"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес полиция учаскелік инспекторларының ақшалай үлесін және материалдық-техникалық жарақтандырылуын ұлғайтуға арналған мақсатты трансферттер облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөлінген ақша қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 24 ақпандағы
N 215 қаулысына
қосымша
Полиция учаскелік инспекторларының ақшалай үлесін және материалдық-техникалық жарақтандырылуын ұлғайтуға арналған мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу туралы
___________________________________________________________________
Р/с | Облыстар мен қалаларының | Шығыстар | оның ішінде
N | атауы | сомасы |______________________
| |(мың теңге)| Еңбекке | Алып
| | |және банктік| жүретін
| | | қызмет |радиостан.
| | |көрсетулерге| цияларды
| | | ақы төлеу | сатып
| | | қорын | алуға
| | | ұлғайтуға |
___________________________________________________________________
1 Ақмола облысы 55895 52717 3178
2 Алматы облысы 63524 58954 4570
3 Ақтөбе облысы 34466 31884 2582
4 Атырау облысы 18828 17239 1589
5 Шығыс Қазақстан
облысы 62588 58616 3972
6 Жамбыл облысы 47565 44385 3180
7 Батыс Қазақстан
облысы 37697 35313 2384
8 Қарағанды облысы 80407 74247 6160
9 Қостанай облысы 60989 56619 4370
10 Қызылорда облысы 32001 29498 2503
11 Маңғыстау облысы 19251 17461 1790
12 Павлодар облысы 42099 39318 2781
13 Солтүстік Қазақстан
облысы 37408 34428 2980
14 Оңтүстік Қазақстан
облысы 60337 56166 4171
15 Астана қаласы 14876 14676 200
16 Алматы қаласы 48069 45685 2384
___________________________________________________________________
Жиыны: 716000 667206 48794
___________________________________________________________________