Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "денсаулығын сақтау" деген сөздерден кейiн "медициналық және фармацевтикалық бiлiм бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақша "денсаулығын сақтау" деген сөздерден кейiн "медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада "және оларды жарақтандыруды қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
1) тармақшада "денсаулық сақтауды" деген сөздерден кейiн "медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi"деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "денсаулық сақтау" деген сөздерден кейiн "медициналық және фармацевтикалық бiлiм бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатураларын, олардың қызметi туралы ереженi, дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын, құрылымдар мен үлгі штаттарды және штаттық нормативтердi, халыққа медициналық қызмет көрсетудің көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн, бастапқы медициналық-санитарлық, бiлiкті стационарлық, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің, қалыпқа келтiрiп емдеу мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн, азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргiзудің нысандарын, сондай-ақ кеңейтудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;
6-2) санаторийлiк-курорттық емдеу, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың санаттары, сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібi мен азаматтарды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету көрсетiлген аурулар мен денсаулықтың бұзылуларының тізбecін айқындау;";
9) тармақша "ұйымдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оларды дәрі-дәрмек құралдарымен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету";
15) тармақшада "сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама" деген сөздер "медициналық сараптамалардың түрлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу тәртібін айқындау;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) дәрі-дәрмек құралдарын әкелуге және әкетуге келiсудi жүзеге асыру";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) медицина ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру";
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"24-1) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтауды және денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеуде болған науқастарды дәрiлiк қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыру";
"24-2) мемлекеттiк денсаулық сақтау басқармасының жергiлiктi органдары басшылары мен мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттілiгіне аттестаттау жүргiзу";
29) тармақшада "санитарлық" деген сөз "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"32) медициналық жабдықтардың, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру мен олардың сапасын, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдары айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
33) амбулаториялық емдеу кезiнде оларға дәрі-дәрмек құралдары, мамандандырылған емдеу тағамдары рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шартпен берiлетiн негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрі-дәрмек құралдарының тiзiмiн, аурулардың түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiту";
34) тармақша ", сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк статистикалық есепке алу мен есеп берудi жүргiзудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
"34-1) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрі-дәрмек құралдарын басқару жөнiндегi республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;";
12-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында қызметпен айналысуға арналған лицензиялауға қорытынды ұсыну және қатысу, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялауды жүргiзу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі