Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әскери лазарет, Орал қаласы" мемлекеттік мекемесі "Әскери госпиталь, Ақтөбе қаласы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) болып қайта аталсын.
2. Мемлекеттік мекеменің орналасатын жері Ақтөбе қаласы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. Құпия.
5. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі