Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 614-қосымшада :
5-тармақтағы "міндеттері:" деген сөзден кейін "жергілікті соттардың судьялары үшін компьютерлер, принтерлер, автокөліктер, пәтерлер сатып алу;" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі шаралар" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Саны 215 дана компьютерлер; саны 205 дана принтерлер; саны 109 бірлік, оның ішінде қозғалтқыштар көлемі 1600-ден 2000 т.см. дейін - 72 бірлік, 2000-нан 2500 т.см. дейін - 35 бірлік, 2500 т.см. жоғары - 2 бірлік автокөліктер; жергілікті соттардың судьялары үшін 70 пәтер сатып алу. 60 ғимаратты және үй-жайларды күрделі жөндеуден өткізу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі