Жинақтаушы зейнетақы қорлары комиссиялық сыйақысының шектi шамасын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 1331 қаулысы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2004 жылға арналған комиссиялық сыйақысы мынадай шектi шамада:
      инвестициялық кiрiс сомасының 15 пайызынан аспайтын;
      зейнетақы активтерiнiң айына 0,02 пайызынан аспайтын болып белгiленсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об установлении предельной величины комиссионного вознаграждения накопительных пенсионных фондов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2003 года N 1331

      В соответствии с пунктом 1 статьи 48 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить на 2004 год следующую предельную величину комиссионного вознаграждения накопительных пенсионных фондов:
      не более 15 процентов от суммы инвестиционного дохода;
      не более 0,02 процента в месяц от пенсионных активов.

      2. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2004 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан