Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанында келiсiмдi жасасын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi тартылатын грант қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
______, 2003 жыл,
Жоғары мәртебелi,
Жоғары мәртебелi Сiзден төмендегiлер айтылатын бүгiнгi күнмен белгiленген Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуiңiздi сұраймын:
"Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдерiнiң арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi және Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуiңiздi сұраймын:
1. Қазақстан Республикасының Yкiметiне "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Yкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдарына және нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне бес жүз жиырма бес миллион иен (Ұ 525,000,000) мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi.
Жапонияның
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Жоғары мәртебелi
Тосио ЦУНОДЗАКИ
2. Грант, егер осы кезең екi Yкiметтің уәкілеттiлерi арасындағы өзара келiсiм жолымен ұзартылмаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2004 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде берiледi.
3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты бұдан әрi көрсетілген Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония азаматтарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алуға тиесiлi және сол үшiн ғана пайдаланады (осы келiсiмде қолданылатын "азаматтар" терминi жапондық азаматтарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық азаматтарға қатысты қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi):
а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары, жабдықтар мен материалдар және оларды сатып алу үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
б) жоғарыдағы (а) тармақшасында көрсетілген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
в) жоғарыда аталған жабдықтармен жұмыс iстеуге үйрету үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
г) iс-шаралар орындау процесiнде басшылық және сапасын бақылау үшiн қажеттi қызметтер көрсету.
(2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақшаның ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi және (1) тармақтың (а), (б), (в) және (г) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органы 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтер көрсетудi сатып алу үшiн жапондық азаматтармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Мұндай келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы ретiнде бекiтуi тиіс.
5. (1) Жапония Yкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрi "Бекiтілген Келiсiм-шарттар" деп аталады) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органы белгiлеген Жапония банкiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына ашылған шотқа жапондық иенмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
(2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетілген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкілеттiк берген Банк Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiн берген кезде орындалады.
(3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетілген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнiң жапон иенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық азаматтың ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкiлеттi органы арасындағы консультациялар жолымен келiсiледi.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант есебiнен сатып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
(б) жапондық азаматтарды Бекiтілген Келiсiм-шарт бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын елдiң кедендiк бажы, iшкi салықтары және өзге де қаржылық алымдарынан босату;
(в) Бекiтілген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық азаматтарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және онда болу жағдайларын қамтамасыз ету;
(г) Грант есебiнен сатып алынған тауарлардың Жобаны iске асыру мақсатында тиесілi және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету; және
(д) Грант есебiнен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажеттi шараларды қолданады.
(2) Грант есебiнен сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiз тасымалын сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiз тасымалын сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
(3) Грант есебiнен сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары қайта экспортқа шығарылмайды.
7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелерге қатысты Үкiметтер бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
Осы Нота мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын Жоғары мәртебелi Сiздiң жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға құрмет етемiн.
Осы мүмкiндiктi пайдаланып Жоғары мәртебелi Сiзге өзiмнiң терең құрметiмдi бiлдiруге рұқсат етiңiз".
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi растауға және Жоғары мәртебелi Сiздiң Нотаңыз және осы Нота Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін екі Үкімет арасындағы бекітілген келісім болып саналатындығына келісімді білдіруді құрмет тұтамын.
Жоғары мәртебеңізге өзімнің терең құрметімді тағы да білдіру үшін осы мүмкіндікті пайдаланамын.
Қасымжомарт ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Жоба
____________, 2003 жыл,
Жоғары мәртебелi,
Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдерiнiң арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi және Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуiңiздi сұраймын:
1. Қазақстан Республикасының Yкiметiне "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдарына және нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне бес жүз жиырма бес миллион иен (Ұ 525,000,000) мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталатын) бөледi.
2. Грант, егер осы кезең екi Үкiметтiң уәкiлеттiлерi арасындағы өзара келiсiм жолымен ұзартылмаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2004 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде берiледi.
3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты бұдан әрi көрсетiлген Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония азаматтарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алуға тиесiлi және сол үшiн ғана пайдаланады (осы келiсiмде қолданылатын "азаматтар" терминi жапондық азаматтарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық азаматтарға қатысты қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт ТОҚАЕВҚА
а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары, жабдықтар мен материалдар және оларды сатып алу үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
б) жоғарыдағы (а) тармақшасында көрсетілген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
в) жоғарыда аталған жабдықтармен жұмыс iстеуге үйрету үшiн қажеттi қызметтер көрсету, және
г) жұмысты және жабдықты басқару сапасын басқаруға басшылық үшiн қажеттi қызметтер көрсету.
(2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақшаның ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi және жоғарыдағы (1) тармақтың (а), (б), (в) және (г) тармақшаларында көрсетілген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органы 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтер көрсетудi сатып алу үшiн жапондық азаматтармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Мұндай келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы ретiнде бекiтуi тиiс.
5. (1) Жапония Yкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрi "Бекiтілген Келiсiм-шарттар" деп аталады) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органы белгiлеген Жапония банкiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атына ашылған шотқа жапондық иенмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
(2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкілеттiк берген Банк Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiн берген кезде орындалады.
(3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнiң жапон иенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген Келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық азаматтың ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкiлеттi органы арасындағы консультациялар жолымен келiсiледі.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант есебiнен сатып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
(б) жапондық азаматтарды Бекiтiлген Келiсiм-шарт бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын елдiң кедендiк бажы, iшкi салықтары және өзге де қаржылық алымдарынан босату;
(в) Бекiтілген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық азаматтарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және онда болу жағдайларын қамтамасыз ету;
(г) Грант есебiнен сатып алынған тауарлардың Жобаны iске асыру мақсатында тиесілi және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету; және
(д) Грант есебiнен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажеттi шараларды қолданады.
(2) Грант есебiнен сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiз тасымалын сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiз тасымалын сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
(3) Грант есебiнен сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары қайта экспортқа шығарылмайды.
7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелерге қатысты Үкiметтер бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзеді.
Осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын Жоғары мәртебелi Сiздiң жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға құрмет етемiн.
Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiмдi тағы да бiлдiру үшiн осы мүмкiндiктi пайдаланамын.
Жапонияның
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Тосио ЦУНОДЗАКИ
Процедуралық деталдар жөнiндегi келiсiлген Хаттамасы
Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және ынтымақтастықты бекiту мақсатында, Жапония Үкiметi мен Қазақстан Yкiметi арасындағы жапондық экономикалық ынтымақтастығы туралы ________________ Алмасу Ноталарының 1, 3, 4 және 5 параграфтарына жүгiне отыра, Жапония Үкiметi мен Қазақстан Үкiметi өкiлдерi екi Үкіметтiк уәкiлеттi өкiлдерiмен келiсiлген келесi процедуралық деталдарды бекiткiлерi келедi:
1. Жапония Үкiметi Жапондық Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгiн (ЛСА) Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмектi сәйкестi жүзеге асыруға бағытталған қажеттi жұмысты орындауға белгiлейдi.
2. Қазақстан Үкiметi - жоғарыда аталған Алмасу Ноталарының 3 параграфының (1) тармақшасында ескерiлген тауарлар және/немесе қызметтер "Жалпы типтi және балық шаруашылығының жобалары үшiн Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмек Ережелерiне" ЛСА-ға сәйкес алынатынына кепiлдiк бередi, олар сонымен қатар тендердi өткiзу процедурасын анықтайды, тек бұндай процедуралар қабылдауға жатпайтын, және орынсыз болған жағдайларда шектеледi.
3. Алмасу Ноталарының 4 параграфында ескертiлген Жапон азаматтарының тауарлар мен қызметтер алу жөнiндегi жұмыстарының ешқандай да бөлiмiн Қазақстан Yкiметiнiң кез-келген шенеуiгiнiң өзiне алмауы керек.
4. Алмасу Ноталарының 1 параграфында ескертiлген Жоспарды және/немесе Жобаның сызбасын өзгерту қажет болғанда, бiрiншi кезеңде Қазақстан Үкiметi кеңес өткiзуi керек және жоғарыда ескертiлген "Жалпы типтi және балық шаруашылығының жобалары үшiн Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмек Ережелерiне" сәйкес, Жапон Үкiметiнiң өзгерiстер енгiзуге келiсiмiн алуы керек.
___________, 2003 ___________, 2003
Қасымжомарт TOҚАЕB Тосио ЦУНОДЗАКИ
Қазақстан Республикасының Жапонияның
Сыртқы iстер министрi Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Талқылама хаттамасы
Жапонның экономикалық ынтымақтастығы туралы ___________, Алмасу Ноталарымен (әрi қарай Алмасу Ноталары) байланысты Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және ынтымақтастықты бекiту мақсатында Жапон делегациясы мен Қазақстан делегациясы келесiнi бекiткiлерi келедi:
1. Алмасу Ноталарының 3 параграфы бойынша Жапон делегациясының өкiлi Жапон Үкiметi Қазақстан Үкiметiнiң Алмасу Ноталарының 4 параграфында ескертiлген келiсiм-шарттарды алу үшiн кез-келген мәлiметтердiң, сыяпаттардың немесе сыйақылардың алдын-алуға қажеттi шаралар қолданатынын түсiнетiнiн мәлiмдейдi.
2. Қазақстан делегациясының өкiлi, оның Делегациясының, Жапон Делегациясы өкiлiнiң жоғарғы көрсетiлген мәлiмдемесiне қарсы емес екенiне мәлiмдейдi.
___________, 2003 ___________, 2003
Қасымжомарт TOҚАЕB Тосио ЦУНОДЗАКИ
Қазақстан Республикасының Жапонияның
Сыртқы iстер министрi Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
РҚАО ескертуі: әрі қарай мәтін ағылшын тілінде берілген (қағаз нұсқаны қараңыз).