Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерiн нақтылау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесiнде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн қаражаттың;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi