Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:
2-тармақ ", "Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің салдарларын жою және әлеуметтік маңызды объектілердi қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 793 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесінің 5-бағанының реттiк нөмiрі 2-жолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының қазынашылық бөлімі ғимаратының сейсмологиялық төзімділігін күшейтуді жүргізу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен басып күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі