Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 626-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмiрi 1-жолдың 5-бағанындағы, "Иран Ислам Республикасы - 2 рейс, Пәкiстан Ислам мемлекеті (Ауғанстан) -
8 рейс, Монғолия - 5 рейс, Түрiк Республикасы - 4 рейс" деген сөздер "Иран Ислам Республикасы - 2 рейс, Өтпелi Ауғанстан Ислам Мемлекеті - 2 рейс, Монғолия - 10 рейс, Түрiк Республикасы -
4 рейс" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі