Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1996 жылғы 25 шілдедегі N 7 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының атауындағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспеде:
"Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақта:
бірінші абзацта "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заң" деген сөздер "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңы (бұдан әрі - Заң)" деген сөздермен ауыстырылсын, "(АК 12-бабы)" деген сөздер "(Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі - АК)" деген сөздермен ауыстырылсын, "яғни" деген сөзден кейін үтір қойылсын;
4) 4-тармақта:
"сот" деген сөз алынып тасталсын; "талап арыздарды арызданушылардың, немесе жауапкердің тұрған жерінде, не шарт жасалған немесе орындалған жерде қарайды." деген сөздер "талап арыздар арызданушының немесе жауапкердің тұрған жерінде не шарт жасалған немесе орындалған жерде қаралады." деген сөздермен ауыстырылсын;
"АІЖК-нің 129-бабының 7-тармағын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 154-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын, "талап арыздан бас тартуға" деген сөздер "талап арызды қайтаруға" деген сөздермен ауыстырылсын, "АІЖК 118-бабына" деген сөздер "АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-тармақта:
бірінші абзацта "АІЖК 129-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартады" деген сөздер "АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қайтарады" деген сөздермен ауыстырылсын, "соттан тыс" деген сөздер "соттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші абзацта "АІЖК 80-бабының 8-тармағына сәйкес" деген сөздер "АІЖК-нің 104-бабының бірінші бөлігіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 501-бабының 11) және 15) тармақшаларына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; осы абзацтағы "мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдар жанындағы тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі органдардан, тұтынушылар мүддесіндегі талап арызды берген тұтынушылардың өздері өз құқықтарының бұзылуымен байланысты талап арыздар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылмайды." деген сөздер "тұтынушылардың мүддесін қорғап талаптар қойған мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі органдардан, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарынан мемлекеттік баж өндірілмейді." деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "90, 94, 95" деген цифрлар тиісінше "110, 115, 116" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) 7-тармақта:
"дайындаушыдан (орындаушылардан, сатушыдан) тиісті бюджет кірісіне талап бағасы мөлшерінде айыппұл өндіріп алу туралы және" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші сөйлем мына редакцияда жазылсын:
"Осындай талаптар жөніндегі істер, АІЖК-нің 30-бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.";
7) 8-тармақта:
екінші абзацта "126" және "130" деген цифрлар тиісінше "150", "155" деген цифрлармен ауыстырылсын;
8) 9-тармақта:
"баға және Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет пен оның аумақтық органдарын, сондай-ақ Мемсанэпид қадағалау, Экиобиоресурстар министрлігі және басқа" деген сөздер алынып тасталсын; "АІЖК 32-бабына" деген сөздер "АІЖК-нің 57-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 13-тармақта:
бірінші абзацта "452, 455-459, 460 және 461-баптарының" деген сөздер "47-тараудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 14-тармақта:
үшінші абзацта "заңда" деген сөз "Заңда" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы, |
жалпы отырыс хатшысы |