Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулыға 376-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлердi даярлауды қаржыландыру. Студенттердiң жылдық орташа саны - 5500 (оның iшiнде Қорғаныс министрлiгiнiң рұқсат қағазы бойынша жылдық орташа қабылдау - 1333).";
көрсетiлген қаулыға 388-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-бағандағы "Халықаралық нашақорлыққа қарсы күресу күнiне арналған шаралар өткiзу; Нашақорлыққа қарсы тақырыпқа 2-конкурс, 1-жарыс өткiзу; Радиохабарлар, дөңгелек столдар, 4-конференция өткiзу" деген сөздер "студент және оқушы жастардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткiзу; нашақорлық проблемаларын көрсететiн бейнематериалдар дайындау, шығару және эфирде орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 408-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-баған ", жиынтықтағы коммутатор - 5 дана" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi