Еңбекшiлердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау әрi 2003 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Демалыс күнi 2003 жылғы 13 желтоқсан - сенбіден 2003 жылғы 15 желтоқсан - дүйсенбi күнiне ауыстырылсын.
2. Қажеттi өнiм шығару, қаржылық қызметтi қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосу үшiн еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ ұйымдарымен келiсiм бойынша 2003 жылғы 15 желтоқсанда жұмыс жүргiзу құқығы берілсін.
Көрсетiлген күнгi жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледi.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі