Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.10.06. N 962 қаулысымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 21 қаңтардағы   
N 63 қаулысымен      
бекiтілген      

  Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және
дәрілік заттармен қамтамасыз етудiң ережесi

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Ереже мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен (бұдан әрi - тауарлар) қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгілейдi.
      3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын (бұдан әрi - ұйымдар) жарақтандыруға арналған тауарлар халықтың ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу мақсатында сатып алынады.

  2-тарау. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету тәртiбi

      4. Ұйымдарды тауарлармен қамтамасыз ету халықтың аурушаңдығының үрдiсi мен серпiнi, ауруларды диагностикалау мен емдеудiң озық әдiстерi, орын алған эпидемиологиялық ахуал ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
      5. Жыл сайын, 1 мамырға дейiн ұйымдар тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органына (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) есептi жылдан кейiнгi жылға арналған тауарларға қажеттiлiктi ұсынады.
      6. Бұйымдардың тауарларға жалпы қажеттілiгiн қалыптастыру:
      1) ұсынылған қажеттілiк деректерi;
      2) тауарлардың өткен мерзiм ішінде нақты пайдаланылу мониторингi;
      3) клиникалық сынақтар хаттамалары;
      4) қолдану қауiпсiздiгi, пайдалану тиiмділігі және тауарлардың сапасы туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
      7. Ұйымдарды қамтамасыз ету үшiн сатып алынатын тауарлардың номенклатурасы мен көлемiн тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген қаражат шеңберiнде бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсі бекiтедi.
      8. Ұйымдарды қамтамасыз ету үшiн тауарларды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi жүзеге асырады. Бұл ретте тиiстi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар үшiн бiр тектес тауарларды мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы болуға құқылы.
      9. Ұйымдарды орталықтандырылып сатып алынған тауарлармен қамтамасыз eту ұсынылған өтінімдерге сәйкес бюджеттiк бағдарлама әкімшісiнің басшысы бұйрығының негiзiнде жүзеге асырылады.
      10. Конкурстардың жеңiмпаздары сақтау, тасымалдау, сақтандыру шарттарын және мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көздеген өзге де нормаларды сақтай отырып, тауарларды ұйымдарға жеткiзудi жүзеге асырады.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған тауарлар бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi айқындайтын тәртіппен және нысанда есепке алуға жатады.
      12. Тауарларды есепке алу, сақтау мен мақсатты пайдаланудың белгіленген шарттарын қамтамасыз ету жауапкершiлiгі ұйым басшысына жүктеледi.

Об утверждении Правил обеспечения государственных организаций здравоохранения медицинским оборудованием, изделиями медицинского и санитарно-гигиенического назначения и лекарственными средствами, закупаемыми централизованно за счет средств республиканского бюджета

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2004 года N 63. Утратило силу постановлением Правительства РК от 6 октября 2006 года N 962.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 06.10.2006 № 962.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июня 2003 года "О системе здравоохранения" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила обеспечения государственных организаций здравоохранения медицинским оборудованием, изделиями медицинского и санитарно-гигиенического назначения и лекарственными средствами, закупаемыми централизованно за счет средств республиканского бюджета.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 января 2004 года N 63

Правила
обеспечения государственных организаций здравоохранения
медицинским оборудованием, изделиями медицинского и
санитарно-гигиенического назначения и лекарственными
средствами, закупаемыми централизованно за счет средств
республиканского бюджета
Глава 1. Общие положения

      1. Правила обеспечения государственных организаций здравоохранения медицинским оборудованием, изделиями медицинского и санитарно-гигиенического назначения и лекарственными средствами, закупаемыми централизованно за счет средств республиканского бюджета (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июня 2003 года "О системе здравоохранения".

      2. Настоящие Правила устанавливают порядок обеспечения государственных организаций здравоохранения медицинским оборудованием, изделиями медицинского и санитарно-гигиенического назначения и лекарственными средствами, закупаемыми за счет средств республиканского бюджета (далее - товары).

      3. Товары, предназначенные для оснащения государственных организаций здравоохранения (далее - организации), закупаются в целях выявления, лечения и профилактики заболеваний населения.

Глава 2. Порядок обеспечения товарами организаций

      4. Обеспечение организаций товарами осуществляется с учетом тенденции и динамики заболеваемости населения, передовых методов диагностики и лечения заболеваний, сложившейся эпидемиологической ситуации.

      5. Ежегодно, в срок до 1 мая, организациями в центральный исполнительный орган Республики Казахстан, являющийся администратором соответствующих республиканских бюджетных программ (далее - администратор бюджетной программы), представляется потребность в товарах на год, следующий за отчетным.

      6. Формирование общей потребности организаций в товарах осуществляется на основании:

      1) данных представленной потребности;

      2) мониторинга фактического использования товаров за истекший период;

      3) протоколов клинических испытаний;

      4) данных о безопасности применения, эффективности использования и качестве товаров.

      7. Номенклатура и объем товаров, закупаемых для обеспечения организаций, утверждаются администратором бюджетной программы в рамках средств, предусмотренных паспортами бюджетных программ на соответствующий финансовый год.

      8. Закупки товаров для обеспечения организаций осуществляются администратором бюджетной программы в порядке, установленном законодательством о государственных закупках. При этом, администратор соответствующей бюджетной программы вправе выступать единым организатором конкурса по государственным закупкам однородных товаров для подведомственных государственных предприятий в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках".

      9. Обеспечение организаций товарами, закупленными в централизованном порядке, осуществляется на основании приказа руководителя администратора бюджетной программы в соответствии с представленными заявками.

      10. Победители конкурсов осуществляют доставку товаров организациям с соблюдением условий хранения, транспортировки, страхования и иных норм, предусмотренных в договоре о государственных закупках.

Глава 3. Заключительные положения

      11. Товары, закупленные за счет средств республиканского бюджета, подлежат учету в порядке и форме, определяемых администратором бюджетной программы.

      12. Ответственность за учет, обеспечение установленных условий хранения и целевое использование товаров возлагается на руководителя организации.