Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы
2001 жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім бекітілсін
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы
Келiсiм
Бұдан әрi - "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының Үкiметi,
Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияның қатысушылары ретiнде,
өз мемлекеттерiнің аумақтары арасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде әуе қатынасын орнату мақсатында осы Келiсімдi жасасуға тiлек білдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап. Айқындамалар
1. Осы Келiсiмде:
а) "Конвенция" терминi Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған және Вашингтонда қол қою үшiн ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi және өзiне осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымшаны және осы Қосымшалар мен түзетулердi Тараптардың екеуi де қабылдаған дәрежеде Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қабылданған Қосымшаларға немесе Конвенцияға енгiзiлетiн кез келген түзетудi қамтиды;
б) "авиациялық өкiмет орындары" терминi Қазақстан Республикасына қатысты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, ал Эстон Республикасына қатысты Эстон Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгiн немесе екi жағдайда да қазiргi уақытта аталған өкiмет орындары орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген кез келген тұлғаны немесе органды білдiредi;
в) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және ұшуларды орындауға рұқсат алған авиакәсiпорынды білдіредi;
г) "аумақ", "әуe қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 2 және 96-баптарында көрсетiлген мағыналарды білдiредi;
д) "тарифтер" терминi жолаушыларды, теңдеме жүгiн және жүктi тасымалдау үшiн белгiленетiн бағалар мен агенттiк және басқа да қосымша қызмет көрсетулерге қатысты, бiрақ почтаны тасымалдау үшiн сыйақыны және оның шарттарын қоспағанда, бағалар мен шарттарды қоса алғанда, соған сәйкес осы бағалар қолданылатын шарттарды бiлдiредi;
e) "сыйымдылық" терминi:
- әуе кемесiне қатысты осы әуе кемесiнің бағытта немесе бағыттың бiр бөлiгiндегi коммерциялық толтырылуын бiлдiредi;
- белгiленген әуе қатынасына қатысты бағытта немесе бағыттың бiр бөлiгiнде белгiлi кезең аралығында осы әуе кемесiмен жасалған ұшу жиiлiгiне көбейтiлген осы қатынаста пайдаланылатын әуе кемесiнiң сыйымдылығын бiлдiредi;
ж) "әуе кемесiн пайдаланушы" терминi әуе кемесiн пайдаланушы немесе осы саладағы өз қызметтерiн ұсынатын тұлғаны, ұйымды немесе кәсіпорынды білдiредi;
з) "әуе кемесiн ауыстыру" терминi тағайындалған авиакомпанияның шарттық желiлерінің бiрiн, бағыттың бiр учаскесi екiншi бағыт учаскесiне қызмет көрсететiн әуе кемесiнен сыйымдылығымен ерекшеленетін әуе кемесiмен қызмет көрсетiлетiндей етiп пайдалануын бiлдiредi;
и) "әуе кемесiнiң жабдығы" терминi Конвенцияның 9-қосымшасында көрсетiлген тиiсiнше мағынаны бiлдiредi;
к) "алымдар" терминi әуежайды, аэронавигация мен авиациялық қауiпсiздiк құралдарын және басқа да қызмет көрсетулердi ұсынғаны үшiн авиакомпаниялардан алынатын алымдарды бiлдiредi;
л) "шарттық желiлер" терминi осы Келiсiмнің Қосымшасында жолаушыларды, жүктi және почтаны жеке немесе аралас тасымалдау үшiн белгiленген бағыттар бойынша тұрақты әуе қатынасын бiлдiредi.
2. Қосымша осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылады және Келiсiмге барлық сiлтемелер, егер бұл өзгеше айтылмаса, сонымен бiр мезгiлде Қосымшаға да сiлтеменi бiлдiредi.
2-бап. Құқықтарды беру
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа осы Келiсiмге Қосымшада көрсетiлген бағыттар бойынша (бұдан әрi тиiсiнше "шарттық желiлер" және "белгiленген бағыттар" деп аталады) халықаралық әуе желiлерiн белгiлеу мақсатында осы Келiсiмде көзделген құқықтарды бередi.
2. Кез келген Тараптың әрбiр авиакәсіпорны рейстердi орындаған кезде мынадай құқықтарды пайдаланатын болады:
а) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы қонбастан ұшып өту құқығын;
б) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына коммерциялық емес мақсаттармен қону құқығын.
3. Кез келген Тарап тағайындаған әрбiр авиакәсiпорын белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдаланған кезде осы Келiсiмге Қосымшада көрсетiлген екiншi Тараптың аумағындағы пункттерге халықаралық қатынаста тасымалданатын жолаушыларды, теңдеме жүгiн, почтаны және жүктi бортына қабылдау және/немесе түсiру мақсатында қону құқығын пайдаланатын болады.
4. Осы Баптың 3-тармағында көрсетiлгендер екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы пункттер арасында сыйақы үшiн немесе жалдау шартымен тасымалдауға кез келген Тараптың тағайындалған авиакәсiпорынның жолаушыларды, теңдеме жүгiн және почтаны бортқа алуға құқығы ретiнде қаралмайды.
3-бап. Авиакәсіпорындарды тағайындау және ұшуларды
орындауға арналған рұқсаттар
1. Әрбiр Тарап белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалану мақсатында, бұл туралы екiншi Тарапқа хабарлай отырып, бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорын тағайындауға құқылы.
2. Осындай тағайындау алғаннан кейiн екiншi Тараптың авиациялық өкiмет орындары осы Баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес әрбiр тағайындалған авиакәсіпорынға ұшуларды орындауға дереу тиiстi рұқсат бередi.
3. Бiр Тараптың авиациялық өкiмет орындары ұшуларды орындауға рұқсат берместен бұрын екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнынан Конвенцияның ережелерiне сәйкес халықаралық әуе қатынастарын жүзеге асыру кезiнде осы өкiмет орындары әдетте және негiзгi түрде қолданатын заңдар мен ережелерде көзделген шарттарды орындауға оның қабілеттi екендiгi жөнiнде дәлелдеме талап етуi мүмкiн.
4. Әрбiр Тарап осы Баптың 2-тармағында көрсетiлген ұшуларға рұқсат беруден бас тартуға немесе аталған Тарап осы авиакәсiпорынды иеленуге басым құқығы бар және осы авиакәсіпорынды тағайындайтын Тарапқа немесе өз мемлекетiнiң азаматтарына оны нақты бақылау тиесілi екеніне қанағаттанарлық дәлелдемесi болмаған кез келген жағдайда тағайындалған авиакәсiпорынның осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдаланғанда ол қажет деп саналуы мүмкiн осындай шарттарды орындауды талап етуге құқылы.
5. Авиакәсіпорын осылай тағайындалған және рұқсат алған болса, үшін тағайындалған авиакәсіпорындардың арасында келiсiлген ұшулардың кестесiн Тараптардың авиациялық өкiмет орындары бекiткен және осы Келiсiмнiң 13-бабының ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер қолданысқа енгiзiлген жағдайда ол шарттық ол кез келген сәтте нақты шарттық жерлерде пайдалануды бастай алады.
6. Тараптардың авиациялық өкiмет орындары осы Баптың ережелерiне сәйкес олар тағайындаған кез келген авиакәсiпорынды басқа авиакәсiпорынмен ауыстыруға құқылы.
4-бап. Ұшуларды орындауға берілген рұқсаттарды
жою және тоқтата тұру
1. Әрбiр Тарап ұшуларды орындауға берілген рұқсаттың күшiн жоюға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетілген екiншi Тарап тағайындаған кез келген авиакәсіпорынның құқықтарды пайдалануын тоқтата тұруға немесе осы құқықтарды пайдалану кезiнде ол қажеттi деп есептеген мынадай шарттарды:
а) осы авиакәсіпорынды тағайындаған Тарапта немесе оның азаматтарында қолында осы авиакәсіпорынды иеленуге басым құқық немесе нақты бақылау бар екендігіне қанағаттанарлық дәлелi болмаған кез келген жағдайда; немесе
б) егер аталған авиакәсіпорын осы құқықтарды беретiн Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерiн сақтамаған жағдайда; немесе
в) егер авиакәсiпорын қандай да бір түрде осы Келiсiмде көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда талап етуге құқылы.
2. Егер дереу күшiн жою, тоқтата тұру немесе осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттардың белгiленуiн талап ету заңдар мен ережелердің бұдан әрі де бұзылуын ескерту үшiн қажетті болып табылмаса, мұндай құқық екiншi Тараппен жүргiзiлген консультациялардан кейiн ғана пайдаланылатын болады. Мұндай консультациялар сұрау салу алынған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде өткiзілуi тиiс.
5-бап. Заңдар мен ережелердің қолданылуы
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң, халықаралық аэронавигациядағы әуе кемесiнiң оның аумағына келуiн, оның шегiнде болуын және одан жөнелтілуін немесе осы әуе кемелерінiң олардың көрсетілген аумақта болу кезiнде пайдаланылуын және навигациясын реттейтiн заңдары мен ережелерi екiншi Тарап тағайындаған кез келген авиакәсiпорынның әуе кемелерiне де қолданылатын болады.
2. Бiр Тарап мемлекетiнiң өз аумағына жолаушылардың, теңдеме жүгiнiң, жүктiң және почтаның оның аумағына ұшып келуiн, оның шегiнде болуын және одан жөнелтілуiн реттейтiн және атап айтқанда, төлқұжаттық, кедендер және санитарлық бақылауға қатысты ережелер екiншi Тарап тағайындаған кез келген әуе кемесiнiң жолаушыларына, теңдеме жүгiне, экипажына, жүгiне және почтаға қатысты көрсеткен аумақтың шегiнде олардың болуы кезiнде қолданылатын болады.
6-бап. Куәліктер мен айғақтамаларды тану
1. Тараптардың бiрi берген немесе күшi бар деп танылған ұшуға жарамдылығы туралы айғақтамалар, бiлiктiлiгi туралы айғақтамалар, куәлiктер және қолданыста болу мерзiмi аяқталмаған айғақтамалар, соған сәйкес мұндай куәлiктер мен айғақтамалар берiлген немесе күшi бар деп танылса, Конвенцияға сәйкес белгiленген ең төмен стандарттарға сай болса немесе мұндай стандарттардан асып кеткен жағдайда екiншi Тараппен күшi бар деп танылады.
2. Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының үстінен ұшуды орындау мақсаты үшiн өзiнiң кез келген азаматына екiншi Тарап берген бiлiктілiк туралы айғақтамалар мен куәлiктердi танудан бас тарту құқығын сақтайды.
7-бап. Пайдаланғаны үшін алымдар
Алымдар Тарап мемлекетiнің аумағында белгіленген төлем ставкаларына сәйкес алынатын болады және осындай халықаралық әуе қатынастарындағы өзiнiң ұлттық авиакәсіпорындары үшiн белгiленген алымдардан аспайтын болады.
8-бап. Салықтар, кедендік баждар мен алымдар
1. Халықаралық әуе қатынастарын орындайтын кез келген Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының әуе кемелерi, сондай-ақ осындай әуе кемелерінің бортындағы оның жиынтық борттық жабдығы, отын және жағармай қорлары, борттық қорлары (тағамдарды, сусындар мен темекi бұйымдарын қосқанда) екiншi Тарап мемлекетінің аумағына әкелiнгеннен кейiн, бұл жабдықтар мен қорлар керi бағытта әкетпеген сәтке дейiн әуе кемесiнің бортында қалатын болса, салықтардан, кедендiк баждар мен алымдардан босатылатын болады.
2. Сондай-ақ мынадай ұсынылған қызметтер үшiн алынатын алымдарды қоспағанда, мұндай салықтар, кедендiк баждар мен алымдар:
а) бiр Тарап мемлекетінің аумағында аталған Тараптың өкiмет орындары белгiлеген лимиттер шегiнде бортқа алынған және екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының шарттық желiлерде пайдаланылатын әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған борттық қорлар;
б) екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны шарттық желiлерде пайдаланылатын әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшiн бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнген қосалқы бөлшектер мен жабдықтар;
в) Бiр Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының шарттық желiлердi пайдаланатын әуе кемесi пайдалануға арналған отын және жағармай материалдары, тiптi, егер бұл қорлар олар бортқа алынған Тарап мемлекетi аумағының шегiндегi бағыт учаскесiнде пайдаланатын болса да;
г) авиабилеттер мен авиажүк құжаттамасын, сондай-ақ авиакәсіпорын ақысыз тарататын жарнама және баспа материалдарын, бiр Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны өзiнiң пайдаланымдық мұқтаждары үшін екінші Тарап мемлекетiнiң аумағына жеткiзген немесе жеткiзетiн тасымалдау құжаттарын қоса алғанда, бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының қажеттi құжаттары.
3. Осы Баптың 2-тармағында көрсетiлген материалдар Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдарының бақылауына алынуы мүмкiн.
4. Жиынтықты борттық жабдық, сондай-ақ бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны шарттық желiлерде пайдаланатын әуе кемесiнiң бортындағы материалдар, қорлар және қосалқы бөлшектер екiншi Тарап мемлекеттiң аумағында осы екіншi Тараптың кедендiк органдарының бақылауымен түсiрiлуi мүмкiн. Бұл ретте олар керi әкетiлмейiнше немесе келген елдің кедендiк заңдарына сәйкес өзге тағайындау алмайынша кедендiк органдардың бақылауында болуы тиiс.
5. Кез келген Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей транзитпен өтетiн теңдеме жүгi мен жүк салықтардан, кедендiк баждар мен алымдардан босатылатын болады.
6. Бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындары екiншi Тараптың аумағында алатын пайда мен кiрiстер халықаралық салық келiсiмдерiне сәйкес салық салуға жатады.
9-бап. Тікелей транзиттік қатынас
Азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуды және тасымалдауға тыйым салынған және авиакемесiнiң бүкiл тұрған уақытының iшінде кедендiк бақылауға алынған заттарды тасымалдаудың алдын алу жөнiндегi қауіпсiздік шараларын қоспағанда, бiр Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей транзитпен өтетiн және әуежайдың кедендiк аймағынан кетпейтiн экипаж мүшелерi, жолаушылар, теңдеме жүгi мен жүк оңайлатылған бақылаудан өтедi.
10-бап. Шарттық желілерді пайдалануды реттейтін қағидаттар
1. Екi Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалануға бiрдей мүмкiндiк берiлетiн болады.
2. Шарттық желiлердi пайдалану кезiнде бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының мүдделерiн, бұл авиакәсiпорындардың осы бағыттар және бағыттар бөлiгi бойынша жасаған тасымалдарына зиян келтiрiлмеуiн назарға алуы тиiс.
3. Тараптардың тағайындалған авиакәсiпорындары пайдаланатын шарттық желiлер белгiленген бағыттар бойынша тасымалдарда жалпы қабылданған талаптарға жауап беруi тиiс және әрбiр тағайындалған авиакәсіпорынның бiрiншi кезектегi мiндетi әуе кемесiнің орынды жүктеме коэффициентінде жолаушыларды, теңдеме жүгiн және почтаны тасымалдауда қолданылатын және болжамды талаптарға жауап беретіндей осындай сыйымдылықты беру болуы тиiс.
4. Ұшулар сыйымдылығы мен жиiлiгi кез келген шарттық желiлерде Тараптардың авиациялық өкiмет орындары арасындағы келiсiм бойынша айқындалатын болады.
11-бап. Кестелерді бекіту
Шарттық желілер бойынша қозғалыс кестесi, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды тағайындалған авиакәсiпорындар екi Тараптың авиациялық өкiмет орындарына кестенi енгiзудiң болжамды күнiнен кемiнде отыз (30) күн бұрын бекiтуге беретiн болады. Екі Тараптың авиациялық өкiмет орындары оларды қарайды және қозғалыс кестесi бекiтуге түскен сәттен бастап 15 (он бec) күннен кешiктiрмей жауап бередi. Ерекше жағдайларда, бұл мерзiм аталған өкiмет орындарының келісімімен өзгертілуi мүмкiн.
12-бап. Ұшу қауіпсіздігі
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарап қолданатын авиациялық құрылыстарға, экипаждарға, әуе кемелерiне және тағайындалған авиакәсіпорындардың жұмыстарына қатысты қауiпсiздiк жөнiндегi шаралар туралы консультациялар жүргізуді талап етуге құқылы. Егер Тараптардың бiрi мұндай консультациялардан кейiн, екiншi Тарап осы саладағы Конвенцияға сәйкес белгiленген кемiнде ең төменгi нормаларға сәйкес келетiн қауiпсiз нормалары мен талаптарын тиiмсiз қолданғанын және орындағанын анықтаса, онда екiншi Тарапқа мұндай анықтау, сондай-ақ көрсетiлген ең төменгi нормаларды орындау үшiн қажет деп саналатын қадамдар хабарланатын болады; екiншi Тарап жағдайды түзету үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Егер екiншi Тарап орынды мерзiмнің ішінде - (кез келген жағдайда он бес (15) күннiң ішінде) тиiстi шара қабылдамаса, онда мұның өзi осы Келiсiмнің 4-бабының ережелерiн қолдануға себеп болады.
2. Егер авиакәсіпорын жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шұғыл шаралар талап етілсе, Тараптар консультациялар басталғанға дейiн осы Келiсiмнiң 4-бабына сәйкес шара қолдануға құқылы.
3. Тараптардың бiрінің осы Келiсiмнiң 1 және 2-тармақтарына сәйкес қолданған кез келген шарасы, екiншi Тарап осы Бапта көрсетілген қауiпсiздiк жөнiндегi ережелердi сақтай бастағаннан кейiн тоқтатыла тұратын болады.
13-бап. Тарифтер
1. Кез келген шарттық желiлердегi тарифтер тасымалдау рыногымен байланысты барлық факторлар ескерілiп, белгiленетiн болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген тарифтер екi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының арасында белгiленген әрбiр бағыт бойынша келiсілетiн болады.
3. Осылай келiсiлген тарифтер оларды енгiзудiң болжамды күнiнен кемiнде 30 (отыз) күн бұрын Тараптардың авиациялық өкiмет орындарына бекiтуге берілуi тиiс. Бұл кезең аталған өкiмет орындарының келiсiмi бойынша қысқартылуы мүмкiн. Егер Тараптардың ешқайсысы авиациялық өкiмет орындары ұсынылған күннен кейiн он бес күннің iшiнде өзiнiң келiспейтiнiн білдiрмесе, тарифтер бекiтiлдi деп есептеледi.
4. Егер тариф осы Баптың 2-тармағына сәйкес келiсiлмесе немесе егер осы Баптың 3-тармағына сәйкес қолданылатын кезең iшiнде келiсілмесе, бiр Тараптың авиациялық өкiмет орындары екiншi Тараптың авиациялық өкiмет орындарына оларға бекiтуге ұсынылған кез келген тарифпен келiспейтiндігі туралы хабар жолдаса, екi Тараптың авиациялық өкiмет орындары тарифтi өзара келiсу арқылы белгілеуге тырысуы тиiс.
5. Егер Тараптардың авиациялық өкiмет орындары осы Баптың 4-тармағына сәйкес өздерiне ұсынылған кез келген тариф бойынша келiсiмге келе алмаса, келiспеушілік осы Келiсiмнің 18-бабының талаптарына сәйкес шешiлетiн болады.
6. Осы Баптың ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер жаңа тариф бекiтілгенге дейiн күшiн сақтайды. Тараптардың кез келгенінің авиациялық өкiмет орындарының оны бекiтуiнсiз Тарифтердiң ешбiрінің күші болмайды.
14-бап. Коммерциялық және қаржылық мүмкіндіктер
1. Бiр Тараптың авиациялық өкiмет орнына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында өзiнің тасымалдау құжаттарын пайдаланып жергiлікті немесе кез келген еркiн айналымдағы валютаға тiкелей немесе осы екiншi Тарап мемлекетiнiң заңдары мен ережелерiн сақтай отырып, агенттер арқылы автокөлiк тасымалдарын сатуды жүзеге асыруға құқық беріледi.
2. Бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына екiншi Тарап мемлекетінің аумағында оның кiруге, тұруға, еңбекпен қамтуға қатысты заңдары мен ережелерiн сақтап, өз өкiлеттiктерiн ашуға, онда шарттық желiлердi пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажеттi әкiмшiлiк, техникалық, коммерциялық және басқа да персоналды ұстауына құқық беріледi.
3. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына, осы авиакәсiпорын екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында шарттық желiлердi пайдаланудан алған табысының шығыстарынан асқан сомасын, осы Келiсiмнің 8-бабының 6-тармағына сәйкес салық салынғаннан кейiн, еркiн аудару құқығын бередi. Мұндай аудару Тараптардың арасындағы қаржылық қатынастарды реттейтiн келiсiмнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. Мұндай келiсiм немесе осы келiсiмде тиiстi ережелер болмаған жағдайда, аудару аумағында кiрiс алынған мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
4. Қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында халықаралық тасымалдарда әуе кемелерiн пайдаланудан түскен сомалар мен кiрiстерге салық салу мәселелерi 1999 жылғы 1 наурызда жасалған Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға сәйкес реттеледi.
15-бап. Авиациялық қауіпсіздік
1. Тараптар халықаралық құқық жөніндегі өздерінің құқықтары мен мiндеттемелерiне сәйкес, олардың бiр бiрiне қатысты қабылдаған заңсыз араласу iс-әрекеттерiнен азаматтық алатынына келiседi. Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының шегiнде әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды қол жүгiн, теңдеме жүгiн, жүктi және борттық қорларды отырғызу немесе тиеу кезiнде тексеру үшiн тиiстi шаралар қолдануды қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Тарап, сондай-ақ екiншi Тараптың нақты қатер жағдайында арнайы қауiпсiздiк шараларын қабылдау туралы кез келген өтiнiшiн ниеттестiкпен қарайды.
2. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға немесе әуе кемелерiнiң, оның жолаушылары мен экипажына, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсiздігiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз iс-әрекеттерге байланысты қауiп немесе қауiп-қатерi туындаған жағдайда, Тараптар байланысты жеңiлдету арқылы ондай қауiп немесе қауіп-қатерiн жылдам және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқа да тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмектесетiн болады.
16-бап. Статистикалық мәліметтерді ұсыну
1. Әрбiр Тараптың авиациялық өкiмет орындары екiншi Тараптың сұрауы бойынша мерзiмi немесе басқа да статистикалық мәлiметтердi береді.
2. Осындай статистикалық мәлiметтер осындай тасымалдарды жөнелту пунктi немесе белгiленген пунктi бойынша ақпаратты қоса алғанда шарттық желiлер бойынша тағайындалған авиакәсіпорындар жасайтын тасымалдар көлемiн анықтау үшiн қажеттi ақпараттан тұруы тиiс.
17-бап. Консультация
Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн Тараптардың авиациялық өкiмет орындары арасында консультациялар жүргiзiлетiн болады.
18-бап. Дауларды реттеу
1. Егер Тараптардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты қандай да бiр дау туындаса, Тараптар оны келiссөздер арқылы реттеуге тырысады.
2. Егер қандай да бiр дауды жоғарыда аталған түрде шешу мүмкiн болмаса, бұл дау Тараптардың бiрінің өтiнiшi бойынша төрелiк сотқа берiлуi мүмкiн.
3. Осындай төрелік сот әрбiр нақты жағдай үшiн мынадай түрде құрылады. Төрелiк өтiнiштi алған күннен бастап алпыс (60) күннің iшiнде Тараптардың әрқайсысы бiр төрешi тағайындайды. Осы екi төрешi кейiннен Тараптардың өзара келiсiмiмен соттың төрағасы болып тағайындалатын үшiншi мемлекеттiң азаматын анықтайды. Төрағаны тағайындау қалған екi төрешiнi тағайындаған күннен бастап алпыс (60) күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.
4. Егер қажеттi тағайындау осы Баптың 3-тармағында көрсетілген мерзiмде жүргiзілмесе және, егер Тараптар өзге жағдай туралы уағдаласпаған болса, Тараптардың кез келгенi Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесiнiң президентiне кез келген қажеттi тағайындауды жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiре алады. Егер Президент Тараптардың бiрінің мемлекетiнiң азаматы болып табылса немесе өзге себептерге байланысты жоғарыда аталған iс-әрекеттердi жүзеге асыра алмаса, қажеттi тағайындауды жүргiзу құқығы Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесiнiң вице-президентiне берiледi. Егер вице-президент өз кезегiнде Тараптардың бiрiнің азаматы болып табылса немесе жоғарыда аталған әрекеттердi жүзеге асыра алмаса, қажеттi тағайындауды жүргiзу туралы өтiнiш Тараптардың бiрінің мемлекетiнiң азаматы болып табылмайтын Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы Кеңесiнiң келесi қызметi жағынан жоғары мүшесiне жолданады.
5. Осы бапқа сәйкес құрылатын төрелiк сот көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдайды. Осы шешiм екi Тарап үшiн де мiндеттi. Тараптардың әрқайсысы өзi тағайындаған төрешiнiң шығыстарын және өзiнiң төрелiк сот iсiн жүргiзуге қатысуына байланысты шығыстарды көтередi. Төрағаның шығыстары және ескерiлмеген шығыстар Тараптар арасында тең бөлiнетiн болады.
19-бап. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Егер Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң және оған Қосымшаның ережелерiне қатысты қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге ниет бiлдiрсе, ол екiншi Тараптан консультация өткiзуге сұрау салуы мүмкiн. Осындай консультация Тараптардың авиациялық өкімет орындары арасында келiссөздер немесе хат алмасу арқылы жүргізiлуi мүмкiн және егер Тараптардың тек авиациялық өкiмет орындары осы мерзiмдi ұзарту туралы уағдаласпаса, оны өткiзуге екiншi Тарап сұрау салуды алған күннен бастап 60 (алпыс) күннiң iшiнде басталуы тиiс. Осындай тәсілмен келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнің 22-бабының ережелерiне сәйкес күшiне енедi.
2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
3. Бағыттар кестесiндегi өзгерiстер Тараптардың авиациялық өкiмет орындары арасында тiкелей келiсіледi және оларды дипломатиялық арналар арқылы растағаннан кейiн дереу күшiне енедi.
20-бап. Тіркеу
Осы Келiсiм, оған енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымында тiркеуге жатады.
21-бап. Қолданылу мерзімі
1. Осы Келiсiм шектелмеген мерзiмге жасалды.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату ниетi туралы хабарлай алады. Мұндай хабарлама сонымен бір мезгiлде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жiберiлуi тиiс. Егер мұндай хабарлама алынса, екiншi Тарап хабарлама алған күннен бастап он екі (12) ай өткен соң, егер тек Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату туралы хабарлама өзара келiсiм бойынша осы мерзiм аяқталғанға дейiн керi қайтарылып алынбаса, осы Келiсiм өз қолданысын тоқтатады. Екiншi Тараптан хабарлама алғаны туралы растау болмаған жағдайда, ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымынан хабарлама алынғаннан кейiн он төрт (14) күннен кейiн алынды деп есептеледi. Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның ережелерi, сол бойынша мiндеттемелер оны қолдану кезiнде туындаған, бiрақ осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтаған сәтте орындалмаған, осы Келiсiмге сәйкес жасалған барлық келiсiм-шарттарға қолданылады.
22-бап. Күшіне енуі
Осы Келісiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бacтап күшiне енедi.
Алматы қаласында 2001 жылғы 26 сәуірде екі данада, әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тілдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердің күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсіндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Эстон Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмге
қосымша
1. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакомпаниялары екi бағытта да мынадай маршруттар бойынша шарттық желiлердi пайдалануға құқылы:
__________________________________________________________________
Жөнелту | Аралық | Жеткізу | Тыс жерлердегi
пункттері | пункттер | пункттері | пункттер
__________________________________________________________________
Қазақстан Эстон
Республикасындағы Республикасындағы
пункттер пункттер
__________________________________________________________________
2. Эстон Республикасының тағайындалған авиакомпаниялары екi бағытта да мынадай маршруттар бойынша шарттық желiлердi пайдалануға құқылы:
__________________________________________________________________
Жөнелту | Аралық | Жеткізу | Тыс жерлердегi
пункттері | пункттер | пункттері | пункттер
__________________________________________________________________
Эстон Қазақстан
Республикасындағы Республикасындағы
пункттер пункттер
__________________________________________________________________
Ескерту:
1. Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында әуедегi бесiншi еркiндiктiң коммерциялық құқықтарын пайдалану Тараптардың авиациялық өкімет орындары арасындағы жеке уағдаластықтың мәнi болып табылады.
2. Осы Қосымшада көзделген пункттердi одан әрi анықтау Тараптардың авиациялық өкiмет орындары арасында өзара келiсу арқылы жүзеге асырылады.
3. Шарттық желiлерде тағайындалған авиакәсiпорындар жасаған коммерциялық келiсiм (орындар тобын беру, кодтарды және басқаларды пайдалану) Тараптардың авиациялық өкiмет орындарының келiсуiне жатады.