Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлеріне бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 39-құжат):
8-бапта:
к) тармақшасында "есепке алу" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы к-1) және к-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"к-1) барлық қаржылық ұйымдар орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп және осы қаржылық ұйымдар жасайтын операцияларды автоматтандырудың жүйелері мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілiк туралы заңнамасының талаптарын және бухгалтерлiк есеп стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
к-2) қаржылық ұйымдардың жасайтын операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды осы қаржылық ұйымдардың сақтауын, оның iшiнде уәкілеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексеру жолымен бақылауды жүзеге асырады;";
л-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық есептілiктiң халықаралық стандарттарға сай келетiн тiзбенi, нысандарын, қаржылық ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының табыс ету мерзiмдерiн және тәртiбiн белгiлейдi;".
2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 139-құжат):
1) 54-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлімi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шоғырландырылған негізде есеп берудi қоса алғандағы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сай келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс етiлу мерзiмдерi мен тәртібiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгiлейді.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда, шоғырландырылған негiзде есеп берудi қоса алғандағы есептiлiктiң тiзбесiн, нысандарын, табыс етiлу мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті орган белгiлейдi.";
2) 55-бапта:
"уәкілеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
3-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қаржылық ұйымдарда бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудi нормативтiк құқықтық актілердi және оларға әдiстемелiк нұсқаулықтарды қабылдау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, ал Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген жағдайда қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттік органмен келiсiм бойынша жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын енгiзу жөнiндегi, ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесіп бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргізеді;";
6-тармақтың 1) тармақшасының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаржылық ұйымдар үшін:".
4. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат):
41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртiппен қаржы есебiн және өзге есеп пен өз қызметi туралы өзге де ақпаратты жариялау, бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысы жөнiнде кепiлдiктер немесе уәделер орын алатын ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен жариялануға тыйым салынған өзге де мәлiметтердi жариялауға рұқсат етілмейдi;".
5. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат):
1) 43-баптың 11) және 20) тармақшалары алынып тасталсын;
2) 74-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шоғырландырылған негізде қаржылық есептi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң қаржы есебiнiң тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмi мен тәртібiн уәкілеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қаржылық және статистикалық есептi қоспағанда, шоғырландырылған негiзде есептi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң есептiң тiзбесiн, нысандарын, табыс етілу мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілеттi орган белгілейдi.";
3) 76-бапта "уәкілеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "уәкілеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлік есепке алу туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 12, 116-құжат):
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен анықталатын жекелеген ұйымдар үшiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
акционерлiк қоғамдар мен ұлттық компаниялар үшін 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;
өзге ұйымдар үшiн 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 5-тармағын қоспағанда, ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.".
7. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат):
9-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қаржы және статистикалық есептiлiктi қоспағанда, есептiлiктiң тiзбесiн, нысандарын, және қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейдi;";
7) тармақша "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi