Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы 19-2/510 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесi;
      2) Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. "Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 931 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 105 қаулысымен   
бекiтiлген     

Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу
Ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзiрлендi және су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу тәртiбін белгiлейдi.
      2. Олар бойынша жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкін болатын әрi орынды су объектiлерi кеме жүзетiн су жолдары санатына жатады.
      3. Iшкi су жолдары навигация кезеңiнің белгiленген мерзiмiнде олардың тиесілілігі мен меншiк нысанына қарамастан кемелердiң iркіліссiз әрi қауiпсiз жүзуi үшiн кеме жүзуінің тиiстi габариттерін, кеме жүзетiн гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердiң) жұмыс iстеуiн, су жолдарын пайдалану кезінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.
      4. Су жолдары арқылы жүк пен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгін әрi орындылығын көлiк, коммуникация кешенiнде басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрi - орталық атқарушы орган) айқындайды.
      5. Орталық атқарушы орган су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу және су объектілерін немесе олардың бiр бөлігін (шекарасын көрсетiп) кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының тiзбесiне енгiзу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
      6. Ұсыныстар негiздемелердi қамтиды, оларда:
      тасымалдау мен негiзгi жүк ағындарының көлемi;
      тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның атауы;
      жол габариттерінің қысқаша сипаттамасы;
      су жолдарын пайдаланудың ерекшелiктерi;
      су жолдарына қызмет көрсету жөніндегi ұсыныстар;
      су жолын ұстау шығындарының есептеулерi;
      су объектiсінің схематикалық жоспары мен гидрологиялық сипаттамасы көрсетiлуi тиiс.
      7. Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу жөнiндегi ұсыныстар:
      су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен;
      қоршаған ортаны қорғау саласындығы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 105 қаулысымен   
бекiтiлген    

Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының
Тізбесі

      1. Қара Ертiс өзенi (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) Зайсан көлi - Ертiс өзенi Бұқтарма, Өскемен және Шульба су қоймаларымен бiрге (Ресей Федерациясымен шекараға дейiн).
      2. Iле өзенi, Қапшағай су қоймасымен бiрге Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап Қапшағай CЭC бөгетiне дейiн.
      3. Жайық-Каспий арнасы.
      4. Балқаш көлi.
      5. Есiл өзенi, Петропавл су қоймасының бөгетiнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне дейiн.
      6. Қиғаш өзенінің учаскесi (Волга өзенiнің саласы) Қазақстан Республикасының аумағы.
      7. Жайық өзенiнің учаскесi, Ресей Федерациясынан бастап оның сағасына дейiн.
      8. Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнің маңы.
      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1318 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Правил отнесения водных объектов к категории судоходных и перечня судоходных водных путей, открытых для судоходства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2004 года N 105. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 02.06.2015 г. № 19-2/510.


      В соответствии со статьей 105 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила отнесения водных объектов к категории судоходных;
      2) перечень судоходных водных путей, открытых для судоходства.

      2. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 августа 1994 года N 931 "О порядке отнесения водных путей к категории судоходных".

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 29 января 2004 года N 105

Правила
отнесения водных объектов к категории судоходных

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан и определяют порядок отнесения водных объектов к категории судоходных.
      2. К категории судоходных относятся водные объекты, по которым возможно и целесообразно осуществление перевозок грузов и пассажиров.
      3. Внутренние водные пути должны обеспечивать в установленные сроки навигационного периода соответствующие габариты судовых ходов для бесперебойного и безопасного плавания судов, независимо от их принадлежности и форм собственности, функционирование судоходных гидротехнических сооружений (шлюзов), выполнение экологических, санитарно-эпидемиологических требований при эксплуатации водных путей.
      4. Возможность и целесообразность осуществления перевозок грузов и пассажиров по водным путям определяет центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в транспортном, коммуникационном комплексе (далее - центральный исполнительный орган).
      5. Центральный исполнительный орган подготавливает предложения об отнесении водных объектов к категории судоходных и включении водных объектов или их частей (с указанием границ) в перечень судоходных водных путей, открытых для судоходства и вносит их на рассмотрение Правительства Республики Казахстан.
      6. Предложения включают обоснования, в которых должны быть отражены:
      объемы перевозок и основных грузопотоков;
      наименование организации, осуществляющей перевозки;
      краткая характеристика габаритов пути;
      особенности эксплуатации водных путей;
      предложения по обслуживанию водных путей;
      расчеты затрат на содержание пути;
      схематический план и гидрологическая характеристика водного объекта.
      7. Предложения по отнесению водных объектов к категории судоходных согласовываются с:
       уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда;
       центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области охраны окружающей среды;
       уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 29 января 2004 года N 105

Перечень
судоходных водных путей, открытых для судоходства

      1. Река Черный Иртыш (от границы с Китайской Народной Республикой) озеро Зайсан - река Иртыш с Бухтарминским, Усть-Каменогорским и Шульбинским водохранилищами (до границы с Российской Федерацией).
      2. Река Или с Капшагайским водохранилищем в пределах от границы Китайской Народной Республики до плотины Капчагайской ГЭС.
      3. Урало-Каспийский канал.
      4. Озеро Балхаш.
      5. Река Ишим от плотины Петропавловского водохранилища до поселка Приишимка Северо-Казахстанской области.
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения постановлением Правительства РК от 29 декабря 2006 года № 1318.
      6. Участок реки Кигач (рукав реки Волга) на территории Республики Казахстан.
      7. Участок на реке Урал от границы с Российской Федерацией до ее устья.
      8. Река Сыр-Дарья в районе города Кызылорда и паромных переправ.