.
2. Тапсырмада, сондай-ақ:
а) жасалған қылмысты сипаттау және саралау, егер ол қылмыстық әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлсе, залал мөлшерi туралы деректер;
б) iс жүргiзу әрекеттерi, қылмыстық iс шеңберiнде орындау қажет iздестiру немесе жедел-iздестiру iс-шараларының анық тiзбесi, сондай-ақ тапсырманы орындауға қажеттi басқа да мәлiметтер;
в) жауап алу кезiнде анықтау қажет сұрақтардың тiзбесi;
г) белгiлерi бойынша қылмыстық iс тергелiп жатқан, заңдар нормаларының толық мәтiнi көрсетілуi тиiс.
3. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмаға, қажеттi жағдайларда куәландырылған және тиiстi үлгіде куәландырылған, санкцияланған, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленген тәртiпте iс жүргiзу әрекетiнiң iс жүргiзуi, iздестiру немесе жедел iздестiру iс-шаралары туралы қаулы қоса берiледi.
61-бап
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау
1. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемесi осы Конвенцияның 8-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындауды қамтамасыз етедi.
2. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң осы Конвенцияның 60-бабының 3-тармағында көрсетiлген қаулысы, онда көрсетiлген iс жүргiзу және өзге де әрекеттер iс жүргiзу үшiн негiз болып табылады. Егер бұл сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың iшкi заңдарына қайшы келмесе, тапсырманы орындау кезiнде оларды қосымша заңдастыру талап етiлмейдi.
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тапсырманы анағұрлым толық және анық орындау мақсатында сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнен қосымша ақпараттар сұратуы мүмкiн.
Тапсырманы орындау процесiнде сұрау салған және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу барысы, iздестiру немесе жедел iздестiру iс-шаралары туралы ақпараттармен алмаса, бiр-бiрiне қосымша мәлiметтер бередi, сондай-ақ қосымша тергеу iс-әрекеттерiн, iздестiру немесе жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзу туралы мәселелерге келiсе алады.
4. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тапсырманы орындағаннан кейiн, алынған материалдарды сұрау салған Уағдаласушы тараптың әдiлет мекемесiне немесе тапсырма бастамашысына сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi тапсырмасының орындалуы туралы хабарламамен жiбередi.
62-бап
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау мерзiмi
1. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген мерзiмде орындалады.
2. Қажет жағдайда, құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау мерзiмi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемелерiнiң келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкін.
63-бап
Бiрлескен тергеу-жедел топтарын құру және қызметi
1. Екі және одан да көп Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында не олардың мүдделерiн қозғайтын, бiр немесе бiрнеше адамдармен жасалған қылмыстарды тез және жан-жақты тергеу мақсатында бiрлескен тергеу-жедел топтары құрылуы мүмкін.
2. Бiрлескен тергеу-жедел топтарын құру туралы ұсыныстар осы Конвенцияның 60-бабында көзделген тәртiпте ресiмделедi.
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап бiрлескен тергеу-жедел топтарын құру туралы ұсынысты алған күннен кейiн 15 күн iшiнде сұрау салған Уағдаласушы Тарапты шешiм қабылдағаны туралы хабарлайды және келiскен жағдайда бiр уақытта оған осы топқа қосылған лауазымды адамдардың тiзiмiн бередi.
4. Бiрлескен тергеу-жедел топтарының мүшелерi тiкелей өзара iс-әрекет жасайды, тергеудiң негiзгi бағыттарын, тергеу әрекеттерiн, iздестiру немесе жедел-iздестiру шараларын жүргiзудi келiседi, алынған ақпараттармен алмасады. Келiсiм бойынша олардың қызметтерiн үйлестiрудi бiрлескен тергеу-жедел топтарын құру бастамашысы не оның мүшелерiнiң бiрi жүзеге асырады.
5. Тергеу әрекеттерi, iздестiру немесе жедел iздестiру шаралары аумағында оларды жүргiзетiн сол Уағдаласушы Тараптың бiрлескен тергеу-жедел топтарының мүшелерi жүзеге асырады. Бiр Уағдаласушы Тараптың бiрлескен тергеу-жедел топтарының мүшелерiнiң басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тергеу әрекеттерiн, iздестiру және жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге қатысуы осы Конвенцияның 8-бабында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
64-бап
Белгiленген шарттарда тапсырманы орындау
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi, егер оны тезарада орындау сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында жүргiзiлетiн тергеу немесе сот талқылауына кедергi жасаса, тапсырманы орындауды кейiнге қалдыру не жартылай орындауы мүмкiн.
2. Тапсырманы орындауды кейiнге қалдыру немесе жартылай орындау туралы мәселе шешiлгенге дейiн сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi белгiленген шарттарда тапсырманы орындау мүмкiншiлiктерiн қарайды. Егер сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi осындай шарттарға келiссе, онда ол бұл туралы сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне жазбаша хабарлайды және қойылған шарттарды орындайды.
65-бап
Тапсырманы орындау нәтижесiнде алынған дәлелдердiң құқықтық мәнi
Сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен тапсырманы орындау нәтижесiнде алынған дәлелдер оның заңдарына сәйкес және сұрау салған Уағдаласушы Тарапта осындай дәлелдi мәнге ие.
II бөлiм. Ұстап беру 66-бап
Ұстап беру мiндетi
1. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияда көзделген шарттарға сәйкес бiр-бiрiне сұрау салу бойынша олардың аумақтарында орналасқан адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн және үкiмдi орындауды жүргiзу үшiн бiр-бiрiне ұстап беруге мiндеттеме алады.
2. Сұрау салған және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдары бойынша осындай әрекет үшiн қылмыстық жазаланатын болып табылса және жасалғаны үшiн кемiнде бiр жыл немесе одан да көп мерзiмде бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделетiн қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн ұстап беру жүргiзiледi.
3. Yкiмдi орындау үшiн ұстап беру сұрау салған және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдарына сәйкес жазаланатын болып табылса және оны жасағаны үшiн ұстап берілуi сұрау салынып отырған адам кемiнде алты ай мерзiмге немесе одан қатаң жазаға жазаланған қылмыстар үшiн жасалды.
4. Сұрау салынып отырған адамның әрекетi сұрау салынған немесе сұрау салған Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңы бойынша қылмыстық жазаланатын болып табылатындығы туралы мәселенi шешу кезiнде қылмыстың жекелеген белгiлерiн сипаттаудағы және пайдаланатын терминологиядағы айырмашылықтарының маңызы жоқ.
67-бап
Ұстап беру туралы сұрау
1. Ұстап беру туралы сұрау салу мына мәлiметтердi:
а) сұрау салған және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң атауын;
б) ұстап беру туралы сұрау салумен жүгiнуге негiз болған қылмыстың iс жүзiндегi жағдайларын сипаттау, және осы әрекеттi қылмыс деп тануды негiзiнде алған, осы заңда көзделген жаза шарасы көрсетiлген сұрау салған Уағдаласушы Тараптың заңының мәтiнiн;
в) ұстап берiлуге тиiс адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы мен жерi, азаматтығы, тұратын немесе орналасқан жерi, мүмкiндiгiнше сыртқы түрiн, суретiн, саусақтарының таңбалары мен оның жеке басы туралы басқа да мәлiметтер сипаттамасын;
г) қылмыспен келтiрiлген залал мөлшерi туралы деректер және оны өтеу туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
2. Қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн ұстап беру туралы сұрау салуға қамауға алу қорытындысы мен айыпкер ретiнде тартылғандығы туралы қаулының куәландырылған көшiрмесi қоса берілуi тиiс.
3. Үкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы сұрау салуға оның заңды күшiне енгенi туралы белгiмен үкімнiң куәландырылған көшiрмесi және адамды соттауда негiзге алынған қылмыстық заң ережесiнiң мәтiнi қоса берілуi тиiс. Егер сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтеген болса, онда бұл жайлы да деректер хабарланады.
4. Ұстап беру туралы сұрау салу және оған қоса берiлген құжаттар осы Конвенцияның 7-бабының 3-тармағына және 7-баптың ережелерiн сақтай отырып ресiмделедi.
68-бап
Оны ұстап беру туралы сұрау салу алынғаннан кейiн адамның орналасқан жерiн анықтау және қамауға алу
Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi ұстап беру туралы сұрау салуды алғаннан кейiн ұстап берудi жүргiзу мүмкiн емес жағдайларды қоспағанда, ұстап беруге сұрау салу салынып отырған адамның орналасқан жерiн анықтауға және оны қамауға алуға тез арада шаралар қабылдайды.
69-бап
Ұстап беру туралы сұрау салуды алғанға дейiн
адамға iздеу салу
1. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемелерi ұстап берудi жүргiзу мүмкiн емес жағдайларды қоспағанда, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында жүр деп болжауға негiздер болған жағдайда, оны ұстап беру туралы сұрау салуды алғанға дейiн тапсырма бойынша адамға iздеу салуды жүзеге асырады.
2. Iздеу салуды жүзеге асыру туралы тапсырма осы Конвенцияның 7-бабының ережелерiне сәйкес жасалады және онда адамның орналасқан жерiн анықтауға мүмкiндiк беретiн кез келген басқа ақпаратпен қоса iздеу салынып отырған адамды барынша толық сипаттау, бұл адамды ұстап беру туралы сұрау салудың берiлетіндiгi көрсетілiп, қамауға алу туралы өтiніш болуға тиiс.
3. Іздеу салуды жүзеге асыру туралы тапсырмаға сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң iздеу салынған адамды қамауға алу қорытындысы туралы шешiмнiң не заңды күшiне енген үкімнiң куәландырған көшiрмесi, жазаның өтелмеген бөлiгi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сурет және саусақтарының бедерi (егер бұлар болса) қоса берiлуi тиiс.
4. Ұстап беру туралы сұрау салуды алғанға дейiн адамға iздеу салу жүргiзiлген нәтижесi туралы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне тез арада ақпарат берiледі.
70-бап
Ұстап беру туралы сұрау салу алынғанға дейiн
қамауға алу немесе ұстау
1. Ұстап берiлуі сұрау салынып отырған адам ұстап беру туралы сұрау салу алынғанға дейiн өтiнiш бойынша қамауға алынуы мүмкiн. Құзауда қамауға алу туралы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнің шешiмiне немесе заңды күшiне енген үкiмге сiлтеме жасалуға тиiс, және ұстап беру туралы сұрау салудың қосымша берiлетiндiгi туралы айтылуға тиiс. Ұстап беру туралы сұрау салу алынғанға дейiн қамауға алу туралы өтiнiш түпнұсқасы бiрмерзiмде пошта немесе курьермен жiберуiмен, техникалық коммуникация құралдарын пайдаланумен жөнелтiлуi мүмкiн.
2. Ұстап берілуi cұpaу салынған адам ұстап бepу туралы сұрау салу алынғанға дейiн және оған халықаралық (мемлекетаралық) iздеу салу жариялануына байланысты қамауға алынуы мүмкiн. Осындай жағдайларда сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу шешiмi туралы немесе заңды күшiне енген үкімi оны қамауға алуға негiз болып табылады.
3. Егер, ол басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ұстап беруге әкелетiн қылмыс жасады деп күдiктенуге iшкi заңдармен көзделген негiздер болса, адам осы баптың 1-тармағында көрсетiлген өтiнiшсiз де ұсталынуы мүмкiн.
4. Ұстап беру туралы сұрау салу алынғанға дейiн қамауға алу немесе ұстау туралы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне тез арада хабарланады.
71-бап
Ұстап беру туралы сұрау салуды қарау мерзiмi
1. Ұстап беру туралы сұрау салу, егер осы Уағдаласушы Тараптың заңдарында өзгеше белгiленбесе, сұрау салынған Уағдаласушы тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне түскеннен кейiн 30 күн iшiнде қаралуға жатады. Ұстап беру туралы сұрау салуды қарау нәтижесi туралы сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне хабарланады.
2. Егер ұстап беру туралы сұрау салу барлық қажеттi деректердi қамтымаса, онда сол үшiн 30 күн мерзiм белгiленсе, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi қосымша мәлiметтер сұратуы мүмкiн. Бұл мерзiм сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнің өтiнiш бойынша тағы да 30 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
72-бап
Қамауға алынған адамды ұстау
1. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiмен шығарылған немесе егер, бұл оның заңдарымен көзделсе, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң қамауға алу қорытындысы туралы шешiмi оны ұстаудың орнына қамауға алу, ұстап беру туралы мәселе шешiлiп жатқан, қамауға алынған (ұсталынған) адамды орналастыру үшiн негiз болып табылады.
2. Қамауға алынған (ұсталынған) адамды ұстау сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
73-бап
Ұстап берiлуге жататын адамды қамауда ұстау
мерзiмiн ұзарту
Осы Конвенцияда белгiленген мерзімде адамды ұстау беруге кедергi келтiретiн мән-жайлар туындаған жағдайда, өндiрiсiнде қылмыстық iс бар сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi iшкi заңдарына сәйкес қамау берiлетiн адамды ұстау мерзiмiн ұзарту туралы шешедi және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне бұл туралы тиiстi үлгіде куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
74-бап
Қамауда ұстау мерзiмiн есептеу
Сұрау салынған Уағдаласушы тараптың аумағындағы қамауға берiлетiн адамды ұстау уақыты мен ұстау, сондай-ақ оны жөнелту уақыты сұрау салған Уағдаласушы тараппен оны қамауда ұстаудың жалпы мерзiмiне қосылады.
75-бап
Қамауға алынған адамды босату
Осы Конвенцияға сәйкес сұрау салынған Уағдаласушы тараптың аумағында қамауға алынған адам, егер:
а) сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнен осы адамды босату қажеттiлiгi туралы хабарлама түссе;
б) осы Конвенцияның 67-бабында көзделген ұстап беру туралы сұрау салу және оған қоса берiлетiн құжаттар iздеу салынған адамды ұстаған және қамауға алынған сәттен бастап 40 күн iшiнде берілмесе;
в) осы Конвенцияның 71-бабының 2-тармағына сәйкес ұстау бepу туралы сұрау салуға сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен сұратылған қосымша мәлiметтер осы бапта белгiленген мерзiмде берiлмесе;
г) қамауға алу қорытындысы туралы шешiмде көрсетiлген берiлуге тиiстi адамды қамауда ұстау мерзiмi аяқталса және сұрау салған Уағдаласушы Тарап осы мерзiмдi ұзарту туралы шешiмнiң көшiрмесiн бермесе дереу босатылуы тиiс.
76-бап
Қорғау құқығын қамтамасыз ету
1. Қамауға алынған (ұсталған) адамдар осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес әрбiр Уағдаласушы Тараптардың аумағында олардың заңдарына сәйкес қорғауға құқығы бар.
2. Қамауға алынған адамдардың, олардың қорғаушыларының немесе заңды өкілдерiнiң қамауға алу қорытындысы түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға, қамауда ұстау мерзiмiн ұзартуға шағымдары сотқа, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың өзге құзыреттi әдiлет мекемесiне беріледi.
Сот, сұрау салынған Уағдаласушы тараптың өзге құзыреттi әдiлет мекемесi iздеу салынған адамды қамауға алу (ұстау) жерi бойынша көрсетiлген адамдардың шағымдарын қарау кезiнде осы Конвенция ережелерiнiң сақталуын тексерумен шектеледi.
77-бап
Ұстап берудi кейiнге қалдыру
1. Егер ұстап бepугe сұратылған адам басқа қылмыс жасағаны үшiн сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыстық жауапкершiлiкке тартылса немесе сотталса, онда оны ұстап беру қылмыстық қудалау тоқтатылғанға, үкім орындалғанға дейiн немесе жазадан босатылғанға дейiн не оны өтегенге дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
2. Ұстап берудi кейiнге қалдыру туралы сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа хабарланады.
78-бап
Уақытша ұстап беру
1. Егер осы Конвенцияның 77-бабында көзделген ұстап берудi кейiнге қалдыру қылмыстық қудалау мерзiмi ескеруiнiң бiтуiне әкелетiн болса немесе қылмысты тергеуге зиян келтiретiн болса, онда ұстап беруге сұратылған адам өтiнiш бойынша уақытша берілуi мүмкiн.
2. Уақытша берiлген адам осы адам берiлген қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлгеннен кейiн, бiрақ адам берiлген күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа қайтарылуы тиiс. Негiзделген жағдайларда бұл мерзiм сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiмен ұзартылуы мүмкiн.
79-бап
Ұстап беру туралы сұрау салулардың қайшылықтары
Егер ұстап беру туралы сұрау салулар бiрнеше Уағдаласушы Тараптардан түссе, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап осы сұрау салулардың қайсысын қанағаттандыруы тиiстiгiн дербес шешедi.
80-бап
Ұстап берген адамды қылмыстық қудалаудың шектерi
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiнсiз ұстап берген адам, ұстап берiлгенге дейiн жасаған үшiн ол ұстап берiлмеген қылмыс үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартыла немесе жазалана алмайды.
2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiнсiз адам үшiншi мемлекетке беріле алмайды.
3. Егер ұстап берiлген адам қылмыстық iс жүргiзу аяқталғаннан кейiн 30 күн өткен соң, ал сотталған жағдайда - жаза өтелген немесе одан босатылған соң 30 күн өткен соң сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе немесе ол онда өз еркімен қайта оралса, осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетiлген сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмi талап етілмейдi. Бұл мерзiмге ұстап берiлген адам өзiне байланысты емес себептер бойынша сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағынан кете алмаған уақыты есептелмейдi.
81-бап
Өлiм жазасын қолдану
Осы Конвенция және сұрау салынған әрi сұрау салған Уағдаласушы Тараптардың заңдарына зиян келтiрмеу мақсаты үшiн осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес ұстап берiлген адамға қатысты өлiм жазасы, егер осы жаза сұрау салынған Уағдаласушы Тарапта қолданбаса, сұрау салған Уағдаласушы Тарапта қолданбайды.
82-бап
Ұстаған адамды беру
1. Ұстап беру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа ұсталған адамды беру орны мен уақыты туралы хабарлайды және оны беру орнына жеткiзедi.
2. Егер сұрау салған Уағдаласушы Тарап берiлу күнi келiсiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде, берiлуге жататын адамды қабылдамаса, онда бұл адам қамаудан босатылуы тиiс. Негiзделген жағдайларда ұстап берiлетiн адамды берудiң белгiленген мерзiмi сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша 15 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
83-бап
Ұстап беруге байланысты қайта қамауға алу
1. Осы Конвенцияның 75-бабының "а" тармағына, 82-бабының 2-тармағына сәйкес адамды босату ұстап беру туралы жаңа сұрау салу түскен жағдайда ұстап беру мақсатында оны қайтадан қамауға алуға кедергi келтiрмейдi.
2. Осы Конвенцияның 75-бабының "б", "в" және "г" тармақтарына сәйкес босатылған адам егер ұстап беру туралы сұрау салу ұстап беру туралы сұрау салуға қосымша мәлiметтер немесе қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы шешiм белгiленген мерзiм аяқталған соң түсетiн болса, ұстап беру мақсатында қайтадан қамауға алынуы мүмкiн.
84-бап
Қайтадан ұстап беру
1. Егер ұстап берiлген адам ол берiлгенге байланысты қылмысы үшiн қылмыстық қудалаудан немесе жазаны өтеуден жалтарса, және сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағына қайта оралса, онда жаңа сұрау салу бойынша ол осы Конвенцияның 67-бабында аталған материалдар берiлмей ұстап берiлуге тиiс.
2. Егер адам сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағында жаңа қылмыс жасаса немесе оған тағылған айыптың көлемi өзгерсе, қайтадан ұстап беру жалпы негiздер мен осы Конвенцияға сәйкес жүзеге асырылады.
85-бап
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу нәтижелерi
туралы хабарлама
Уағдаласушы Тараптар ұстап берiлген адамға қатысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң нәтижелерi туралы бiр-бiрiне хабарлайды. Өтiнiш бойынша соңғы шешiмнiң көшiрмесi де жiберіледi.
86-бап
Транзиттiк тасымалдау, этаппен алып жүру
1. Бiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi, сондай-ақ белгiленген тәртiпте өзiнiң аумағы бойынша басқа Уағдаласушы Тараппен үшiншi мемлекетке ұстап берiлген немесе берiлген адамдарды этаппен алып жүрудi жүзеге асырады. Егер ол транзит жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тараптың аумағында аралыққа тоқтамастан әуе көлiгiмен жүзеге асырылса, транзиттiк тасымалдауға рұқсат талап етiлмейдi.
2. Транзиттiк тасымалдау, этаппен алып жүру туралы өтiнiш ұстап беру туралы сұрау салу тәртiбiмен жасалады және қаралады.
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап ұстап берiлген адамды өзi барынша орынды деп есептейтiн әдiспен және сол бағыт бойынша транзиттiк тасымалдауға рұқсат бередi.
87-бап
Ұстап беруге, транзиттiк тасымалдау мен этаппен
алып жүруге байланысты шығыстар
Ұстап беруге, беру уақыты мен этаппен алып жүруге байланысты шығыстарды ол аумағында пайда болған Уағдаласушы Тарап, ал транзиттiк тасымалдауға байланысты шығыстарды - сұрау салған Уағдаласушы Тарап көтередi.
88-бап
Ұстап беру мәселелерi бойынша қатынас тәртiбi
Ұстап беру мәселелерi бойынша қатынас, егер олардың iшкi заңдарында өзгеше тәртiп белгiленбесе, Уағдаласушы тараптардың бас прокурорларымен (прокурорларымен) жүзеге асырылады.
89-бап
Ұстап беруден бас тарту
1. Егер:
а) ұстап берiлуi сұратылып отырған адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың азаматы болса;
б) ұстап беру туралы сұрау салу алынған сәтте сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қылмыстық қудалау қозғала алмаса немесе талап мерзімiнiң өтiп кетуi салдарынан не басқа заңды негiздер бойынша үкім орындала алмаса;
в) ұстап беруге сұратылған адамға қатысты сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында дәл сол қылмысы үшiн заңды күшiне енген үкiм немесе қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы не iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарылса;
г) сұрау салған немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптардың заңнамасына сәйкес ұстап берудi сұратуға байланысты iс-әрекет тек жеке айыптау тәртiбiмен (жәбiрленушінің арызы бойынша) қудаланса;
д) ұстап беру сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне, қауiпсiздiгiне зиян келтiрсе;
е) нәсiлi, жынысы, дiн ұстануына, этникалық қатыстығына немесе саяси сенiмi белгiлерi бойынша адамды қудалауға байланысты ұстап беру туралы сұрау салуға дәлелдi негiздер болса;
ж) ұстап берудi сұратуға байланысты әрекет сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңнамасы бойынша әдеттегi қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыс болып табылмайтын әскери қылмысқа жатса;
з) ұстап беруге сұратылған адам бұрын сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен үшiншi мемлекетке берiлсе және осы мемлекеттiң ұстап беруге келiсiмi алынбаса;
и) ұстап бepугe сұратылған адамға сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында паналатса;
к) cұpaу салған және cұpaу салынған Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген өзге де негiздер болса ұстап беру жүргiзiлмейдi.
2. Ұcтап берудi сұратуға байланысты iс-әрекет сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалса, ұстап беруден бас тартылуы мүмкiн.
3. Ұстап беруден бас тартылған жағдайда сұрау салған Уағдаласушы Тарап бұл туралы шешiм қабылдаған сәттен 10 күн iшiнде бас тарту негiздерi туралы хабарлауы тиiс.
90-бап
Ұстап берiлмеген адамды қылмыстық қудалау
Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi сұратылған адамды ұстап беруден бас тартқан жағдайда сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi мен материалдары негiзiнде Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес ұстап беруден бас тартылған адамға қатысты қылмыстық қудалау туралы мәселенi шешедi.
III бөлiм. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру 91-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мiндетi
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың тапсырмасы бойынша Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыс жасады деп күдiктi, айыпты өз азаматтарына қарсы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Қылмыстық қудалауды Уағдаласушы Тараптар сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдiк азаматтарға қатысты, оларды беруден бас тартқан жағдайда жүзеге асырады.
2. Егер қылмыстық қылмыс iс қозғалған қылмыстан зиян шеккен адамдардың азаматтық-құқықтық талаптарына әкеп соқса, онда залалды өндiру туралы осындай адамдардың өтiнiшi болған кезде, бұл талаптар осы iсте немесе азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбінде қаралады.
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың қылмыстық қудалауы осы Уағдаласушы Тарапта әрекет қылмыстық жазалау болып табылған шарттарда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Жасаған қылмысы үшiн соттау кезiнде тағайындалатын жаза сұрау салған Уағдаласушы Тараптың заңнамасында көзделген жазадан қатаң болуы мүмкiн емес.
92-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма:
а) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң атауын;
б) сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әділет мекемесiнiң атауын;
в) қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырманың жiберуiне байланысты әрекеттiң сипаттамасын;
г) әрекеттiң жасалған уақытын, орны мен мән-жайын мүмкiндiгiнше нақты көрсетілуін;
д) негiзiнде iс-әрекет қылмыс деп танылатын сұрау салған Уағдаласушы Тараптың заңының мәтiнi, сондай-ақ iс бойынша жүргiзу үшiн елеулi маңызы бар басқа да заңнамалық нормалардың мәтіндерiн;
e) күдiктi немесе айыпты адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, оның азаматтығы, сондай-ақ оның жеке басы туралы басқа да мәлiметтер;
ж) жәбiрленушiнiң арызы бойынша қозғалатын қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң арыздарын және зиянды өтеу туралы арыздарды;
з) қылмыспен келтiрiлген зиян мөлшерiн көрсетудi қамтуға тиiс.
Тапсырмаға сұрау салған Уағдаласушы Тараптың иелiгiндегi қылмыстық iс материалдары қоса беріледi, бұл ретте сұрау салған Уағдаласушы Тараптан алынған дәлелдер оның iшкi заңнамасына сәйкес сұрау салынған Уағдаласушы Тарапта да дәлелдi маңызы бар.
2. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап қозғалған қылмыстық iстi жолдаған кезде бұл iс бойынша тергеудi оның iшкi заңнамасына сәйкес сұрау салынған Уағдаласушы Тарап жалғастырады. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жолдағанға дейiн тергеу айыпкердi қамауда ұстау және iс бойынша iс жүргiзудi қайта жаңғырту мерзiмдерiн ұзарту туралы мәселенi шешедi.
3. Iстегi әрбiр құжат сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнің елтаңбалық мөрiмен куәландырылуға тиiс.
4. Тапсырма және оған қоса берiлген құжаттар осы Конвенцияның 7 және 17-баптарының ережелерiне сәйкес жасалады.
5. Егер айыпкер қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырманы жолдаған сәтте сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағында қамауда ұсталса, онда ол сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа берiледi.
93-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма
алғанға дейiн азаматтарын қамауға алу
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандары үшiн азаматтарын оларға қарсы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма алғанға дейiн қамауға алуы мүмкiн. Өтiнiште қамауға алу туралы қаулыға сiлтеме қамтылуы және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма қосымша берiлетiндiгi көрсетілуi тиiс.
Көрсетiлген өтiнiш пен қамауға алу туралы қаулы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма алғанға дейiн бiр уақытта түпнұсқаны пошта немесе курьер арқылы жiберiлiп, техникалық коммуникация құралдарын пайдалана отырып бepілуі мүмкiн.
2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамды қамауға алу туралы iс жүргiзуiнде қылмыстық iс бар сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа дереу (факс, телефон, телеграф арқылы және т.б бойынша) хабарлайды және осы Конвенцияның 91-бабына сәйкес осы адамды қылмыстық қудалау үшiн тиiстi материалдарды жiберу туралы мәселенi қояды.
3. Осындай адамды қылмыстық қудалау кезiнде сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңнамасы қолданылады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қамауға алынған адам, егер қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма осы Конвенцияның 92-бабында көзделген оған қоса берiлетiн барлық құжаттармен бiрге сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен осы адамды қамауға алған күннен бастап 40 күн iшiнде алынбаса, босатылуға жатады.
Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап iшкi заңнаманың негiзiнде осы адамды қылмыстық қудалау туралы мәселенi шешедi.
94-бап
Қылмыстық қудалау мәселесi бойынша қатынас тәртiбi
Қылмыстық қудалау туралы мәселе бойынша қатынас, егер олардың iшкi заңнамасында өзгеше тәртiп белгiленбесе, Уағдаласушы Тараптардың бас прокурорларымен (прокурорларымен) жүзеге асырылады.
95-бап
Құқықтық құзырға көшу
1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап iс жүргiзуiне қылмыстық iстi қабылдаған сәттен бастап сұрау салған Уағдаласушы Тарап күдiктi, айыпкер адамды қылмыстық қудалау туралы мәселе қойылуға байланысты әрекетi үшiн жауапкершiлiкке тарта алмайды.
2. Қылмыстық қудалау құқығы егер сұрау салынған Уағдаласушы Тарап оның өтiнiшiн орындауға шара қабылдамаса немесе оны орындаудан бас тартса, сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа өтедi.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сұрау салынған Уағдаласушы Тарап оған берiлген қылмыстық қудалау материалдары мен дәлелдердi қайтарады.
96-бап
Соттың iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстердi беру тәртiбi
1. Сот мәжiлiсiне келуден жалтарған және соттан жасырынған сотталушыларға қатысты қылмыстық iстер сұрау салынған Уағдаласушы Тарап олардың орналасқан жерiн және азаматтылығы анықтаған кезде немесе ұстап беруден бас тартқан жағдайда iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуды бұзғаннан кейiн қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн осы Конвенцияның 92-бабында көзделген тәртiпте сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне жiбередi.
2. Қосымша тергеу жүргiзу кезiнде iстi аяқтау мен қарауда сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары және осы Конвенцияның 90-бабы қолданылады.
97-бап
Қылмыстық қудалау нәтижелерi туралы хабарлау
Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық қудалау туралы оның тапсырмасы бойынша қабылдаған соңғы шешiмi туралы хабарлауға мiндеттi. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың өтiнішi бойынша оған соңғы шешiмнiң көшiрмесi жiберiледi.
98-бап
Қылмыстық қудалау туралы қабылданған шешімнің салдары
Егер Уағдаласушы Тарапқа осы Конвенцияның 91-бабына сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма заңды күшiне енген үкiм немесе сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнің сол әрекет бойынша өзге соңғы шешiмi қабылданғаннан кейiн жiберілсе, онда осы әрекеттi жасау фактiсi бойынша сұрау салған Уағдаласушы тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiмен қылмыстық iс қайта қозғалуы мүмкiн емес, ал олармен қозғалған iс тоқтатылуға жатады.
99-бап
Мән-жайларды ауырлататын және
жеңілдететiн жауапкершiлiк
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап қылмысты тергеген және соттармен қылмыстық iстердi қараған кезде ол қай Уағдаласушы Тараптың аумағында туындағанына қарамастан, оның заңдарымен көзделген ауырлататын және жеңілдететiн мән-жайды ескередi.
2. Адамды аса қауiптi рецидивист деп тану немесе оның әрекетiнде рецидивтiң әртүрлi түрлерi бар болуы туралы, қылмысты қайтадан жасау фактiлерi мен шартты сотталғанға, үкімнiң орындалуын кейiнге қалдырғанға немесе шартты-мерзiмнен бұрын босатуға байланысты міндеттердi бұзу анықтау туралы мәселенi шешкен кезде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi бұрынғы (трибуналмен) КСРО мен оның құрамына кiрген одақ республикалар соттарымен, сондай-ақ әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттарымен шығарылған үкiмдерiн тануы және ескеруi мүмкiн.
100-бап
Қылмыстық iстердi бiрiктiру
1. Адаммен немесе адам топтарымен екi немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптың аумақтарында қылмыс жасалған кезде осы қылмыстар туралы қылмыстық iстер Уағдаласушы Тараптардың тиiстi құзыреттi әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша бiр өндiрiске бiрiктiрілуi мүмкiн.
Iстердi бiрiктiру осы Конвенцияның 91 және 92-баптарының талаптары сақтала отырылып жүргiзiледi.
101-бап
Екi немесе бiрнеше Уағдаласушы Тараптарының соттарына
жататын iстердi қарау тәртiбi
Бiр адамды немесе адамдар тобын, бiрiктiрiлген және екi немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптардың соттарына жататын iстер, бiрнеше қылмыс жасауда айыптау кезінде аумағында алдын ала тергеу аяқталған осы Уағдаласушы Тараптың соттары оларды қарауға құзыреттi. Бұл жағдайда iс осы Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қаралады.
102-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудан бас тарту
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыруда, егер:
а) қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырманы алған сәтте адамды қылмыстық жауапкершілiкке тарту үшiн мерзiмi өткен болса;
б) қылмыстық қудалау туралы мәселеге қатысты адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында сол қылмысы үшiн iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы немесе заңды күшiне енген үкім шығарылса, немесе қылмыстық iстi қозғаудан бас тартылса;
в) жасалған әрекет үшiн жаза қолдауын мүмкiншiлiгiн алып тастайтын, Рақымшылық туралы акт бар болса;
г) онымен қоғамға қауiптi әрекет жасалған сәтте адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша қылмыстық жауапкершілiк жүктелетiн жасқа толмаса бас тартылады.
2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыруда сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн.
3. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудан бас тартылған жағдайда сұрау салған Уағдаласушы Тарап бұл туралы шешiм қабылдаған сәттен 10 күн iшiнде бас тарту негiздерi туралы жазбаша хабарлануы тиiс.
IY бөлiм. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және
қатынастар туралы арнайы ережелер 103-бап
Заттарды беру
1. Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне өтiнiш бойынша:
а) қылмысты жасау кезiнде пайдаланылған заттарды, соның iшiнде қылмыс құралдарды; қылмыс нәтижесiнде алынған немесе оны жасағаны үшiн сыйақы ретiнде алынған заттарды немесе қылмыскер осындай жолмен алған заттардың орнына алынған заттарды;
б) қылмыстық iсте дәлел бола алатын заттарды: бұл заттар қылмыскердiң қайтыс болуы, қашып кетуi себебiнен немесе өзге жағдайлар бойынша оны ұстап беру жүзеге асырыла алмайтын жағдайларда да берiледi.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған заттар сұрау салынған Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық iстегi дәлелдер ретiнде қажет болса, iс бойынша iс жүргiзу аяқталғанға дейiн оларды беру кейiнге қалдырыла алады.
3. Берiлген заттарға деген үшiншi адамдардың құқықтары күшiнде қалады. Iс бойынша iс жүргiзу аяқталған соң бұл заттар егер ол олардан бас тартпаса, оларды берген Уағдаласушы Тарапқа ақысыз қайтарылуға тиiс.
104-бап
Мүлiкке iздеу салу, тыйым салу мен тәркiлеуiн
қамтамасыз ету мәселелерiнде құқықтық көмек
1. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң заңдары мен осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес бiр-бiрiне қылмыстық жолмен алынған мүлiктi, ақшаны және құндылықтарға, сондай-ақ айыпкерге (күдiктiгe, сотталушыларға) қылмыстық әрекеттен тиiстi табыстарға iздеу салу, тыйым салу және алуда, қылмыстан жәбiрленушiлерге (азаматтық талапкер) зиянды өтеуде, айыппұл өндiру туралы және тәркiлеу туралы соттардың шешiмiн орындауда құқықтық көмек көрсетедi.
2. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемелерi қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманың негiзiнде iшкi заңдарына сәйкес қылмыстық жолмен алынған мүлiктер, ақшалар мен құндылықтарды, сондай-ақ айыпкерге (сотталушыға, сотталғанға) қылмыстық әрекеттен тиiстi табыстарды табуға бағытталған барлық қажеттi тергеу, iздеу салу немесе жедел-iздеу салу iс-шараларын орындайды.
Осындай мүлiк, ақша, құндылықтар мен табыстарды анықтап Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемесi олармен кез келген операциялар мен оларды алудың алдын алу үшiн тыйым салу түрiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды.
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi өзiнiң юрисдикциясында қылмыстық жолмен алынған мүлiк, ақшалар мен құндылықтарды анықтап, оларды айғақ заттар ретiнде қылмыстық iске қосу және қылмыспен келтiрiлген зиянды өтеуге, оны заңды иелерiне қайтару үшiн сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне бередi.
4. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi айыпкерге (сотталушыға, сотталғанға) қылмыстық әрекеттен түскен ақшаға, құндылықтарға және мүлiктерге, табыстарға тыйым салып, қылмыспен келтiрiлген зиянды өтеуге айналдыру және осы Конвенцияның 58-бабында көзделген ережелерiн ескере отырып, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың сотының заңды күшiне енген үкiмiнiң негiзiнде тәркiлеу мақсатында олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
5. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi егер олар қылмыстық қудалауды немесе басқа (үшiншi) адамның құқықтары туралы дауларды шешудi жүзеге асыруға байланысты оларға қажет болса, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне қылмыстық жолмен алынған мүлiктер, ақшалар мен құндылықтарды, сондай-ақ айыпкерге (сотталушыға, сотталғанға) қылмыстық әрекеттен тиiстi табыстарды берудi кейiнге қалдыруы мүмкін.
105-бап
Бейне байланыстарының құралдарын пайдалану
Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемелерi құқықтық көмек көрсету кезінде өзара келiсiм бойынша бейне байланыстарының құралдарын пайдалануға құқылы. Бейне байланыстарының құралдарын пайдалану Уағдаласушы Тараптардың ішкі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
106-бап
Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан адамды уақытша беру
1. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан адамнан куә немесе жәбiрленушi ретiнде жауап алу, сондай-ақ оның қатысуымен өзге тергеу әрекетiн жүргiзу қажет болған жағдайда, бұл адам, оның азаматтығына қарамастан, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың негiзделген өтiнiшi бойынша, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң орталық органының шешiмi бойынша оны қамауда ұстау және белгіленген уақытта қайтару шартымен оған уақытша берілуi мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамды уақытша беру туралы өтiнiш осы Конвенцияның 7-баптың ережелерiне сәйкес жасалады және сонымен қатар онда бұл адамның сұрау салған Уағдаласушы Тарапта болуы талап етiлетiн уақыт көрсетiлуге тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамды, егер:
а) осындай беруге оның келiсiмi алынбаса;
б) сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында ол алдын-ала тергеуде және сот тергеуде болу қажет болғанда;
в) осындай ұстап беру бұл адамды қамауда ұстаудың немесе оның бас бостандығынан айыру түрдегi жазаны өтеуiнiң белгiленген мерзiмдерiн бұзатын болса, уақытша беру жасалмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамға осы Конвенцияның 9-бабының 1-тармағында көзделген кепiлдiктер таратылады.
107-бап
Айыптау үкімдерi мен соттылығы туралы мәлiметтер
беру туралы хабарлама
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар жыл сайын басқа Уағдаласушы Тараптарға бiр уақытта сотталғандардың бар саусақтарының таңбаларын жiбере отырып, тиiстi Уағдаласушы Тараптардың азаматтарына қатысты оның соттарымен шығарылған, заңды күшiне енген айыптау үкiмдерi туралы мәлiметтер хабарлайды.
108-бап
Бақылаудағы жеткiзу
Уағдаласушы Тараптар iшкi заңдарына сәйкес тергеу жүргiзiлетiн қылмыстық iс бойынша қылмысты жасауға қатысушы адамдарды анықтау, дәлелдердi алу және қылмыстық қудалауды қамтамасыз ету мақсатында бақылаудағы жеткiзу әдiстерiн пайдалануда құзыреттi әдiлет мекемелерiнiң өзара сенiмхаттар негiзiнде қамтамасыз ететiн шараларды қабылдайды.
Y бөлiм. Үкiмдердi тану және орындау 109-бап
Үкiмдердi тану және орындау
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияда көзделген шарттарда басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыстық жауапкершілiкке тарту үшiн бiр Уағдаласушы Тараптың сотымен сотталған және жазаны өтемеген адамды ұстап беру жағдайда, сондай-ақ бiр Уағдаласушы Тарапқа басқа Уағдаласушы Тараптың сотымен шығарылған үкімдi орындау үшiн адамды ұстап беруден бас тартқан кезде басқа Уағдаласушы Тараптардың соттарымен шығарылған үкiмдерiн таниды және орындайды.
2. Үкiмдердi тану және орындау аумағында осындай үкімдер танылатын және орындалатын Уағдаласушы Тараптың заңдарының негiзiнде жүзеге асырылады.
110-бап
Үкімдерді тану мен орындау туралы құзау
1. Сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiнiң үкімдi тану мен орындау туралы өтiнiшi сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне жiберiледi.
2. Өтiнiшке:
а) заңды күшiне енген үкiмнiң тиiстi куәландырылған көшiрмесi және iс бойынша бар жоғары тұрған сотының шешiмi, үкімнiң заңды күшiне енгенi және оны орындауға келтiру туралы ресми құжат;
б) үкiмдi тану мен орындау туралы өтiнiш қозғалуына қатысты адамның жеке және азаматтылығы туралы деректер;
в) негiзiнде адам сотталған, заң бабының мәтiнi;
г) жазаның негiзгi және қосымша бөлiгiн өтеу, зиянды өтеу сомасы туралы анықтама қоса берiледi.
3. Қажет болғанда сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi қосымша құжаттар мен мәлiметтер сұратуы мүмкін.
4. Өтiнiшке қоса берiлген құжаттар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тiлiнде куәландырылған аудармасымен немесе орыс тiлiнде жасалады.
5. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесi түскен емдi тану мен орындау туралы өтiнiштi өз Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына қарау үшiн жiбередi.
111-бап
Үкiмдi тану мен орындаудың тәртiбi
1. Yкiмдi тану мен орындау туралы өтiнiш сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотымен оның iшкi заңдарына сәйкес қаралады.
2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты оның аумағына ұстап берілетiн адамды нақты беру сәтiне дейiн үкімдi тану және орындау туралы шешiм шығарады.
3. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты сұрау салған Уағдаласушы Тараптың сотымен қаулы етiлген үкімнiң негiзiнде iшкi заңдарына сәйкес үкім бойынша жаза сияқты, осындай жазаны белгiлейдi.
4. Егер cұpaу салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша осы әрекет үшiн жазаның мерзiм шегi үкім бойынша тағайындалған мерзiмнен аз болса, сот сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында ұқсас әрекеттер үшiн көзделген жазаның жоғарғы мерзiмiн белгілейдi.
5. Yкiмдi қаулы еткен, сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағында жазаның өтелген бөлiгi үкімдi тану туралы өтiнiштi қараушы Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жаза мерзімiне есептеледi.
6. Жаза, егер ол сұрау салынған немесе сұрау салған Уағдаласушы Тараптардың заңдарына көзделген жағдайда, қолданылады.
112-бап
Үкiмдi тану мен орындаудан бас тарту
Егер:
а) жаза мерзiмi өтiп кетуi салдарынан орындалуы мүмкiн болмаса немесе өзге заңда негiздер бойынша сотталушының қатысуынсыз сырттай қаулы етiлген үкімге тең болса;
б) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында осындай әрекет үшiн не жазаны өтесе немесе ақталған болса не қылмыстық iс белгiленген заң тәртiбінде тоқтатылса, сондай-ақ, егер адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiмен жазадан босатылса;
в) сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен сұрау салған Уағдаласушы Тараптың аумағында ұқсас тағайындалған, жаза көзделмесе;
г) нәсiлi, жынысы, дiн ұстануына, этникалық қатыстығына немесе саяси сенiмдiлiгi белгiлерi бойынша адамды қудалауға байланысты соттауға дәлелдi негiздер болса үкімдi тану мен орындаудан бас тартылуы мүмкiн.
113-бап
Үкiмдердi орындау кезiнде жазаларды қосу тәртiбi
Yкiмдердi орындау кезiнде жазаларды қосу аумағында үкім орындалатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi.
114-бап
Кешiрiм жасауды және рақымшылық етудi қолдану
Yкiмдi тану және орындау туралы шешiм шығарылған адамдарға қатысты кешiрiм жасауды және рақымшылық ету сұрау салған сияқты сұрау салынған Уағдаласушы Тараптармен олардың ішкі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
115-бап
Үкiмді қайта қарау тәртiбi
Орындау үшiн берiлген сотталғанға қатысты үкімдi қайта қарау аумағында үкім қаулы етiлген тек Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотымен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
116-бап
Өзгертілген және бұзылған үкімдерді орындау
1. Егер үкімдi орындау процесінде ол аумағында үкім қаулы етiлген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотымен өзгертiлсе, шешiм көшiрмесi үкімдi орындаушы Уағдаласушы Тарапқа осы Конвенцияның талаптарына сәйкес осындай шешiмді орындау туралы мәселенi шешу үшiн тезарада жіберіледi.
2. Егер үкімдi орындау процесінде ол аумағында үкім қаулы етiлген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотымен қылмыстық iстi қысқартумен бұзылса, шешiм көшiрмесi үкiмдi орындаушы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органы орындау үшiн тезарада жiберiледi.
3. Егер орындау процесiнде үкiм бұзылса, және жаңа тергеу немесе сот талқылауы тағайындалса, онда осы шешiмнiң көшiрмесi, қылмыстық iстiң материалдары және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма осы Конвенцияның 92-бабына сәйкес үкiмдi орындаушы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемесiне жiберiледi.
Y Тарау
Қорытынды ережелер 117-бап
Осы Конвенцияны қолдану мәселелерi
Осы Конвенцияны қолдану мен түсiндiру кезiнде туындалған мәселелер Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.
118-бап
Конвенцияның басқа халықаралық шарттармен қатысы
1. Осы Конвенцияның мәнiн қозғайтын, ережесiн қамтитын, криминалдық салада бiр және бiрнеше Еуропа Кеңестерiнiң конвенциясына қатысушылар болып табылатын, Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қатынастарда көрсетiлген Еуропа Кеңесiнiң конвенциясын толықтыратын оның ережелерi ғана қолданылады немесе олардағы принциптердi баяндауға қолдануға көмек көрсетедi.
2. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қатынастарда - Еуропа Кеңесiнiң жоғарыда көрсетiлген конвенциясы және осындай конвенцияға қатысушы болып табылмайтын Уағдаласушы Тараптармен осы Конвенцияның ережелерi қолданылады.
3. Осы Конвенцияның ережесi олар қатысушысы болып табылатын немесе болуы мүмкiн басқа халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
4. Уағдаласушы бiр Тараптың өтiнішi бойынша олардың орталық әдiлет мекемесi осы Конвенция мен қажет болғанда, басқа Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк органдарының өкiлдерiн қатыстырып, халықаралық шарттар қатынасының мәселелерi бойынша консультациялар жүргiзедi.
119-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Уағдаласушы Тараптардың келiсiмiмен осы Конвенцияға оның ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамамен ресiмделетiн және осы Конвенцияның 120-бабында көзделген тәртiпте күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi мүмкін.
120-бап
Күшiне ену тәртiбi
1. Осы Конвенция оның мемлекеттерiмен қол қойылып бекiтілуi тиiс. Бекiтiлген грамоталар осы Конвенцияның депозитарийдiң функциясын орындайтын Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығының Атқарушы комитетiне сақтауға берiледi.
2. Осы Конвенция үшiншi бекiтiлген грамотаны депозитарийге сақтауға берiлген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. Осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бекiтiлген грамотаны депозитарийге сақтауға берiлген мемлекет үшiн ол оның бекітiлген грамотасын депозитарийге сақтауға берiлген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
3. Осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер арасында 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция өзiнiң әрекетiн тоқтатады және оған 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттама.
4. Конвенцияның осы бабының 3-тармағында көрсетiлген және оған Хаттама осы Конвенция күшiне енбегендер үшiн олардың қатысушылары болып табылатын осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер арасындағы және мемлекеттер қатынасында қолданылуы жалғасады.
121-бап
Конвенцияның қолдану мерзiмi
1. Осы Конвенция оның күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде әрекет жасайды. Осы мерзiм аяқталған соң Конвенция автоматты түрде әрбiр жаңа бесжылдық кезеңге ұзартылады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап депозитарийге оның әрекетiнiң тиiстi бесжылдық кезеңi аяқталғанға дейiн 12 ай бұрын бұл туралы жазбаша хабарлап, осы Конвенциядан шыға алады.
122-бап
Уақыт iшiндегi қолдану
Осы Конвенцияның қолданылуы оның күшiне енгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастарға да таратылады.
123-бап
Конвенцияға қосылудың тәртiбi
Ол күшiне енгеннен кейiн осы Конвенцияға барлық Уағдаласушы Тараптардың келiсiмiмен қосылу туралы депозитарийге құжаттар беру арқылы басқа мемлекеттер қосылуы мүмкiн. Қосылу депозитарий осындай қосылуға келiсу туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап отыз күн аяқталған соң күшiне ендi деп саналады.
124-бап
Депозитарийдің мiндеттерi
Депозитарий осы Конвенцияға қол қойғандарды оған қосылған мемлекеттiң әрбiр бекiтiлген грамоталарды сақтауға өткiзген күнi және қосылуы туралы құжаты туралы, сондай-ақ олармен осы Конвенцияға қатысты мақұлдама, хабарламалар мен хабарлаулар басқа құжаттарды алғаны туралы тезарада хабарлайды.
Кишинев қаласында 2002 жылғы 7 қазанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалған. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақтаулы, ол осы Конвенцияға қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Әзiрбайжан Республикасы үшiн Молдова Республикасы үшiн
Армения Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн
Беларусь Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн
Грузия үшiн Түркiменстан үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн Өзбекстан Республикасы үшiн
Қырғызстан Республикасы үшiн Украина үшiн
Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық
көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның жаңа
редакциясына
Азербайжан Республикасының
Ерекше пікірі
1. Осы Конвенцияның шеңберiнде жедел-iздестiру iс-шаралары сұрау салудың негiзiнде Азербайжан Республикасының қолданыстағы ұлттық заңнамасы мүмкiндiк беретiн деңгейде және оның құзыреттi органдарымен ғана орындалуы мүмкiн.
2. Осы Конвенция шеңберiнде сот шешiмiнiң негiзiнде тек қана қылмыс жасаған кезде пайдаланылған қарулар мен құралдар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлiк тәркiленуi мүмкiн.
3. Конвенцияның 63 және 108-баптарының Азербайжан Республикасы үшiн заңды күшi жоқ.
Азербайжан Республикасының
Президентi
"Азаматтық отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның жаңа редакциясы туралы" ТМД мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң мәжiлiсi күн тәртiбiнiң 13.3-тармағы бойынша
Украина ескертпесi
1. Украина өзiне Конвенцияның 6-тармағында көзделген көлемде құқықтық көмек беруге қатысты, атқару жазуларын мойындау және орындауды қоспағанда, мiндеттеме алады.
2. Украина ақша мiндеттемелерiне қатысты нотариаттық актiлердi қоспағанда, өзiне Конвенцияның 54-бабы 1-тармағының "a" тармақшасында көзделген Конвенцияға қатысушы-мемлекеттердiң аумағында шығарылған шешiмдердi мойындауға және орындауға мiндеттеме алады.
Украина Президентi