Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы кейбiр заң актiлерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат):
8-бапта:
тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi абзацтар алынып тасталсын;
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";
67-бап алынып тасталсын.
2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат):
Заңның мәтiнi бойынша "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы органдардың", "орталық атқарушы органдар", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк органмен", "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-бапта:
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"epeкшe қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi;";
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"осы аумақтарды пайдаланғаны және ол көрсететiн қызметтер үшiн ақы алудың тәртiбi мен шартын айқындайды;";
9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;
қорық iсi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелердi бекiтедi;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жiбередi;
оның қарауындағы мемлекеттiк мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке ережелерiн бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тiркейді;
оның қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдердi барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi.
10-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тұрған өзге де орталық атқарушы органдардың құзыретi
Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тұрған өзге де орталық атқарушы органдар:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және орындауға қатысады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етеді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып оларды бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып оның қарауындағы мемлекеттiк мекеме нысанындағы құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы үлгі ережелердi бекiтеді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын жасайды және тiркеуге жiбереді;
өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын ұйымдастырады;
өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша күзет қызметiн құрады және оларға мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етеді;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
74-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi;";
75-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергіліктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi;";
78-баптың 1-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ғылым, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық қызметте заңды және жеке тұлғаларға ақылы қызмет көрсетуден, соның iшiнде ғылыми қызметтерден мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарға қатысудан түскен қаражат;".
Қазақстан Республикасының
Президентi