Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1286 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-02/923 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) "Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру (қалпына келтiру) мақсаттарында пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 13, 130-құжат);
      2) "Өсiп тұрған сүрек үшін төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкіметінің           
2003 жылғы 22 желтоқсандағы  
N 1286 қаулысымен       
бекiтiлген          

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi, әрi жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.
      Осы Ереженiң күші ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына қолданылады.

      2. Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көруге және зерделеуге байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.

      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектеледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

      4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерiнiң мұқтаждықтары үшiн жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрi-дәрмектiк шикiзат, өзге де орман ресурстарын жинауына облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілеттiк органның шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етіледi.

      5. Орман пайдаланушылар мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн демалу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу мақсатында пайдаланған кезде мына талаптарды орындайды:
      өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтайды, ағаштар мен бұталардың сынуына және кесiлуiне, орман дақылдарының бүлiнуiне, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының зақымдануына жол бермейдi;
      жабайы өсетін азықтық орман ресурстарын, дәрi-дәрмектік шикiзатты оларды молықтыруға нұқсан келтiрмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинайды, мемлекеттік орман қоры аумағында болудың және орман ресурстарын пайдаланудың Қазақстан Республикасының орман заңнамаларында белгіленген басқа да ережелерiн сақтайды.

      6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық iс-шаралар жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік маршруттармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсатымен басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгiленген тәртiппен үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер (бұдан әрi - объектiлер) сала алады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

      8. Орман пайдаланушыларға мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiндегi объектiлердi олар орман өсiрудi жоспарлау материалдарының құрамында бекiтiлген құрылыс салу жобаларына сәйкес орман пайдалану мерзiмiне салады.
      Объектілердi салу орындары мiндеттi түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізіліп, уәкілеттi органмен келiсiледi.

      9. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде объектiлер орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды көздеуi және жүзеге асыруы тиіс.

      10. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн орман пайдаланушыларға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде олар салған объектілер пайдалану мерзiмi аяқталғаннан кейiн орман пайдаланушылардың есебiнен құлатуға, алып кетуге жатады немесе белгіленген тәртіппен мемлекеттiк орман иеленушiнің теңгерiміне берiледi.

      11. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты мен (немесе) орман билетiнiң ережелерiн өзгертуге:
      1) мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық іс-шараларды белгiленген бағдарлама бойынша жүзеге асыру мүмкiн болмайтын жағдайға душар еткен табиғи апаттардың салдарынан мемлекеттік орман қорының жай-күйi өзгергенде;
      2) егер бұрынғы пайдалану шарттары осы санаттардың мәртебесiмен үйлеспесе, мемлекеттiк орман қоры санатының өзгеруi, олардың ерекше қорғалатын орман аумақтарының құрамына енгізiлуi нәтижесiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануды жүзеге асырудың талаптары мен тәртібi өзгергенде;
      3) мемлекеттiк орман қоры учаскесi мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн iшiнара иелiктен алынғанда жол берiледi.

      12. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 39-41-баптарымен айқындалған тәртіппен және негiздемелер бойынша тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года N 1286. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2016 года № 105

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.02.2016 № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 14 октября 2015 г. № 18-02/923.


      В соответствии со статьей 102 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила пользования участками государственного лесного фонда для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 марта 1994 года N 274 "Об утверждении Положения о порядке пользования участками лесного фонда Республики Казахстан в культурно-оздоровительных (рекреационных) целях" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 13, ст. 130);
      2) пункт 3 изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2002 года N 431 "Об утверждении базовых ставок платы за древесину, отпускаемую на корню, Правил исчисления и внесения в бюджет платы за лесные пользования, а также изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 11., ст. 110).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 22 декабря 2003 года N 1286

Правила пользования участками государственного лесного
фонда для культурно-оздоровительных, рекреационных,
туристских и спортивных целей

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Лесным кодексом Республики Казахстан и регламентируют порядок пользования участками государственного лесного фонда для культурно- оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей физическими и юридическими лицами (далее - лесопользователями).
      Действие настоящих Правил распространяется на государственный лесной фонд, за исключением особо охраняемых лесных территорий.
      2. Пользование участками государственного лесного фонда для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей предполагает использование полезных свойств леса для восстановления и укрепления здоровья людей путем отдыха, лечения, занятия спортом в условиях лесной среды, а также туризма, связанного с посещением и изучением уникальных лесных ландшафтов, памятников природы, культурного и исторического наследия.
      3. Пользование участками лесного фонда в культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целях ограничивается в периоды высокой пожарной опасности в лесу, в интересах ведения селекционно-семеноводческих работ, орехопромыслового и лесоплодового хозяйства, а также при проведении научно-исследовательских работ.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.06.2010 № 604.
      4. Сбор физическими лицами на территории государственного лесного фонда для собственных нужд дикорастущих плодов, орехов, грибов, ягод, лекарственного сырья, иных лесных ресурсов разрешается в пределах норм, утвержденных решением областного представительного органа по представлению областного исполнительного органа.
      5. Лесопользователи при пользовании участками государственного лесного фонда в целях отдыха, участия в культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных мероприятиях выполняют следующие требования:
      соблюдают правила пожарной безопасности, не допускают поломок и порубок деревьев и кустарников, повреждений лесных культур, засорения лесов, повреждения муравейников, гнездовий птиц;
      ведут сбор дикорастущих пищевых лесных ресурсов, лекарственного сырья в сроки и способами, не наносящими ущерба к воспроизводству;
      соблюдают другие правила пребывания на территории государственного лесного фонда и пользования лесными ресурсами, установленные лесным законодательством Республики Казахстан.
      6. Проведение культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных мероприятий на участках государственного лесного фонда осуществляется на специально отведенных участках, оборудованных автостоянками, спортивными площадки, туристическими маршрутами и тропами, другими объектами по разрешению государственного лесовладельца.
      7. При использовании участков государственного лесного фонда в культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целях лесопользователи могут возводить строения, сооружения и другие объекты (далее - объекты) в порядке, установленном Лесным кодексом Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.06.2010 № 604.
      8. Объекты на участках государственного лесного фонда, предоставленных лесопользователям для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей, возводятся ими на срок лесопользования в соответствии с утвержденными в составе материалов лесоустройства проектами застройки.
      Места строительства объектов согласовываются с уполномоченным органом с обязательным проведением государственной экологической и санитарно-эпидемиологической экспертизы.
      9. При размещении, проектировании, строительстве и вводе в эксплуатацию объектов на участках государственного лесного фонда, предоставленных для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей, лесопользователями должны предусматриваться и осуществляться мероприятия, обеспечивающие защиту лесов от отрицательного воздействия сточных вод, промышленных и коммунально-бытовых выбросов, отходов и отбросов.
      10. Объекты, построенные лесопользователями на предоставленных участках государственного лесного фонда им в пользование для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей, по истечении срока пользования подлежат сносу, выносу за счет лесопользователей или передаются в установленном порядке на баланс государственного лесовладельца.
      11. Изменение условий договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда и (или) лесного билета при осуществлении культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей допускается при:
      1) изменении состояния государственного лесного фонда в результате стихийных бедствий, вследствие которых невозможно осуществление культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных мероприятий по намеченной программе;
      2) изменении требований и порядка осуществления пользования участками государственного лесного фонда в результате изменения категории государственного лесного фонда, включения их в состав особо охраняемых лесных территорий, если прежние условия пользования несовместимы со статусом этих категорий;
      3) частичном изъятии участка государственного лесного фонда для государственных надобностей.
      12. Право лесопользования на участках государственного лесного фонда в культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целях может приостанавливается, ограничивается или прекращается в порядке и на основаниях, определенных статьями 39-41 Лесного кодекса Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.06.2010 № 604.