"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өндiрiс және тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 1152 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына өндiрiс және тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жоба    

"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өндiрiс және тұтыну
қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж. N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 174, 155-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мәтiндегi "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдарының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдарына", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдарының", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдарына" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органы", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдары", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарының", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тараулардағы "I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, Х, XI, XII, XIII, XIV, XV, XVI, XVII, XVIII, XIX" деген сандар " 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) 1-бапта:
      жиырма бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде пайда болған және сондай-ақ техногендiк минералдық құрылымдар мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда осы өндiрiсте қолдануға сәйкес келетiн бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара жоғалтқан шикiзаттың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;";
      мынадай мазмұндағы жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiнші, жиырма бесiншi, жиырма алтыншы, жиырма жетiншi, жиырма сегiзiншi, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бiрiншi, отыз екiншi және отыз үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар;
      қалдықтардың түрлерi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн, жалпы белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы;
      қалдықтардың қауіптiлiк сыныбы - өлшемдерiн қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдар анықтайтын, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi;
      аз қалдықты технология - осы өнiмдердi алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда өнiмдердiң бiрлiгiн өндiру кезiнде қалдықтардың аз саны пайда болатын өнiмдердi өндiру процесi;
      қалдықтардың пайда болу нормативтерi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн өнiм бiрлiгiн өндiру кезiндегi қалдықтар саны;
      қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн олардың қоршаған ортаға әсер етуiн ескере отырып, қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге асырылуына, тасымалданылуына және көмiлуiне байланысты сандық және сапалық шектеулер;
      қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтарды құрауға, жинауға, сақтауға пайдалануға, әдеге асыруға, тасымалдауға және көмуге байланысты қызметтiң барлық түрлepi;
      қалдықтарды орналастыру объектiсi - қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған полигондар, қоқыс сақтағыштар, қалдық сақтағыштар, кен жыныстарының үйiндiлерi және басқа да арнайы жабдықталған орындар;
      қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды құрайтын және қауiптi қасиеттерi бар (улы, жарылғыш, өрт қауiптi, жоғары реакциялық қабiлеттi), не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар;
      тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар;
      қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi";
      4) 7-бап мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;";
      5) 8-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы он үшiншi және он төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "қалдықтардың пайда болу нормативтерiн, қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiн және қалдықтардың түрлерiн белгiлейдi және бекiтедi;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп қалдықтарды қауiптiлiк сыныбына жатқызу өлшемдерiн анықтайды;";
      6) 36-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi";
      7) мынадай мазмұндағы 60-1, 60-2, 60-3 және 60-4-баптармен толықтырылсын:

"60-1. Қалдықтардың паспорты

      Қызметтерiнiң процесiнде қалдықтар пайда болатын заңды және жеке тұлғалар үлгiлiк нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган анықтайтын қалдықтардың паспортын жасауы тиiс.

60-2. Қалдықтар орналастырылатын объектiлерге
қойылатын талаптар

      1. Қалдықтар орналастырылатын объектiлердiң орнын анықтау мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде арнайы (геологиялық, гидрологиялық және өзге) зерттеулердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында және олардың қоршаған ортаға әсер ету шегiнде жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаның жай-күйiнiң мониторингiн жүргізеді.
      3. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiн пайдалануды аяқтағаннан кейiн олардың жай-күйi мен қоршаған opтaғa әсер етуiне бақылау жасауға және бұзылған жерлердi қалпына келтiру бойынша жұмыстарды жүргізуге міндетті.
      4. Қалалар мен басқа елдi мекендердiң аумақтарында, орман парктерiнде, курортты, емдеу-сауықтыру, рекреациялық, сондай-ақ су қорғалатын аймақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын, жерасты су объектiлерiнiң су жиналатын алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Пайдалы қазбалар жатқан жерлердiң ластану қаупi төнген және кен жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгiне қатер туындаған жағдайда пайдалы қазбалар жатқан және кен жұмыстары жүргізiлетiн жерлерде қалдықтарды көмуге тыйым салынады.

60-3-бап. Қауiптi қалдықтармен жұмыс
iстеу кезiнде қойылатын талаптар

      1. Қалдықтардың қауiптiлiк сыныбын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және кен-техникалық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiмен белгiленген тәртiппен оларды өндiрушiлер анықтайды.
      Қызметтерiнiң процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар осы қалдықтарды нақты қауiптiлiк сыныбына жатқызуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен растауға мiндеттi.
      2. Процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерi:
      1) адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеу қамтамасыз етiлмеген кезде шектелуi;
      2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтырған қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптарды бiрнеше рет (екеуден кеп) бұзған жағдайда тыйым салынуы мүмкiн.

60-4-бап. Қалдықтарды халықаралық тасымалдау

      1. Қалдықтарды халықаралық тасымалдауды реттеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасында қалдықтарды әкелуге (әкетуге) бақылауды шекаралық, көлiктiк және кедендiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.";
      7) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен және 62-1, 62-2, 62-3, 62-4 баптармен толықтырылсын:
      "10-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс істеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар

62-1-бап. Үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және
өзге де объектiлердi жобалауға, салуға, қайта жаңартуға,
консервациялауға және жоюға қойылатын талаптар

      1. Пайдалану процесiнде қалдықтар пайда болатын үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау, салу қайта жаңарту, консервациялау және жою кезiнде заңды және жеке тұлғалар:
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;
      пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге асыру туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасының болуы мiндеттi.
      2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, консервациялауға және жоюға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттiк органдары және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы органдар сараптамаларының оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi.
      3. Пайдалану процесiнде қалдықтар пайда болатын үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлейтiн қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiне сәйкес оларды жинау үшiн орын (алаң) көздеу қажет.

62-2. Үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге
де объектiлердi пайдалану кезiнде қойылатын талаптар

      1. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану кезiнде:
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қалдықтардың пайда болу санын азайту мақсатында олардың пайда болу нормативтерiнiң жобаларын әзiрлеуге және оған бекiтуге ұсынуға;
      жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер негiзiнде аз қалдықты технологияларды енгiзуге;
      қалдықтар мен объектiлерге олардың орналастырылуына түгендеу жүргiзуге;
      қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге;
      қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялардың алдын алу талаптарын сақтауға және оларды жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шараларды қабылдауға;
      қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялар туындаған немесе қауiп төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға тезарада хабарлауға мiндеттi.
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi әсерге ұшырататын үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалауға тыйым салынады.

62-3-бап. Елдi мекендердiң аумақтарында
қалдықтармен жұмыс iстеуге қойылатын талаптар

      1. Елдi мекендердiң аумақтары қалдықтардан ұдайы тазартылуға жатады.
      2. Елдi мекендердiң ұсталуын бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қоршаған ортаны қорғаудың уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.

62-4-бап. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар

      1. Қалдықтарды тасымалдауға мыналар:
      1) қалдықтардың паспорты;
      2) қауiптi қалдықтарды тасымалдауға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған және арнайы белгiлермен жабдықталған көлiк құралдары;
      3) тасымалданатын қауiптi қалдықтардың санын, оларды тасымалдау мақсаты мен орнын көрсете отырып, қауiптi қалдықтардың тасымалдау құжаттары мен оларды бepу үшiн құжаттар болған жағдайларда рұқсат етіледі.
      2. Қауiптi қалдықтарды тасымалдаудың, оның iшiнде көлiк құралдарында тасымалдаудың тиеу-түсiру жұмыстарын орындаудың тәртібiн қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы салаларындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша көлiк, коммуникациялық кешенде басшылық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.";
      8) Мынадай мазмұндағы 16-1 тараумен және 80-1, 80-2, 80-3, 80-4 баптармен толықтырылсын:

"16-1 тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеудi бақылау

80-1-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк бақылау мыналарды:
      қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды;
      қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
      қауiптi қалдықтармен жұмыс істеу жөнiндегi қызметті жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды;
      қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
      қауiптi қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
      қосымша шикiзат көзi ретiнде қалдықтардың санын азайту және шаруашылық айналымға қалдықтарды тарту жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды;
      қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң шынайылығын бақылауды;
      Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шараларды бақылауды өзiне қамтиды.
      3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.

80-2-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлейдi әрi бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiседi.

80-3-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеу
саласындағы есеп және есептiлiк

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құралған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтардың есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге міндеттi.
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есептi жүргiзудiң тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есептi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде ұсынуға мiндеттi.
      4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi.

80-4-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры

      1. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiндегi мәлiметтердің жүйесiн есепке алу мақсатында қалдықтардың Мемлекеттiк кадастры жүргiзiледi.
      2. Қалдықтардың Мемлекеттік кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органы жүзеге асырады.".

      2-бап. Осы Заң 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об охране окружающей среды" по вопросам отходов производства и потребления"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2003 года N 1152

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об охране окружающей среды" по вопросам отходов производства и потребления.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект 

О внесении изменений и дополнений в Закон
Республики Казахстан "Об охране окружающей среды"
по вопросам отходов производства и потребления

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 15 июля 1997 г. "Об охране окружающей среды" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 17-18, ст. 213; 1998 г., N 24, ст. 443; 1999 г., N 11, ст. 357; N 23, ст. 931; 2001 г., N 13-14, ст. 171; N 24, ст. 338; 2002 г., N 17, ст. 155) следующие изменения и дополнения:

      1) в тексте слова "центрального исполнительного органа Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "центральный исполнительный орган Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "центральному исполнительному органу Республики Казахстан в области охраны окружающей среды", "центрального исполнительного органа в области охраны окружающей среды", "центральный исполнительный орган в области охраны окружающей среды", "центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды", "центральному исполнительному органу в области охраны окружающей среды" заменить соответственно словами "уполномоченного органа в области охраны окружающей среды", "уполномоченный орган в области охраны окружающей среды", "уполномоченным органом в области охраны окружающей среды", "уполномоченному органу в области охраны окружающей среды";

      2) в главах цифры "I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII, XIII, XIV, XV, XVI, XVII, XVIII, XIX" заменить цифрами "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19";

      3) в статье 1:
      абзац двадцать первый изложить в следующей редакции: "отходы производства - остатки сырья, материалов, химических соединений, образовавшихся при производстве продукции, выполнении иных технологических работ и утратившие полностью или частично исходные потребительские свойства, соответствующие применению в этом производстве, включая также техногенные минеральные образования и отходы сельскохозяйственного производства;";
      дополнить абзацами двадцать вторым, двадцать третьим, двадцать четвертым, двадцать пятым, двадцать шестым, двадцать седьмым, двадцать восьмым, двадцать девятым, тридцатым, тридцать первым, тридцать вторым и тридцать третьим следующего содержания:
      "бытовые отходы - отходы, образующиеся в результате жизнедеятельности человека;
      вид отходов - совокупность отходов, которые имеют общие признаки, устанавливаемые уполномоченным органом в области охраны окружающей среды;
      класс опасности отходов - показатель вредности отходов, определяемый по степени возможного вредного воздействия на здоровье людей и окружающую среду, критерии которого определяются уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      малоотходная технология - процесс производства продукции, при котором при производстве единицы продукции образуется меньшее количество отходов по сравнению с существующими способами получения этой продукции;
      нормативы образования отходов - устанавливаемое уполномоченным органом в области охраны окружающей среды количество отходов при производстве единицы продукта;
      нормативы обращения с отходами - устанавливаемые уполномоченным органом в области охраны окружающей среды количественные и качественные ограничения, связанные с образованием, сбором, хранением, использованием, утилизацией, перевозкой и захоронением отходов, с учетом их воздействия на окружающую среду;
      обращение с отходами - все виды деятельности, связанные с образованием, сбором, хранением, использованием, утилизацией, перевозкой и захоронением отходов;
      объект размещения отходов - полигоны, шламохранилища, хвостохранилища, отвалы горных пород и другие специально оборудованные места для хранения и захоронения отходов;
      опасные отходы - отходы, содержащие вредные вещества и обладающие опасными свойствами (токсичностью, взрывоопасностью, пожароопасностью, высокой реакционной способностью), либо которые могут представлять опасность для здоровья человека и окружающей среды самостоятельно или при вступлении во взаимодействие с другими веществами;
      отходы потребления - изделия, материалы и вещества, утратившие полностью или частично свои потребительские свойства в результате физического или морального износа;
      паспорт отходов - документ, удостоверяющий количественную и качественную характеристику отходов;
      уполномоченные органы в области охраны окружающей среды - центральный исполнительный орган в области охраны окружающей среды и его территориальные органы;";

      4) статью 7 дополнить абзацем четвертым следующего содержания:
      "разрабатывает основные направления государственной политики в области обращения с отходами;";

      5) часть вторую статьи 8 дополнить абзацами тринадцатым и четырнадцатым следующего содержания:
      "устанавливает и утверждает нормативы образования отходов, нормативы обращения с отходами и виды отходов;
      определяет совместно с уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения критерии отнесения отходов к классу опасности;";

      6) часть первую статьи 36 дополнить абзацем следующего содержания:
      "нормативы обращения с отходами.";

      7) дополнить статьями 60-1, 60-2, 60-3 и 60-4 следующего содержания:

"Статья 60-1. Паспорт отходов

      Физическими и юридическими лицами, в процессе деятельности которых образуются отходы, должен составляться паспорт отходов, типовая форма которого определяется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

Статья 60-2. Требования к объектам размещения отходов

      1. Определение места строительства объектов размещения отходов осуществляется на основе специальных (геологических, гидрологических и иных) исследований при наличии положительного заключения государственной экологической и санитарно-эпидемиологической экспертиз.
      2. На территориях объектов размещения отходов и в пределах их воздействия на окружающую среду физические и юридические лица обязаны проводить мониторинг состояния окружающей среды в порядке, установленном уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
      3. Физические и юридические лица после окончания эксплуатации объектов размещения отходов обязаны проводить контроль за их состоянием и воздействием на окружающую среду и работы по восстановлению нарушенных земель.
      4. Запрещается захоронение отходов на территориях городских и других населенных пунктов, лесопарковых, курортных, лечебно-оздоровительных, рекреационных, а также водоохранных зон, на водосборных площадях подземных водных объектов, используемых в целях питьевого и хозяйственно-бытового водоснабжения. Запрещается захоронение отходов в местах залегания полезных ископаемых и ведения горных работ в случаях возникновения угрозы загрязнения мест залегания полезных ископаемых и безопасности ведения горных работ.

Статья 60-3. Требования при обращении с опасными отходами

      1. Класс опасности отходов определяется их производителями в порядке, установленном нормативным правовым актом, утверждаемым уполномоченным органом в области охраны окружающей среды совместно с уполномоченными органами в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и горно-технического надзора.
      Физические и юридические лица, в процессе деятельности которых образуются опасные отходы, обязаны подтвердить отнесение данных отходов к конкретному классу опасности в порядке, установленном уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.
      2. Деятельность физических и юридических лиц, в процессе которой образуются опасные отходы, может быть:
      1) ограничена при не обеспечении безопасного для здоровья человека и окружающей среды обращения с отходами;
      2) запрещена в случае неоднократных (более двух раз) нарушений экологических требований при обращении с отходами, повлекших причинение вреда здоровью людей и окружающей среде.

Статья 60-4. Международные перевозки отходов

      Порядок регулирования международных перевозок отходов устанавливается Правительством Республики Казахстан.
      Контроль за ввозом (вывозом) отходов в Республике Казахстан обеспечивается государственными органами, осуществляющими пограничный, транспортный и таможенный контроль, а также уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и государственными органами в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.";

      8) дополнить главой 10-1 и статьями 62-1, 62-2, 62-3, 62-4 следующего содержания:
      "Глава 10-1. Экологические требования при обращении с отходами

Статья 62-1. Требования к проектированию, строительству,
реконструкции, консервации и ликвидации зданий,
строений, сооружений и иных объектов

      1. При проектировании, строительстве, реконструкции, консервации и ликвидации зданий, строений, сооружений и иных объектов, в процессе эксплуатации которых образуются отходы, физические и юридические лица обязаны:
      соблюдать экологические, санитарно-эпидемиологические и иные требования, установленные законодательством Республики Казахстан в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      иметь нормативно-техническую документацию об использовании, обезвреживании, утилизации образующихся отходов.
      2. Строительство, реконструкция, консервация и ликвидация зданий, строений, сооружений и иных объектов, эксплуатация которых связана с обращением с отходами, допускаются при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы, экспертизы государственных органов санитарно-эпидемиологической службы и органов в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.
      3. При проектировании зданий, строений, сооружений и иных объектов, в процессе эксплуатации которых образуются отходы, необходимо предусматривать места (площадки) для их сбора в соответствии с нормативами обращения с отходами, устанавливаемыми уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

Статья 62-2. Требования при эксплуатации зданий,
строений, сооружений и иных объектов

      1. Физические и юридические лица при эксплуатации зданий, строений, сооружений и иных объектов, связанных с обращением с отходами, обязаны:
      соблюдать экологические, санитарно-эпидемиологические и иные требования, установленные законодательством Республики Казахстан в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения;
      в порядке, установленном уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, разрабатывать и представлять ему на утверждение проекты нормативов образования отходов в целях уменьшения количества их образования;
      внедрять малоотходные технологии на основе новейших научно-технических достижений;
      проводить инвентаризацию отходов и объектов их размещения;
      проводить мониторинг состояния окружающей среды на территориях объектов размещения отходов;
      соблюдать требования предупреждения аварий, связанных с обращением с отходами, и принимать неотложные меры по их ликвидации;
      в случае возникновения или угрозы аварий, связанных с обращением с отходами, которые наносят или могут нанести ущерб окружающей среде, здоровью или имуществу физических и (или) юридических лиц, немедленно информировать об этом уполномоченные органы в области охраны окружающей среды, в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, а также местные исполнительные органы.
      2. Запрещается эксплуатация зданий, строений, сооружений и иных объектов, в которых обращение с отходами влечет опасное для здоровья человека и окружающей среды воздействие.

Статья 62-3. Требования к обращению с отходами
на территории населенных пунктов

      1. Территории населенных пунктов подлежат регулярной очистке от отходов.
      2. Контроль за содержанием населенных пунктов обеспечивают местные исполнительные органы совместно с уполномоченными органами санитарно-эпидемиологической службы и охраны окружающей среды.

Статья 62-4. Требования к перевозке отходов

      1. Перевозка отходов допускается при наличии:
      1) паспорта отходов;
      2) специально оборудованных и снабженных специальными знаками транспортных средств с соблюдением требований безопасности к перевозке опасных отходов;
      3) перевозочные документы и документы для передачи опасных отходов с указанием количества перевозимых опасных отходов, цели и места назначения их перевозки.
      2. Порядок перевозки опасных отходов, в том числе выполнение погрузочно-разгрузочных работ, определяется уполномоченным государственным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в транспортном, коммуникационном комплексе по согласованию с уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и санитарно-эпидемиологического благополучия населения.";

      9) дополнить главой 16-1 и статьями 80-1, 80-2, 80-3, 80-4 следующего содержания:

"Глава 16-1. Контроль за обращением с отходами

Статья 80-1. Государственный контроль
за обращением с отходами

      1. Государственный контроль за обращением с отходами осуществляется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, государственными органами санитарно-эпидемиологической службы и иными государственными органами в пределах их компетенции.
      2. Государственный контроль за обращением с отходами включает в себя:
      контроль за выполнением экологических, санитарно-эпидемиологических и иных требований в области обращения с отходами;
      контроль за соблюдением требований к международным перевозкам отходов;
      контроль за соблюдением условий осуществления деятельности по обращению с опасными отходами;
      контроль за соблюдением требований предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций, возникающих при обращении с отходами;
      контроль за соблюдением требований и правил перевозки отходов;
      контроль за выполнением мероприятий по уменьшению количества отходов и вовлечению отходов в хозяйственный оборот в качестве дополнительных источников сырья;
      контроль за достоверностью предоставляемой информации в области обращения с отходами и отчетности об отходах;
      контроль за принятием мер по устранению нарушений законодательства Республики Казахстан в области обращения с отходами.
      3. Решения органов, осуществляющих государственный контроль за деятельностью в области обращения с отходами, могут быть обжалованы в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Статья 80-2. Производственный контроль
за обращением с отходами

      1. Лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, организуют и осуществляют в ходе своей деятельности производственный контроль за соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.
      2. Порядок осуществления производственного контроля разрабатывается и утверждается лицами, осуществляющими деятельность в области обращения с отходами самостоятельно и согласовывается с уполномоченными органами в области охраны окружающей среды и органами государственной санитарно-эпидемиологической службы.

Статья 80-3. Учет и отчетность
в области обращения с отходами

      1. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, обязаны вести в установленном порядке учет образовавшихся, использованных, обезвреженных, переданных другим лицам или полученных от других лиц, а также размещенных отходов.
      2. Порядок ведения учета в области обращения с отходами устанавливается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды по согласованию с уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
      3. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, обязаны представлять отчетность в порядке и в сроки, определяемые уполномоченным органом в области охраны окружающей среды по согласованию с уполномоченными органами в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и статистики.
      4. Физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области обращения с отходами, обеспечивают хранение материалов учета в течение срока, определенного уполномоченным государственным органом управления архивами и документацией Республики Казахстан.

Статья 80-4. Государственный кадастр отходов

      1. В целях учета системы сведений при обращении с отходами ведется Государственный кадастр отходов.
      2. Ведение Государственного кадастра отходов осуществляется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.".

      Статья 2. Настоящий Закон вступает в силу с 1 января 2005 года.

      Президент
      Республики Казахстан