Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1378 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының  3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен бiрлесiп бес ай мерзiмде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 75 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 42-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 30-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1378 қаулысымен   
бекiтілген   

Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу ережесi Жалпы ережелер

      1. Осы ереже мемлекеттiк су кадастрын (МСК) жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.

      2. MCK су объектiлерiнiң жай-күйi, оларды пайдалану мен қорғаудың Қазақстан Республикасының бiртұтас су қорын құрайтын олардың су ресурстары туралы жүйеге келтiрілген, ұдайы толықтырылатын әрi нақтыланатын мәлiметтер жиынтығы болып табылады, сандық пен сапалық көрсеткiштер, су пайдаланушылар бойынша су мониторингiнің деректерiн қамтиды және мынадай үш бөлiмнен тұрады:
"Жер бeті сулары", "Жер асты сулары", "Суды пайдалану".

Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртiбi

      3. МСК-ны жүргiзудi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау (жер бетi сулары бойынша) саласындағы орталық атқарушы органмен және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органмен (жep асты сулары бойынша) бiрлесiп жүзеге асырады.
      МСК деректерi өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдep, су шаруашылығы бассейндерi мен учаскелерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас, ал жер асты сулары бөлiмi бойынша қосымша - гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер бойынша жүйеге келтiріледi әрi басып шығарылады.

      4. МСК жүргізу кезiнде:
      жер бетi суларының ресурстары, олардың сапасы мен табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтiң әсерінен өзгеруi туралы - мемлекеттiк және мемлекетаралық маңызы бар су объектілерi мен олардың учаскелерi, өзендер, теңiздер, мұздақтар мен көлдер бассейндерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас;
      жер асты суларының ресурстары мен қорлары, олардың деңгейлерi мен суды iріктеп алу, жер асты суларының гидродинамикалық көрсеткіштерi мен сапасы, олардың табиғи жағдайларда және шаруашылық қызметтің әсерiнен өзгеруi туралы - жер асты суларының учаскелерi мен кен орындары, сулы жиектерi, гидрогеологиялық өңiрлер мен бассейндер, су шаруашылығы учаскелерi мен өзендер бассейндерi бойынша, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас;
      су пайдалану туралы - мемлекеттік маңызы бар iшкi теңiздер, өзендер бассейндерi бойынша, су шаруашылығы учаскелерi, экономикалық аудандардың аумақтары, облыстар және Қазақстан Республикасы бойынша тұтас, сондай-ақ су пайдалану түрлерi мен экономика салалары бойынша деректер қорытылады.

      5. МСК-ны бөлiмдер бойынша жүргiзу Қазақстан Республикасының МСК автоматтандырылған жалпы ақпараттық жүйесi шеңберiнде автоматтандырылған ақпараттық салалық жүйелер пайдаланылып жүзеге асырылады.

      6. МСК жүргiзу жүйесiнің бiртұтастығын (тиiстi бөлiмдер бойынша) қамтамасыз ету және жалпы мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру үшiн су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган оның құрамына тепе-теңдiк негiзде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органның, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның өкiлдерi енетiн үйлестiру-сарапшылық кеңесiн құрады.

      7. МСК-ны бөлімдер бойынша жүргiзу әдiстерiн және деректер құрамын, МСК-ны басып шығарудың нысандары мен мерзiмiн үйлестiру-сарапшылық кеңесiнiң ұсынуы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен бiрлесiп бекiтетiн нұсқаулықта айқындалады.

      8. MCK жүргізу үшiн:
      ақпарат жинау, оны бақылау, өңдеу, сақтау, автоматтандырылған деректер банкiн қалыптастыру әрi ақпаратты iске асыру;
      мемлекеттiк су кадастрының деректер банкiн қалыптастыру әрi жүргiзу жөнiндегi әдістерді, алгоритмдердi және машиналық бағдарламаларды әзiрлеу мен жүргiзу;
      мемлекеттiк су кадастрын жетiлдiру мен жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасау, оларды жоспарлау мен бақылау;
      мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқамалар мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу;
      су ресурстарын (cу пайдалану) және олардың шаруашылық қызмет әсерiнен өзгеруiн ағымдағы және перспективалық бағалау;
      мемлекеттiк су кадастры басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындау;
      мемлекеттік су кадастрын жүргізудiң ұйымдық құрылымы мен тәртiбiнiң және автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң жалпы қағидаттарын және ғылыми-әдістемелік негiздерiн әзiрлеу;
      мемлекеттiк су кадастрын жетілдiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстары;
      ведомствоаралық ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

      9. МСК басылымдарын баспасөзге шығаруға және жариялауға дайындауды су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қатысуымен жүзеге асырады.

      10. Материалдарды сақтау қағазда және электронды деректер банкiнде жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил ведения государственного водного кадастра

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1378. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1108

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2015 № 1108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра сельского хозяйства РК от 31.07.2015 г. № 19-1/718.      

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 36 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного водного кадастра.

      2. Комитету по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с Министерством охраны окружающей среды Республики Казахстан и Комитетом геологии и охраны недр Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан в пятимесячный срок разработать и утвердить инструкцию по ведению государственного водного кадастра Республики Казахстан.

      3. Признать утратившими силу:
      1) постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 января 1995 года N 75 "Об утверждении Порядка ведения государственного водного кадастра" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 3, ст.42);
      2) пункт 30 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 августа 1996 года N 1031 "О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 35, ст.327).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

  Утверждены                  
постановлением Правительства         
Республики Казахстан             
от 31 декабря 2003 года N 1378       

Правила
ведения государственного водного кадастра

Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок ведения государственного водного кадастра (далее - ГВК).
      2. ГВК представляет собой систематизированный, постоянно пополняемый и уточняемый свод сведений о состоянии, использовании и охране водных объектов, об их водных ресурсах, составляющих единый водный фонд Республики Казахстан, включает данные мониторинга вод по количественным и качественным показателям, водопользователям и состоит из трех разделов: "Поверхностные воды", "Подземные воды", "Использование вод".

Порядок ведения государственного водного кадастра

      3. Ведение ГВК осуществляется уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда совместно с центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды (по поверхностным водам) и уполномоченным органом по использованию и охране недр (по подземным водам).
      Данные ГВК систематизируются и издаются по бассейнам рек, морей, ледников и озер, водохозяйственным бассейнам и участкам, по областям и Республике Казахстан в целом, а по разделу подземных вод дополнительно - по гидрогеологическим регионам и бассейнам.
      4. При ведении ГВК обобщаются данные:
      о ресурсах поверхностных вод, их качестве и изменении в естественных условиях и под влиянием хозяйственной деятельности - по водным объектам и их участкам, бассейнам рек, морей, ледников и озер государственного и межгосударственного значения, областям и Республике Казахстан в целом;
      о ресурсах и запасах подземных вод, уровнях и водоотборе, гидродинамических показателях и качестве подземных вод, их изменениях в естественных условиях и под влиянием хозяйственной деятельности по участкам и месторождениям подземных вод, водоносным горизонтам, гидрогеологическим регионам и бассейнам, водохозяйственным участкам и бассейнам рек, областям и Республике Казахстан в целом;
      об использовании вод - по бассейнам внутренних морей, рек государственного значения, водохозяйственным участкам, территории экономических районов, областям и Республике Казахстан в целом, а также по видам водопользования и отраслям экономики.
      5. Ведение ГВК по разделам осуществляется с использованием отраслевых автоматизированных информационных систем в рамках общей автоматизированной информационной системы ГВК Республики Казахстан.
      6. Для обеспечения единства системы ведения ГВК (по соответствующим разделам) и координации работ по ведению общего государственного водного кадастра создается уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда координационно-экспертный совет, в состав которого на паритетных началах входят представители уполномоченного органа в области использования и охраны водного фонда, уполномоченного органа по использованию и охране недр и центрального исполнительного органа в области охраны окружающей среды.
      7. Методы ведения ГВК по разделам и состав данных, формы и сроки изданий ГВК определяются инструкцией, совместно утверждаемой уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда, уполномоченным органом по использованию и охране недр и центральным исполнительным органом в области охраны окружающей среды по представлению координационно-экспертного совета.
      8. Для ведения ГВК осуществляются:
      сбор, контроль, обработка, хранение информации, формирование автоматизированных банков данных и реализация информации;
      разработка и совершенствование методов, алгоритмов и машинных программ по формированию и ведению банка данных государственного водного кадастра;
      руководство, планирование и контроль исполнения работ по совершенствованию и ведению государственного водного кадастра;
      разработка инструкций, методических указаний по ведению государственного водного кадастра и других нормативно-технических документов;
      текущая и перспективная оценка водных ресурсов (использование вод) и их изменения под влиянием хозяйственной деятельности;
      подготовка к печати и публикации изданий государственного водного кадастра;
      разработка общих принципов и научно-методических основ организационной структуры и порядка ведения государственного водного кадастра и автоматизированной информационной системы;
      научно-исследовательские работы по совершенствованию государственного водного кадастра;
      межведомственный обмен информацией.
      9. Подготовка и публикация изданий ГВК осуществляются уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда при участии уполномоченного органа по использованию и охране недр и центрального исполнительного органа в области охраны окружающей среды.
      10. Хранение материалов осуществляется на бумажных носителях и в электронном банке данных.