Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы
30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесінің тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн құқықтық жағдайларды жетілдiру мақсатында қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 156-құжат; 2000 ж., N 17, 168-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесi туралы ереже қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
200 жылғы "__"________
N ___________ Жарлығына
қосымша
"Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 30 маусымдағы
N 3985 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Шетелдік инвесторлар кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Шетелдiк инвесторлар кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі мен Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестiң негiзгi міндеттері
5. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) мына мәселелер жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу:
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау;
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
экономиканы әртараптандыру, өнеркәсiптiк секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнестi дамыту үшін қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикалық процестерге ықпалдастыру;
Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестицияларды тарту стратегиясы;
Қазақстан Республикасының халықаралық мәнi бар iрi инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын iске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша инвестициялық саясаттың өзге де маңызды мәселелерiн қарау және талқылау болып табылады.
3. Кеңестiң құрамы
6. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестің төрағасы болып табылады.
7. Лауазымы бойынша мыналар: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi, Кеңес жұмыс органының бiрiншi басшысы Кеңестiң тұрақты мүшелерi болып табылды.
8. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымдық тұлғалары кiре алады.
9. Кеңестiң шетелдiк тараптан құрамын осы Ережеде белгiленген тәртіппен халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының (бұдан әpi - халықаралық ұйымдар) өкілдерi, шетелдiк компаниялардың бiрiншi басшылары немесе олардың орынбасарлары қатарынан қалыптастырады.
10. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
4. Кеңес мүшелiгiне өтiнiмдер беру
және оларды қарау тәртiбi
11. Кеңестiң құрамына қабылдану үшiн халықаралық ұйымдардың, шетелдiк компаниялардың өкiлдерi (бұдан әрі - үмiткерлер) жұмыс органына осы Ережеге Қосымшада белгiленген нысан бойынша өтiнiм бередi.
12. Өздерiнiң үмiткерлерiн бiлдiретiн халықаралық ұйымдардың және шетелдiк компаниялардың Қазақстан Республикасының экономикасына жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс iстейтiн инвесторлар үшiн кемiнде 200 миллион АҚШ долларына және экономиканың өзге де секторларындағы инвесторлар үшiн кемiнде 25 миллион АҚШ долларына баламалы сомада тiкелей инвестициялар салу Кеңестiң мүшесiн қабылдану үшiн негiзгi өлшем болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвестициялық процестердi жандандыру жөнiндегi жұмыстарға белсендi қатысатын халықаралық ұйымдар, банктер мен өзге де ұйымдар үшін ерекше жағдай жасалуы мүмкiн.
13. Көрсетiлген өлшемге сәйкессiздiк анықталған жағдайда жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша өтiнiмнен бас тартуға құқылы.
14. Кеңестiң мүшесiне қабылдау туралы өтiнімдердi қарау кезiнде жұмыс органы, сондай-ақ мыналарды ескереді:
1) халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның тәжiрибесi мен iскерлiк беделi;
2) Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтiк саласын дамыту үшiн халықаралық ұйым/шетелдiк компания қызметiнiң маңыздылығы;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк мiндеттерiн шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасының аумағындағы демеушiлiк және қайырымдылық қызметi;
4) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтi стратегиялық кеңейтуге дайындығы;
5) шетелдерде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджiн арттыру жөнiндегi жұмысқа қатысуы;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген өнеркәсiптiк және iскерлiк қауымдастықтардың, мемлекеттер елшілiктерiнiң ұсынымдары.
15. Өзге де тең жағдай кезiнде инвестициялық қызметтi экономиканың шикiзат емес секторларында жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарға және шетелдiк компанияларға артықшылық беріледi.
5. Шетелдiк мүшенiң Кеңесте болу мерзiмi
16. Шетелдiк мүше үшiн Кеңесте болу мерзiмi 3 жылды құрайды және Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша осы Ереженiң 22-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кезекті үш жылдық кезеңге ұзартылуы мүмкін.
6. Кеңестің шетелдiк мүшелерiн алмастыру
17. Кеңестiң шетелдiк мүшелерінің үштен бiрiн алмастыру (жаңа мүшелермен ауыстыру) осы Ережеде белгiленген тәртiппен жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
Өзiне жүктелген міндеттерді тиiмдi орындауға ең көп ықпал ететiн құрамда Кеңестi ұстау алмастырудың мақсаты болып табылады.
Кеңестің шетелдік мүшесін халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның сол өкілдерiмен ауыстыру алмастыру болып табылмайды.
18. Алмастыру жұмыс органы ұсыныстарының негізінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
19. Алмастыру туралы мәселенi қарау үшін жұмыс органы Кеңесте ұсынылған қажетті ақпаратты халықаралық ұйымдардан/шетелдiк компаниялардан сұрата алады.
20. Жұмыс органы алмастыру туралы мәселенi қарау мақсатында Кеңестің шетелдiк мүшелерiн алмастыру жөнiндегi топ (бұдан әрі - Топ) құра алады.
Топтың құрамы қазақстандық және шетелдiк тараптардың өкiлдерiнен тепе-теңдік негізде қалыптасады.
21. Топ ұсынымдарын ecкepe отырып, жұмыс органы Қазақстан Республикасының Президентiне Кеңестің құрамы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
7. Шетелдiк мүшенi Кеңестің құрамынан шығару негiздерi
22. Шетелдiк мүшенi Кеңестiң құрамынан шығару үшiн мыналар:
1) Кеңестiң шетелдiк мүшесiнiң Кеңестегi өз қызметiн тоқтату туралы жазбаша өтiнiш;
2) Кеңестің шетелдiк мүшесi өкiлi болып табылатын халықаралық ұйымның немесе шетелдiк компанияның Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті тоқтатуы;
3) Кеңестiң құрамында болу мерзiмiнiң аяқталуы;
4) шетелдiк мүшенiң немесе ол өкiлi болып табылатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстанда 2000 жылғы 8 желтоқсаннан жұмыс iстейтiн Шетелдiк инвесторлардың этикасы кодексі туралы декларацияны сақтамау негіздер болып табылады.
23. Қазақстан Республикасының Президентi дербес немесе жұмыс тобының ұсынысы бойынша өзге негiздемелер бойынша әрбiр шетелдiк мүшенiң Кеңесте болу мерзiмiн тоқтату туралы мәселенi қарастырады және шешедi.
8. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары
24. Кеңестiң шешiмдерiмен алға қойған мiндеттерiн iске асыру мақсатында Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.
25. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне жалпы басшылық етудi олардың қазақстандық және шетелдiк тараптарының тең төрағалары жүзеге асырады.
26. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының iс-шаралар жоспарларын бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары бекiтедi.
27. Кеңестің бiрлескен жұмыс топтарының құрамын Кеңес мүшелерi ұсыныстарының негiзiнде жұмыс органы қалыптастырады және Кеңестiң жалпы отырысында бекiтедi.
28. Кеңестің бiрлескен жұмыс топтарының құрамына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, халықаралық ұйымдардың, бiрлескен кәсiпорындардың, қазақстандық және шетелдiк компаниялардың өкiлдерi кiре алады.
29. Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының жұмысына қатысу алмастыру құқығынсыз жүзеге асырылады.
9. Кеңестiң жұмыс тәртiбi
30. Кеңестiң жалпы отырыстары Кеңес төрағасы белгiлейтiн мерзiмдерде жылына кемiнде eкі рет өткізіледi.
Кеңестiң жалпы отырыстары Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде заңды.
31. Кеңестiң жалпы отырыстарының аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң төрағалық етуiмен Кеңестiң аралық отырыстары өткiзiледi.
Аралық отырыстарға Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарының басшының орынбасарынан төмен емес деңгейiндегi өкiлдерi, Кеңестiң бiрлескен жұмыс топтарының тең төрағалары, сондай-ақ Кеңестiң шетелдiк мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкiлдерi қатысады.
Аралық отырыстарда соңғы жалпы отырыс шешiмдерiнің оралу қорытындылары, Кеңестің бiрлескен жұмыс топтары қызметінің нәтижелерi, келесi жалпы отырысқа дайындық, шетелдік инвесторлардың ағымдағы проблемалары және өзге де мәселелерi талқыланады.
32. Кеңестiң жалпы және аралық отырыстарына Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарының өкiлдерi, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен оның құрамына кiрмейтiн шетелдiк компаниялардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
33. Кеңестiң жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына тапсырмалар мен Кеңестiң шетелдiк мүшелерiне ұсынымдар бар хаттама қабылданады.
Кеңестiң жалпы отырысының хаттамасына Кеңес төрағасы қол қояды.
Аралық отырыстың хаттамасына Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi қол қояды.
10. Кеңестің жұмыс органы
34. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңестiң құрамы жөнiнде ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзу;
2) Кеңестің бiрлескен жұмыс топтарының құрамын қалыптастыруға және өзгертуге дайындық;
3) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыру және өткiзу;
4) бiрлескен жұмыс топтарының қызметiн үйлестiру, оның iшiнде отырыстарға қатысушылар құрамын қалыптастыру, отырыстарға жұмыс құжаттарын, отырыс хаттамаларын дайындау;
5) Кеңестiң және оның бiрлескен жұмыс топтарының хаттамалық шешiмдерiн орындау мониторингiн жүргiзу;
6) Кеңестің және оның бiрлескен жұмыс топтарының қызметiне қатысты нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
7) Кеңесте және оның бiрлескен жұмыс топтарында ұсынылған халықаралық ұйымдардың және шетелдiк компаниялардың қызметiн талдау және Кеңестің төрағасына тиiстi ұсыныстар енгізу;
8) Кеңестің және оның бірлескен жұмыс топтарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі функцияларды орындайды.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы Шетелдiк
инвесторлар кеңесi туралы ережеге
қосымша
Кеңеске мүшеге қабылдауға арналған
өтінім
1.1. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның атауы
__________________________________________________________________
1.2. Почталық мекен-жайы: ________________________________________
1.3. Шыққан елі: _________________________________________________
1.4. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның қызметiне жалпы сипаттама (қызмет саласы, iскерлiк беделi).
1.5. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның Қазақстан Республикасының өңiрлерiндегi жобалардың тiзбесiн қоса алғанда, Қазақстанда инвестициялық жобаларды iске асыруға қатысуы туралы ақпарат.
1.6. Қазақстан Республикасының экономикасына салынған тiкелей инвестициялардың көлемi.
1.7. Қазақстан аумағындағы жиынтық айналым, өндiрiс көлемi.
1.8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның қызметінен түсетiн түсiмдер.
1.9. Халықаралық ұйымның/шетелдiк компанияның Қазақстан Республикасының әлеуметтiк мiндеттерiн шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасының аумағындағы демеушiлiк және қайырымдылық қызмет.
1.10. Қазақстандық қызметкерлердiң саны.
2. Қазақстан Республикасының шетелдердегi инвестициялық имиджін арттыру жөнiндегi іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.
3.1. Үмiткердiң аты-жөні: ________________________________________
3.2. Лауазымы: ___________________________________________________
3.3. Кәсіптік қызметi: ___________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.4. Халықаралық ұйымда/шетелдiк компания жұмыс iстеу мерзiмi:
__________________________________________________________________
4. Қоса берiлiп отырған құжаттар (Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының, Қазақстан Республикасында тiркелген өнеркәсiптiк және іскерлiк қауымдастықтардың, мемлекеттер елшiлiктерiнiң кепiлхаттары): ____________________________________"